Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігімен тартылған мемлекеттік емес қарыз бойынша қарыз алушыны ауыстыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 желтоқсандағы N 1358 қаулысы

      "Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 тамыздағы Заңының 25-2-бабына сәйкес және "Ауылдық жерлер үшін телекоммуникациялық жабдықтар шығару және жаңарту" жобасын одан әрі іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Ауылдық жерлер үшін телекоммуникациялық жабдықтар шығару және жаңарту" жобасын іске асыру үшін берілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігімен қамтамасыз етілген Корея Эксимбанкінің қарызы бойынша қарыз алушы "Индустриялық парк" ашық акционерлік қоғамын "Қазақтелеком" ашық акционерлік қоғамына ауыстыру мақұлдансын.

      2. "Индустриялық парк" ашық акционерлік қоғамына "Қазақтелеком" ашық акционерлік қоғамымен бірлесіп Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісім бойынша қарыз алушыны ауыстыру үшін қажетті құжаттарды ресімдеуді қамтамасыз ету ұсынылсын.

      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:
      1) Корея Эксимбанкіне қарыз алушыны ауыстыруға байланысты Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N МК 0000032 мемлекеттік кепілдігінің күші сақталатынын растасын;
      2) "Қазақтелеком" ашық акционерлік қоғамымен мемлекет кепілдік берген қарыз бойынша құқықтар мен міндеттемелерді беруге байланысты туындайтын Қазақстан Республикасының алдындағы оның міндеттемелерін қамтамасыз ету туралы тиісті келісім жасасын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне жүктелсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

О замене заемщика по негосударственному займу, привлеченному под государственную гарантию Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2003 года N 1358

      В соответствии со статьей 25-2 Закона Республики Казахстан от 2 августа 1999 года "О государственном и гарантированном государством заимствовании и долге" и в целях дальнейшей реализации проекта "Производство и модернизация телекоммуникационного оборудования для сельской местности" Правительство Республики Казахстан постановляет:

      1. Одобрить замену заемщика по займу Эксимбанка Кореи, обеспеченному государственной гарантией Республики Казахстан, предоставленному для реализации проекта "Производство и модернизация телекоммуникационного оборудования для сельской местности" с открытого акционерного общества "Индустриальный парк" на открытое акционерное общество "Казахтелеком".

      2. Рекомендовать открытому акционерному обществу "Индустриальный парк" совместно с открытым акционерным обществом "Казахтелеком" по согласованию с Министерством финансов Республики Казахстан обеспечить оформление документов, необходимых для замены заемщика.

      3. Министерству финансов Республики Казахстан в соответствии с законодательством Республики Казахстан:
      1) подтвердить Эксимбанку Кореи действие государственной гарантии Республики Казахстан N МК 0000032 от 31 декабря 1998 года в связи с заменой заемщика;
      2) заключить с открытым акционерным обществом "Казахтелеком" соответствующее соглашение об обеспечении его обязательств перед Республикой Казахстан, возникающих в связи с передачей прав и обязательств по гарантированному государством займу.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на Министерство финансов Республики Казахстан.

      5. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан