Иран Ислам Республикасына iзгiлiк көмегiн көрсету туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 желтоқсандағы N 1353 қаулысы

      Иран Ислам Республикасында 2003 жылғы 26 желтоқсанда болған жер сiлкiнiсiнен зардап шеккен адамдарға ізгiлiк көмегiн көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк материалдық резервтер жөніндегi агенттiгi iзгiлiк көмегiн көрсету үшiн мемлекеттiк материалдық резервтен 1-қосымшаға сәйкес материалдық құндылықтарды шығарсын. <*>
       Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.10.04. N 1021   қаулысымен .
      1-1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi iзгілік көмек көрсету үшiн 2-қосымшаға сәйкес дәрi-дәрмектер мен таңу құралдарын шығарсын. <*>
       Ескерту. 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.04. N 1021   қаулысымен .
      1-2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi iзгілік көмек көрсету үшін 3-қосымшаға сәйкес шатырлар бөлсiн. <*>
       Ескерту. 1-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.04. N 1021   қаулысымен .

      2. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгi iзгiлiк көмек жүгiнiң Алматы қаласынан Иран Ислам Республикасының Керман әуежайына жедел жеткiзiлуiн қамтамасыз етсін.

      3. 2003 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттігіне ізгiлiк жүгiн Иран Ислам Республикасына тасымалдаумен байланысты шығыстарды өтеу үшiн 6940000 (алты миллион тоғыз жүз қырық мың) теңге сомасында ақшалай қаражат бөлiнсiн.

      4. "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының  21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес бөлiнетiн қаражат шегiнде iзгілiк көмек көрсету үшiн сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар Алматы қаласы - Иран Ислам Республикасының Керман әуежайы бағыты бойынша материалдық құндылықтарды авиациялық тасымалдау жөнiндегi қызметтер көрсетушi болып "Эйр Қазақстан" жабық акционерлiк қоғамы белгiленсiн.

      5. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгi 2004 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң резервінен Иран Ислам Республикасына iзгiлiк көмек көрсетумен байланысты материалдық құндылықтардың құнын өтеу үшiн қаражат бөлу туралы шешiмнiң жобасын енгiзсiн.

      6. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi өз құзыретi шегiнде осы қаулыны орындау жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын.

      7. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бөлiнетiн қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсiн.

      8. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы     
Үкіметінің           
2003 жылғы 30 желтоқсандағы  
N 1353 қаулысына       
1-қосымша           

Материалдық құндылықтардың тізбесі

      1. Арнайы жылы киім - 500 дана мақтадан тігілген күрте.
      2. Арнайы жылы киім - 500 дана мақтадан тігілген шалбар.
      3. Арнайы жылы киім - 500 жұп жүн қолғап.
      4. Керзі етік - 500 жұп.
      5. Жылытқыш пеш - 200 дана.
      6. Палатка - 17 дана.      

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнің       
2003 жылғы 30 желтоқсандағы
N 1353 қаулысына   
2-қосымша      

       Ескерту. 2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.04. N 1021   қаулысымен .

Iзгілік көмек көрсетуге арналған дәрі-дәрмектер мен таңу құралдарының тізбесі

      1. Глюкозалар 40 % е-дi 5 мл N 10 - 5802 орама.
      2. Глюкозалар 40 % е-дi 10 мл N 10 - 36 орама.
      3. Кофеин - натрий бензоаты 10 % e-дi 1 мл N 10 - 1080 орама.
      4. Кофеин - натрий бензоаты 20 % е-дi 1 мл N 10 - 540 орама.
      5. Лидокаин 2 % e-дi 2 мл-ден N 10 - 500 орама.
      6. Новакаин 0,5 % e-дi 5 мл-ден N 10 - 10885 орама.
      7. Супрастин 20 мг 1 мл-лiк N 5 - 563 орама.
      8. Стрептоцид (ұнтақ) - 12 килограмм.
      9. Эуфиллин 2,4 % e-дi 10 мл-ден - 300 орама.
      10. Ампициллин натрий тұзы 500 мың бiрлiк - 650 флакон.
      11. Бензилпенициллин натрий тұзы 1 млн. бiрлiк - 12000 флакон.
      12. Бензатин пенициллинi 2,4 млн. бiрлiк - 27021 флакон.
      13. Левомицетин 0,25 N 10 - 3000 орама.
      14. Эритромицин 250 мың бiрлiк N 10 - 2000 конверт.
      15. Полиглюкин 200 мл, 400 мл - 639,6 лит.
      16. Дәкелiк бинт стерилденбеген 7м x 14 см - 11295 дана.
      17. Дәкелiк бинт стерилденбеген 10 см x 14 см - 1963 дана.
      18. Медициналық гигроскопиялық ағартылған дәке - 12000 метр.
      19. Медициналық хирургиялық мақта, көзге арналған - 800 килограмм.
      20. Хирургиялық стерилденген жiбек жiптің ұзындығы 1,25 N 7 - 2000 ампула.
      21. Хирургиялық стерилденген жiбек жіптiң ұзындығы 1,25 N 6 - 3000 ампула.
      22. Хирургиялық стерилденген жiбек жіптiң ұзындығы 1,25 N 4 - 3200 ампула.
      23. Өңделген стерилденген кетгут жiптiң ұзындығы 1,5 м N 4 - 800 ампула.
      24. Өңделген стерилденген кетгут жiптiң ұзындығы 1,5 м N 4 - 2800 ампула.
      25. Өңделген стерилденген кетгут жiптің ұзындығы 1,5 м N 4 - 1400 ампула.
      26. Қан құюға арналған системалар ПК-21-02 - 8470 дана.
      27. Бiр жолғы шприцтер 20 мл. - 2500 дана.

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнің       
2003 жылғы 30 желтоқсандағы
N 1353 қаулысына   
3-қосымша      

       Ескерту. 3-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.04. N 1021   қаулысымен .

Материалдық құндылықтардың (шатырлар) тiзбесi

      1. Шатырлар БСБ - 56 (бiрегей санитарлық-барактық - 1956 жылғы үлгiдегi) - 10 дана.
      2. Шатырлар БСБ - 56 (бiрегей санитарлық-барактық - 1956 жылғы үлгiдегi) - 10 дана.

Об оказании гуманитарной помощи Исламской Республике Иран

Постановление Правительства Республики Kазахстан от 30 декабря 2003 года N 1353

      В целях оказания гуманитарной помощи пострадавшим от землетрясения, произошедшего 26 декабря 2003 года в Исламской Республике Иран, Правительство Республики Казахстан постановляет:


      1. Агентству Республики Казахстан по государственным материальным резервам для оказания гуманитарной помощи выпустить из государственного материального резерва материальные ценности согласно приложению 1. <*>

      Сноска. В пункт 1 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 4 октября 2004 г. N 1021 .


      1-1. Министерству здравоохранения Республики Казахстан для оказания гуманитарной помощи выпустить медикаменты и перевязочные средства согласно приложению 2. <*>

      Сноска. Дополнено пунктом 1-1 - постановлением Правительства РК от 4 октября 2004 г. N 1021 .

      1-2. Министерству обороны Республики Казахстан для оказания гуманитарной помощи выделить палатки согласно приложению 3. <*>

      Сноска. Дополнено пунктом 1-2 - постановлением Правительства РК от 4 октября 2004 г. N 1021 .


      2. Агентству Республики Казахстан по чрезвычайным ситуациям обеспечить оперативную доставку груза гуманитарной помощи из города Алматы до аэропорта Керман Исламской Республики Иран.


      3. Выделить из резерва Правительства Республики Казахстан, предусмотренного в республиканском бюджете на 2003 год на ликвидацию чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера и иные непредвиденные расходы, Агентству Республики Казахстан по чрезвычайным ситуациям денежные средства в сумме 6940000 (шесть миллионов девятьсот сорок тысяч) тенге для возмещения расходов, связанных с транспортировкой гуманитарного груза в Исламскую Республику Иран.


      4. В соответствии с подпунктом 5) пункта 1 статьи 21 Закона Республики Казахстан от 16 мая 2002 года "О государственных закупках" определить поставщиком услуг по авиаперевозке материальных ценностей по маршруту город Алматы - аэропорт Керман Исламской Республики Иран, закупка которых имеет важное стратегическое значение для оказания гуманитарной помощи, закрытое акционерное общество "Эйр Казахстан" в пределах выделяемых средств.


      5. Агентству Республики Казахстан по чрезвычайным ситуациям внести проект решения о выделении средств из резерва Правительства Республики Казахстан, предусмотренного в республиканском бюджете на 2004 год на ликвидацию чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера и иные непредвиденные расходы, для возмещения стоимости материальных ценностей, связанных с оказанием гуманитарной помощи Исламской Республике Иран.


      6. Министерству иностранных дел Республики Казахстан в пределах своей компетенции принять необходимые меры по исполнению настоящего постановления.


      7. Министерству финансов Республики Казахстан обеспечить контроль за целевым использованием выделяемых средств.


      8. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.



      Премьер-Министр

      Республики Казахстан


Приложение 1             

к постановлению Правительства     

    Республики Казахстан        

от 30 декабря 2003 года N 1353 <*> 

      Сноска. В приложение внесены изменения - постановлением Правительства РК от 4 октября 2004 г. N 1021 .


Перечень материальных ценностей


      1. Спецодежда утепленная - куртки ватные 500 штук.

      2. Спецодежда утепленная - брюки ватные 500 штук.

      3. Спецодежда утепленная - рукавицы меховые 500 пар.

      4. Сапоги кирзовые - 500 пар.

      5. Печи обогревательные - 200 штук.

      6. Палатки - 17 штук.



                                               Приложение 2       

к постановлению Правительства      

Республики Казахстан           

от 30 декабря 2003 года N 1353 <*>

      Сноска. Дополнено приложением 2 - постановлением Правительства РК от 4 октября 2004 г. N 1021 .


Перечень медикаментов и перевязочных средств,       предназначенных для оказания гуманитарной помощи


      1. Глюкозы 40 % р-р 5 мл N 10 - 5802 упаковки.

      2. Глюкозы 40 % р-р 10 мл N 10 - 36 упаковок.

      3. Кофеина - бензоата натрия 10 % р-р по 1 мл N 10 - 1080 упаковок.

      4. Кофеина - бензоата натрия 20 % р-р по 1 мл N 10 - 540 упаковок.

      5. Лидокаина 2 % р-р по 2 мл N 10 - 500 упаковок.

      6. Новакаина 0,5 % р-р по 5 мл N 10 - 10885 упаковок.

      7. Супрастин 20 мг в 1 мл N 5 - 563 упаковки.

      8. Стрептоцид (порошок) - 12 килограмм.

      9. Эуфиллина 2,4 % р-р по 10 мл - 300 упаковок.

      10. Ампициллина натриевая соль 500 тыс. ЕД. - 650 флаконов.

      11. Бензилпенициллина натриевая соль 1 млн. ЕД - 12000 флаконов.

      12. Бензатин пенициллина 2,4 млн. ЕД - 27021 флакона.

      13. Левомицетин 0,25 N 10 - 3000 упаковок.

      14. Эритромицин 250 тыс. ЕД N 10 - 2000 конвертов.

      15. Полиглюкин 200 мл, 400 мл - 639,6 литра.

      16. Бинты марлевые н/стирил. 7 м х 14 см - 11295 штук.

      17. Бинты марлевые н/стирил. 10 см х 14 см - 1963 штуки.

      18. Марля медицинская отбельная гигроскопическая - 12000 метров.

      19. Вата медицинская хирургическая, глазная - 800 килограмм.

      20. Шелк хирургический стерильный дл. нити 1,25 N 7 - 2000 ампул.

      21. Шелк хирургический стерильный дл. нити 1,25 N 6 - 3000 ампул.

      22. Шелк хирургический стерильный дл. нити 1,25 N 4 - 3200 ампул.

      23. Кетгут полированный стерильный дл. нити 1,5 м N 4 - 800 ампул.

      24. Кетгут полированный стерильный дл. нити 1,5 м N 4 - 2800 ампул.

      25. Кетгут полированный стерильный дл. нити 1,5 м N 4 - 1400 ампул.

      26. Системы для переливания крови ПК-21-02 - 8470 штук.

      27. Шприц одноразовый по 20 мл. - 2500 штук.



                                                 Приложение 3       

                                        к постановлению Правительства

                                             Республики Казахстан    

                                        от 30 декабря 2003 года N 1353 <*>

      Сноска. Дополнено приложением 3 - постановлением Правительства РК от 4 октября 2004 г. N 1021 .



Перечень материальных ценностей (палатки)


      1. Палатки УСБ-56 (унифицированная санитарно-барачная - образца 1956 года) - 10 штук.

      2. Палатки УСТ-56 (унифицированная санитарно-техническая - образца 1956 года) - 10 штук.