Мемлекеттің қаржы қаражатын тиімді пайдалануды арттыру, олардың қайтарымдылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдаудың мемлекеттік қорын қайта құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 шілдедегі N 650 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 22, 189-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
2-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және қайта өңдеу саласында жұмыс істейтін тауар өндірушілерге қарыз беру және лизингке ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтар беру болып табылады деп белгіленсін".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі