"Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің республикалық бюджеттік бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 ақпандағы N 228 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 14-қосымшада:
"Бюджеттік бағдарламаны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары:" деген 6-тармақтың кестесінде:
081-кіші бағдарламаның 5-бағанындағы реттік нөмірі 1-жол "ҚҚС" деген сөзден кейін ", кедендік баждар мен төлемдерді" деген сөздермен толықтырылсын;
080-кіші бағдарламаның 5-бағаны мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Экологиялық мониторинг жүргізу үшін Бағалау есебінің негізінде зертханалық, компьютерлік және географиялық-ақпараттық жүйелік жабдықтар, гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициялар үшін автомашиналар (6 дана) сатып алу".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі