"Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне iшкi iстер органдары қызметiнiң мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiнiң күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 қаңтардағы N 3 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне iшкi iстер органдары қызметiнiң мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiнiң күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне iшкi iстер органдары қызметiнiң мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiнiң күшi жойылды деп тану туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
 

      1. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң iшкi әскерлерi туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 23 маусымдағы Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 11-12, 290-құжат; N 24, 592-құжат; 1993 ж., N 8, 179-құжат; 1995 ж., N 1-2, 17-құжат; N 23, 155-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 7, 79-құжат., N 12, 184-құжат; N 13-14, 205-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; N 24, 436-құжат; 1999 ж., N 8, 233, 247-құжаттар; 2001 ж., N 13-14, 174-құжат; N 20, 257-құжат; N 24, 336-құжат):
      1) 4-баптың үшiншi абзацында:
      "облыстар iшкi iстер басқармаларының" деген сөздер "облыстардағы, астанадағы, республикалық маңызы бар қаладағы iшкi iстер департаменттерiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "тиiстi облыстардың" деген сөздерден кейiн ", астананың, республикалық маңызы бар қаланың" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 13-бапта:
      тақырыбы мен бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "13-бап. Облыстардағы, астанадағы, республикалық маңызы бар
               қаладағы iшкi iстер департаменттерiнiң бастықтары
      Облыстардағы, астанадағы, республикалық маңызы бар қаладағы iшкi iстер департаменттерiнiң бастықтары;";
      екiншi абзацта "Iшкi әскерлер Қолбасшысының" деген сөздер "Iшкi iстер министрiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 27-бапта:
      "iшкi iстер басқармаларының бастықтары" деген сөздер "облыстардағы, астанадағы, республикалық маңызы бар қаладағы iшкi iстер департаменттерiнiң бастықтары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Iшкi әскерлер Қолбасшысының" деген сөздер "Iшкi iстер министрiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын.
 

      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2707 Заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 7, 79-құжат; N 12, 184-құжат; 1998 ж., N 17-18, 225-құжат; N 23, 416-құжат; N 24, 436-құжат; 1999 ж., N 8, 233, 247-құжаттар; N 23, 920-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; 2001 ж., N 13-14, 174-құжат; N 17-18, 245-құжат; N 20, 257-құжат; N 23, 309-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 12, 82-құжат):
      1) тақырыбы және кiрiспе сөзбасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы
      Осы Заң Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының мәртебесiн, өкiлеттiгiн және қызметiн ұйымдастыруды белгiлейдi.";
      2) барлық мәтiн бойынша "Жарлық", "Жарлықпен", "Жарлықтың", "Жарлыққа" деген сөздер тиiсiнше "Заң", "Заңмен" "Заңның", "Заңға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) тараулардың нөмiрленуi араб цифрларымен ауыстырылсын;
      4) 4-баптың бiрiншi абзацында "басқармалары" деген сөз "департаменттерi" деген сөзбен ауыстырылсын;
      5) 4-3 бапта:
      екiншi абзацтағы "гарнизон бойынша" деген сөздер алып тасталсын;
      төртіншi абзацтағы ", оларды пайдалану мен ұстау шығындарын да солар көтередi" деген сөздер алып тасталсын;
      6) 5-баптың 2-тармағындағы екiншi абзацта "басқармаларының" деген сөз "департаменттерiнiң" деген сөзбен ауыстырылсын;
      7) 7-баптың 2-тармағындағы "басқармаларының" деген сөздері "департаменттерiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
      8) 10-баптың 1-тармағынның 27) тармақшасы ", оның iшiнде төтенше жағдайлар кезiнде" деген сөздермен толықтырылсын;
      9) 11-баптың 1-тармақтағы:
      33) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "33) заңды тұлғаларға Үкiмет белгілеген тiзбелер бойынша түрлi-түстi бейнедегi көбейту-көшiру техникасын, жарылғыш, күштi әсер ететiн улы заттарды сатып алуға, сақтауға, тасымалдауға, әкелуге, әкетуге; азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарын, азаматтық пиротехникалық заттарды және оларды пайдалану арқылы жасалған бұйымдарды сақтауға, тасымалдауға, әкелуге, әкетуге; есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласында объектiлердi және үй-жайларды пайдалануға, атыс тирлерi мен стендтерiн ашуға, ал жеке тұлғаларға - азаматтық қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға, сақтау мeн алып жүруге, әкелуге, әкетуге рұқсат беруге;
      азаматтық пиротехникалық заттарды және оларды пайдалану арқылы жасалған бұйымдарды сақтаудың, есепке алудың, пайдаланудың, тасымалдаудың, жоюдың, әкелудiң, әкетудiң ережелерiн белгiлеуге;";
      33-3) тармақшадағы ", санитарлық нормалар мен ережелердi" деген сөздер алып тасталсын;
      33-4) тармақша алып тасталсын;
      10) 17-баптың 1-тармақтағы:
      5) тармақшасы "бұзуына" деген сөзден кейiн "не болмаса мерзiмi өтуiне" деген сөздермен толықтырылсын;
      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "9) әскери-қызмет тәртiбiн өрескел бұзғаны үшiн;";
      11) мынадай мазмұндағы 17-1-баппен толықтырылсын:
      "17-1-бап. Қызметтi өткеруден бас тартуға байланысты
                 шығындардың орнын толтыру
      1. Әскери қызметшi, қызметкер оқу орнын бiтiргеннен кейiн iшкi iстер органдарында қызмет өткеруден бас тартқан немесе өзiнiң қалауы бойынша келiсiм-шартты бұзған жағдайда ол стипендия төлеуге, оқу кезеңiнде тамақтануға және мүлiктiк үлеске жұмсалған бюджеттiк қаражатты мемлекетке қайтаруға мiндеттi. Ұстауға жататын сома келiсiм-шарттың мерзiмi аяқталғанға дейiн әрбiр толық өткерiлмеген айға теңбе-тең есептеледi.
      2. Әскерге шақыру жасына толған және үлгермеуi, тәртiпсiздiгi үшiн, сондай-ақ өз қалауы бойынша оқудан шығарылған Iшкi iстер министрлiгiнiң оқу орындарының курсанттары (тыңдаушылары), егер де олар оқу орнына түскенге дейiн мерзiмдi әскери қызметтiң белгiленген мерзiмiн өткермеген болса, арнайы есептен шығару үшiн тұрғылықты жерiндегi әскери басқарманың жергiлiктi органдарына жiберiледi. Олар стипендия төлеуге, оқу кезеңiнде тамақтануға және мүлiктiк үлеске жұмсалған бюджеттiк қаражатты мемлекетке қайтаруға мiндеттi. Ұстауға жататын сома оқу орнында болудың әрбiр толық айына теңбе-тең есептеледi.
      12) 19-бап мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен iшкi iстер органдарының кадрларында қалдырыла отырып, мемлекеттiк органдарға және халықаралық ұйымдарға қызметке жiберiлуi мүмкiн.";
      13) 20-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Iшкi iстер органдарындағы қызмет - Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекет және Қазақстан халқы алдындағы қызметтiк мiндеттерi мен қызметтiк борышын атқарумен байланысты болатын мемлекеттiк қызметтiң айрықша түрi.";
      2-тармақтың екiншi сөйлемi алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Iшкi iстер органдарында қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға мынадай арнаулы атақтар белгiленедi:
      1) қатардағы құрам:
      полицияның қатардағы қызметкерi;
      2) кiшi басшы құрам:
      полиция кiшi сержанты;
      полиция сержанты;
      полиция аға сержанты;
      полиция старшинасы;
      3) орта басшы құрам:
      полиция кiшi лейтенанты;
      полиция лейтенанты;
      полиция аға лейтенанты;
      полиция капитаны;
      4) аға басшы құрам:
      полиция майоры;
      полиция подполковнигi;
      полиция полковнигi;
      5) жоғары басшы құрам:
      полиция генерал-майоры;
      полиция генерал-лейтенанты.
      Жоғары басшы құрамның арнаулы атақтарын Iшкi iстер министрдiң ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайды.
      Кiшi, opтa, aғa басшы құрамға арнаулы атақ беру және айыру тәртiбi Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтетiн iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруi туралы ережемен белгiленедi.
      Жоғары басшы құрамды арнаулы атағынан айыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.";
      4-тармақтың бiрiншi абзацындағы "осы Жарлыққа және" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн Жарғыларға" деген сөздермен толықтырылсын;
      14) мынадай мазмұндағы 23-1-баппен толықтырылсын:
      "23-1-бап. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне
                 қолданылатын көтермелеулер
      Қызметтiк мiндеттерiн үлгiлi орындағаны және қызметте қол жеткiзген жоғары нәтижелерi үшiн ішкі істер органдарының қызметкерлерiне көтермелеулердiң мынадай түрлерi белгiленедi:
      1) бағалы сыйлықпен немесе органның (мекеменiң) сметасының мазмұнына сәйкес көрсетiлген, экономикалық қаражаты есебiнен ақшалай сыйақымен марапаттау;
      2) алғыс жариялау;
      3) кезектi арнаулы атақты мерзiмiнен бұрын беру;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де көтермелеу түрлерi;
      15) мынадай мазмұндағы 24-1-баппен толықтырылсын:
      "24-1-бап Iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне қолданылатын
                жазалаулар
      1. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне мынадай тәртiптiк жазалаулар қолданылуы мүмкiн:
      1) ескерту;
      2) сөгiс;
      3) қатаң сөгiс;
      4) толық емес қызметтiк сәйкестiгi туралы ескерту;
      5) омырау белгiден айыру;
      6) атқаратын лауазымынан босату;
      7) арнаулы атағын бiр саты төмендету;
      8) iшкi iстер органдарынан босату.
      2. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне қолданылатын тәртiптік жаза, терiс қылық анықталған күннен бастап бiр айдан кешiктiрiлмей қолданылады және терiс қылық жасалған күннен бастап алты айдан кейiн қолданылуы мүмкiн емес.";
      16) 26-бапта 6-тармақтың бiрiншi абзацындағы ", жұмысшылар мен қызметшiлерден басқасының" деген сөздер алып тасталсын;
      17) 27-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      "3-1. Қызметкерлерге кезектi, қысқа мерзiмдi, қосымша демалыстар, науқастануына байланысты, жүктi болуы және тууына байланысты демалыстар уақытында демалысын өткiзу орнына баратын және керi қайтатын жолға берiлетiн уақытты қоса алғанда ақшалай үлес негiзгi (уақытша атқарылатын емес) атқаратын лауазымы бойынша еңбек демалысына кеткен күнiне алатын көлемде төленедi.";
      18) 28-бабы мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
      "8. Қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан қызметкердiң балаларына олар кәмелеттiк жасқа толғанға дейiн ведомстволық денсаулық сақтау мекемелерiндегi медициналық және санаторлық-курорттық қызмет көpceтулергe құқықтары сақталады.".
 

      2-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заң актiлерiнiң күшi жойылды деп танылсын:
      1) "Iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамының арнаулы атақтары туралы" 1992 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 6, 122-құжат; N 18, 443-құжат; 1993 ж., N 17, 420-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 185-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат);
      2) "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамы антының мәтiнiн бекiту туралы" 1992 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кенесiнiң Қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 6, 121-құжат).

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

О проекте Закона Республики Казахстан "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан и признании утратившими силу некоторых законодательных актов Республики Казахстан по вопросам деятельности органов внутренних дел"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 6 января 2004 года N 3

      Правительство Республики Казахстан постановляет:
      Внести на рассмотрение Мажилиса Парламента Республики Казахстан проект Закона Республики Казахстан "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан и признании утратившими силу некоторых законодательных актов Республики Казахстан по вопросам деятельности органов внутренних дел".

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Проект    

      Закон Республики Казахстан О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные
акты Республики Казахстан и признании утратившими силу
некоторых законодательных актов Республики Казахстан
по вопросам деятельности органов внутренних дел

            Статья 1. Внести изменения и дополнения в следующие законодательные акты Республики Казахстан:

      1. В Закон Республики Казахстан от 23 июня 1992 г. "О внутренних войсках Министерства внутренних дел Республики Казахстан" (Ведомости Верховного Совета Республики Казахстан, 1992 г., N 11-12, ст. 290; N 24, ст. 592; 1993 г., N 8, ст. 179; 1995 г., N 1-2, ст. 17; N 23, ст. 155; Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1997 г., N 7, ст. 79; N 12, ст. 184; N 13-14, ст. 205; 1998 г., N 23, ст. 416; N 24, ст. 436; 1999 г., N 8, ст. 233, 247; 2001 г., N 13-14, ст. 174; N 20, ст. 257; N 24, ст. 336):
      1) в части третьей статьи 4:
      слова "управлений внутренних дел областей" заменить словами "департаментов внутренних дел областей, столицы, города республиканского значения";
      после слов "соответствующих областей" дополнить словами ", столицы, города республиканского значения";
      2) в статье 13:
      заголовок и абзац первый изложить в следующей редакции:
      "Статья 13. Начальники департаментов внутренних дел областей,
                  столицы, города республиканского значения
      Начальники департаментов внутренних дел областей, столицы, города республиканского значения:";
      в абзаце втором слова "Командующего внутренними войсками" заменить словами "Министра внутренних дел";
      3) в статье 27:
      слова "начальники УВД" заменить словами "начальники департаментов внутренних дел областей, столицы, города республиканского значения";
      слова "с Командующим внутренними войсками" заменить словами "с Министром внутренних дел".

            2. В Указ Президента Республики Казахстан, имеющий силу закона, от 21 декабря 1995 г. N 2707 "Об органах внутренних дел Республики Казахстан" (Ведомости Верховного Совета Республики Казахстан, 1995 г., N 23, ст. 154; Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1997 г., N 7, ст. 79; N 12, ст. 184; 1998 г., N 17-18, ст. 225; N 23, ст. 416; N 24, ст. 436; 1999 г., N 8, ст. 233, 247; N 23, ст. 920; 2000 г., N 3-4, ст. 66; 2001 г., N 13-14, ст. 174; N 17-18, ст. 245; N 20, ст. 257; N 23, ст. 309; 2002 г., N 17, ст. 155; 2003 г., N 12, ст. 82):
      1) заголовок и преамбулу изложить в следующей редакции:
      "Закон Республики Казахстан "Об органах внутренних дел Республики Казахстан
      Настоящий Закон определяет статус, полномочия и организацию деятельности органов внутренних дел Республики Казахстан.";
      2) в тексте слова "Указ", "Указом", "Указа", "Указу" заменить соответственно словами "Закон", "Законом", "Закона", "Закону";
      3) нумерацию глав заменить арабскими цифрами;
      4) в части первой статьи 4 слово "управления" заменить словом "департаменты";
      5) в статье 4-3:
      в части второй слова "по гарнизонам," исключить;
      в части четвертой слова ", которые также несут расходы по их эксплуатации и содержанию" исключить;
      6) в части второй пункта 2 статьи 5 слово "Управления" заменить словом "Департаменты";
      7) в пункте 2 статьи 7 слова "управлений" заменить словами "департаментов";
      8) подпункт 27) пункта 1 статьи 10 дополнить словами ", в том числе при чрезвычайных ситуациях";
      9) в пункте 1 статьи 11:
      подпункт 33) изложить в следующей редакции:
      "33) выдавать юридическим лицам разрешения на приобретение, хранение, перевозку, ввоз, вывоз множительно-копировальной техники цветного изображения, взрывчатых, сильнодействующих ядовитых веществ по перечням, определяемым Правительством; на хранение, перевозку, ввоз, вывоз гражданского и служебного оружия и патронов к нему, гражданских пиротехнических веществ и изделий с их применением; на использование объектов и помещений в сфере оборота наркотических средств, психотропных веществ и прекурсоров, на открытие стрелковых тиров и стендов, а физическим лицам - на приобретение, хранение, хранение и ношение, ввоз, вывоз гражданского оружия и патронов к нему;
      устанавливать правила хранения, учета, использования, перевозки, уничтожения, ввоза, вывоза гражданских пиротехнических веществ и изделий с их применением;";
      в подпункте 33-3) слова "санитарных норм и правил," исключить;
      подпункт 33-4) исключить;
      10) в пункте 1 статьи 17:
      подпункт 5) после слов "с расторжением" дополнить словами "либо истечением срока";
      подпункт 9) изложить в следующей редакции:
      "9) за грубое нарушение служебно-воинской дисциплины;";
      11) дополнить статьей 17-1 следующего содержания:
      "Статья 17-1. Возмещение затрат в связи с отказом от
                    прохождения службы
      1. В случае отказа сотрудника проходить службу в органах внутренних дел после окончания учебного заведения или расторжения контракта по своей инициативе он обязан возместить государству бюджетные средства, затраченные на выплату стипендий, питание и вещевое довольствие в период его обучения. Сумма, подлежащая удержанию, рассчитывается пропорционально за каждый полный недослуженный месяц до окончания срока контракта.
      2. Курсанты (слушатели) учебных заведений Министерства внутренних дел, достигшие призывного возраста и отчисленные по неуспеваемости, недисциплинированности, а также по собственному желанию, если они до поступления в учебное заведение не выслужили установленный срок срочной военной службы, направляются в местные органы военного управления по месту жительства для снятия со специального учета. Они обязаны возместить государству бюджетные средства, затраченные на выплату стипендий, питание и вещевое довольствие в период их обучения. Сумма, подлежащая удержанию, рассчитывается пропорционально за каждый полный месяц нахождения в учебном заведении.";
      12) статью 19 дополнить частью следующего содержания:
      "Сотрудники органов внутренних дел могут быть прикомандированы к государственным органам и международным организациям с оставлением в кадрах органов внутренних дел в порядке, определяемом Правительством Республики Казахстан.";
      13) в статье 20:
      пункт 1 дополнить частью следующего содержания:
      "Служба в органах внутренних дел - особый вид государственной службы граждан Республики Казахстан, связанный с выполнением ими служебных обязанностей и служебного долга перед государством и народом Казахстана.";
      второе предложение пункта 2 исключить;
      дополнить пунктом 2-1 следующего содержания:
      "2-1. В органах внутренних дел сотрудникам присваиваются следующие специальные звания:
      1) рядовой состав:
      рядовой полиции;
      2) младший начальствующий состав:
      младший сержант полиции;
      сержант полиции;
      старший сержант полиции;
      старшина полиции;
      3) средний начальствующий состав:
      младший лейтенант полиции;
      лейтенант полиции;
      старший лейтенант полиции;
      капитан полиции;
      4) старший начальствующий состав:
      майор полиции;
      подполковник полиции;
      полковник полиции;
      5) высший начальствующий состав:
      генерал-майор полиции;
      генерал-лейтенант полиции.
      Специальные звания высшего начальствующего состава присваиваются Президентом Республики Казахстан по представлению Министра внутренних дел.
      Порядок присвоения и лишения специальных званий рядового, младшего, среднего и старшего начальствующего состава определяется Положением о прохождении службы лицами рядового и начальствующего состава органов внутренних дел Республики Казахстан, утверждаемым Правительством Республики Казахстан.
      Лишение специальных званий высшего начальствующего состава осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан.";
      в абзаце первом пункта 4 слова "и Положению о прохождении службы лицами рядового и начальствующего состава органов внутренних дел" заменить словами ", а также Уставам и Положению о прохождении службы лицами рядового и начальствующего состава органов внутренних дел, утверждаемыми Правительством Республики Казахстан";
      14) дополнить статьей 23-1 следующего содержания:
      "Статья 23-1. Поощрения, применяемые к сотрудникам органов
                    внутренних дел
      За образцовое исполнение служебных обязанностей и достигнутые высокие результаты в службе для сотрудников органов внутренних дел устанавливаются следующие виды поощрений:
      1) награждение ценным (именным) подарком или денежной премией за счет экономии средств, предусмотренных на содержание соответствующего органа (учреждения) по смете;
      2) объявление благодарности;
      3) досрочное присвоение очередного специального звания;
      4) иные формы поощрения, предусмотренные законодательством Республики Казахстан.";
      15) дополнить статьей 24-1 следующего содержания:
      "Статья 24-1. Взыскания, применяемые к сотрудникам органов
                    внутренних дел
      1. На сотрудников органов внутренних дел могут налагаться следующие дисциплинарные взыскания:
      1) замечание;
      2) выговор;
      3) строгий выговор;
      4) предупреждение о неполном служебном соответствии;
      5) лишение нагрудного знака;
      6) освобождение от занимаемой должности;
      7) понижение в специальном звании на одну ступень;
      8) увольнение из органов внутренних дел.
      2. Дисциплинарное взыскание на сотрудников органов внутренних дел налагается не позднее одного месяца со дня обнаружения проступка и не позднее шести месяцев со дня совершения проступка.";
      16) в абзаце первом пункта 6 статьи 26 слова ", кроме рабочих и служащих," исключить;
      17) статью 27 дополнить пунктом 3-1 следующего содержания:
      "3-1. Сотрудникам за время очередных, краткосрочных, дополнительных отпусков, отпусков по болезни, по беременности и родам, включая время, предоставленное на проезд к месту проведения отпуска и обратно, денежное довольствие выплачивается в размере, получаемом ими ко дню убытия в отпуск по занимаемой должности.";
      18) статью 28 дополнить пунктом 8 следующего содержания:
      "8. За детьми сотрудника, погибшего при исполнении служебных обязанностей либо служебного долга, сохраняются до совершеннолетия право на медицинское и санаторно-курортное обслуживание в ведомственных учреждениях здравоохранения.".

            Статья 2. Признать утратившими силу следующие законодательные акты Республики Казахстан:
      1) Закон Республики Казахстан от 18 января 1992 г. "О специальных званиях рядового и начальствующего состава органов внутренних дел" (Ведомости Верховного Совета Республики Казахстан, 1992 г., N 6, ст. 122; N 18, ст. 443; 1993 г., N 17, ст. 420; Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1996 г., N 2, ст. 185; 1998 г., N 23, ст. 416);
      2) Постановление Верховного Совета Республики Казахстан от 18 января 1992 г. "Об утверждении текста Присяги рядового и начальствующего состава органов внутренних дел Республики Казахстан" (Ведомости Верховного Совета Республики Казахстан, 1992 г., N 6, ст. 121).

      Президент
      Республики Казахстан