"Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 тамыздағы Заңының 25-2-бабына сәйкес және "Ауылдық жерлер үшін телекоммуникациялық жабдықтар шығару және жаңарту" жобасын одан әрі іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Ауылдық жерлер үшін телекоммуникациялық жабдықтар шығару және жаңарту" жобасын іске асыру үшін берілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігімен қамтамасыз етілген Корея Эксимбанкінің қарызы бойынша қарыз алушы "Индустриялық парк" ашық акционерлік қоғамын "Қазақтелеком" ашық акционерлік қоғамына ауыстыру мақұлдансын.
2. "Индустриялық парк" ашық акционерлік қоғамына "Қазақтелеком" ашық акционерлік қоғамымен бірлесіп Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісім бойынша қарыз алушыны ауыстыру үшін қажетті құжаттарды ресімдеуді қамтамасыз ету ұсынылсын.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:
1) Корея Эксимбанкіне қарыз алушыны ауыстыруға байланысты Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N МК 0000032 мемлекеттік кепілдігінің күші сақталатынын растасын;
2) "Қазақтелеком" ашық акционерлік қоғамымен мемлекет кепілдік берген қарыз бойынша құқықтар мен міндеттемелерді беруге байланысты туындайтын Қазақстан Республикасының алдындағы оның міндеттемелерін қамтамасыз ету туралы тиісті келісім жасасын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі