2004 жылғы көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзудi ұйымдастыруға жергiлiктi атқарушы органдарға кредит берудiң кейбiр мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 қаңтардағы N 38 қаулысы

      "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңын  орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған 2004 жылғы көктемгi егіс және егiн жинау жұмыстарын жүргізудi ұйымдастыруға жергiлiктi атқарушы органдарға кредит беру ережесi (бұдан әрi - Ереже) бекiтiлсiн.

      2. Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Павлодар, Солтүстiк Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкiмдерi (бұдан әрi - облыс әкiмдерi):
      1) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiне, 2004 жылға арналған облыстық бюджеттерде осы қаулының 3-тармағына сәйкес алынған кредиттер бойынша түсiмдi және өтеудi көздейтiн тиiстi мәслихаттардың шешiмдерiн, сондай-ақ жанармай-жағармай материалдарын, тұқымдар, тыңайтқыштар, гербицидтер, тұқымды улағыштар, ауыл шаруашылығы машиналары үшiн қосалқы бөлшектер сатып алуға, ауыл шаруашылығы техникасын жалдауға және сатып алуға ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге кредит беру жөнiндегi бюджеттiк бағдарламаларды тапсырсын;
      2) жанармай-жағармай материалдарын, тұқымдар, тыңайтқыштар, гербицидтер, тұқымды улағыштар, ауыл шаруашылығы машиналары үшiн қосалқы бөлшектер сатып алуға, ауыл шаруашылығы техникасын жалдауға және сатып алуға ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге кредит беру тетiгiн көздейтiн iшкi ереженi әзiрлесiн және бекiтсiн.

      3. Осы қаулының 2-тармағын орындаған жағдайда Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi облыстар әкiмдерiне көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзудi ұйымдастыруға бұл мақсаттарға 2004 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiне көзделген қаражаттан осы қаулымен бекiтiлген Ережеде белгiленген шарттармен 5500000000 (бec миллиард бес жүз миллион) теңге сомасында кредиттер бөлсiн, оның iшiнде мына әкiмдерге:
      Ақмола облысының - 1000000000 теңге;
      Ақтөбе облысының - 300000000 теңге;
      Алматы облысының - 400000000 теңге;
      Шығыс Қазақстан облысының - 300000000 теңге;
      Жамбыл облысының - 250000000 теңге;
      Батыс Қазақстан облысының - 250000000 теңге;
      Қарағанды облысының - 270000000 теңге;
      Қостанай облысының - 1000000000 теңге;
      Қызылорда облысының - 160000000 теңге;
      Павлодар облысының - 300000000 теңге;
      Солтүстiк Қазақстан облысының - 1000000000 теңге;
      Оңтүстiк Қазақстан облысының - 270000000 теңге.

      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсiн.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi А.С. Есiмовке жүктелсiн.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі      

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2004 жылғы 15 қаңтардағы
N 38 қаулысымен 
бекiтiлген   

2004 жылғы көктемгі егіс және жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға жергiлiктi атқарушы органдарға
кредит беру epeжeci

      1. Осы Ереже "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңымен  көзделген 212 "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi" әкiмшiсiнiң 007 "Көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзудi ұйымдастыруға жергiлiктi бюджеттерге кредит бepу" бюджеттiк бағдарламасы бойынша 5500000000 (бес миллиард бес жүз миллион) теңге сомасында кредиттер (бұдан әрi - Кредиттер) беру тәртiбiн анықтайды.
      2. Жанармай-жағармай материалдарын (кредит ресурстарының кемiнде 80 %), тұқымдар, тыңайтқыштар, гербицидтер, тұқымды улағыштар, ауыл шаруашылығы машиналары үшiн қосалқы бөлшектер сатып алуға, ауыл шаруашылығы техникасын жалдауға немесе сатып алуға Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң тәжiрибе кәсiпорындарына (тәжiрибе шаруашылықтары, тәжiрибе станциялары) Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi мен Азия Даму Банкi қарыздарының қаражаты есебiнен суландыру және дренаж жүйелерiн қалпына келтіруді жүргiзетiн шаруашылықтарға, өзге де ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге (бұдан әрi - ауылшартауарөндiрушiлер) кейiннен кредит беру үшiн кредиттер 5500000000 (бec миллиард бес жүз миллион) теңге сомасында сыйақының нөлдiк ставкасы бойынша 2004 жылғы 1 желтоқсанға дейiнгi мерзiмге  қайтарымдылық, мерзiмдiлiк шарттарымен облыстық бюджеттерге бөлiнедi.
      3. Тиiстi облыстардың әкiмдерi:
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тиiстi шешiмiмен құрылатын ведомствоаралық комиссиямен жанармай-жағармай материалдарын сатып алу мәселелерiн келiсудi;
      ауылшартауарөндiрушiлердiң барлық нысандары үшiн бюджеттiк кредит беруге байланысты қол жетiмдiлiктi тепе-теңдiктi және басқа да мәселелердi бақылау үшiн ведомствоаралық комиссияның құрылуын;
      бөлiнген Кредиттердiң мақсатты пайдаланылуы мен олардың республикалық бюджетке уақтылы қайтарылуын қамтамасыз етедi.
      4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi облыс әкiмдермен тиiстi Кредиттiк келiсiмдер (бұдан әрi - Кредиттiк келiсiмдер) жасасады.
      5. 007 "Көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзудi ұйымдастыруға жергiлiктi бюджеттерге кредит беру" бюджеттiк бағдарлама есебiнен облыстық бюджеттерге қаражат аударуды осы бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi болып табылатын Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi көрсетiлген қаражатты тиiстi облыстардың облыстық бюджеттерiне бюджет кiрiстерi жiктемесiнiң 601601 "Республикалық бюджеттен берiлетiн кредиттер" кодына есептей отырып жүзеге асырады.
      6. Облыс әкiмдерi жергiлiктi бюджеттi қалыптастырған кезде шығыстар бөлiгiнде "Көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзудi ұйымдастыруға ауылшартауарөндiрушiлерге кредит беру" бағдарламасы бойынша шығыстарды көздейдi.
      7. Кредиттiк келiсiмдер бойынша мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз етудiң тәсiлi ретiнде облыс әкiмдерi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiне 2004 жылдың iшiнде секвестрленбейтiн тиiстi жергiлiктi бағдарламаларды айқындай отырып, 2004 жылға арналған облыстық бюджеттерде Кредиттер бойынша түсiм мен өтеудi көздейтiн тиiстi мәслихаттардың шешiмдерiн, сондай-ақ жанармай-жағармай материалдарын, тұқымдар, тыңайтқыштар, гербицидтер, тұқымды улағыштар, ауыл шаруашылығы машиналары үшiн қосалқы бөлшектер сатып алуға, ауыл шаруашылығы техникасын жалдауға және сатып алуға ауылшартауарөндiрушiлерге кредит беру жөнiндегi бюджеттiк бағдарламаларды ұсынады.
      8. Кредиттердiң мақсатты пайдаланылуын бақылауды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жүзеге асырады.
      9. Кредиттердiң республикалық бюджетке уақтылы қайтарылуын бақылауды Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жүзеге асырады.
      10. Кредиттердi республикалық бюджетке қайтаруды облыс әкiмдерi белгiленген мерзiмде жүргiзедi.

О некоторых вопросах кредитования местных исполнительных органов на организацию проведения весенне-полевых и уборочных работ 2004 года

Постановление Правительства Республики Казахстан от 15 января 2004 года N 38

      Во исполнение Закона  Республики Казахстан от 5 декабря 2003 года "О республиканском бюджете на 2004 год" Правительство Республики Казахстан постановляет:

      1. Утвердить прилагаемые Правила кредитования местных исполнительных органов на организацию проведения весенне-полевых и уборочных работ 2004 года (далее - Правила).

      2. Акимам Акмолинской, Актюбинской, Алматинской, Восточно-Казахстанской, Жамбылской, Западно-Казахстанской, Карагандинской, Кызылординской, Костанайской, Павлодарской, Северо-Казахстанской, Южно-Казахстанской областей (далее - акимы областей):
      1) представить в Министерство финансов Республики Казахстан, Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан решения соответствующих маслихатов, предусматривающие в областных бюджетах на 2004 год поступление и погашение по кредитам, полученным согласно пункту 3 настоящего постановления, а также бюджетные программы по кредитованию сельхозтоваропроизводителей на приобретение горюче-смазочных материалов, семян, удобрений, гербицидов, протравителей семян, запасных частей для сельскохозяйственных машин, аренду и покупку сельскохозяйственной техники;
      2) разработать и утвердить внутренние правила, предусматривающие механизм кредитования сельскохозяйственных товаропроизводителей на приобретение горюче-смазочных материалов, семян, удобрений, гербицидов, протравителей семян, запасных частей для сельскохозяйственных машин, аренду и покупку сельскохозяйственной техники.

      3. При условии выполнения пункта 2 настоящего постановления Министерству финансов Республики Казахстан выделить акимам областей кредиты на организацию проведения весенне-полевых и уборочных работ в сумме 5500000000 (пять миллиардов пятьсот миллионов) тенге из средств, предусмотренных на эти цели в республиканском бюджете на 2004 год Министерству сельского хозяйства Республики Казахстан, на условиях, определенных Правилами, утвержденными настоящим постановлением, в том числе акимам:
      Акмолинской области - 1 000 000 000 тенге;
      Актюбинской области -   300 000 000 тенге;
      Алматинской области -   400 000 000 тенге;
      Восточно-Казахстанской области - 300 000 000 тенге;
      Жамбылской области - 250 000 000 тенге;
      Западно-Казахстанской области - 250 000 000 тенге;
      Карагандинской области - 270 000 000 тенге;
      Костанайской области - 1 000 000 000 тенге;
      Кызылординской области - 160 000 000 тенге;
      Павлодарской области -   300 000 000 тенге;
      Северо-Казахстанской области - 1 000 000 000 тенге;
      Южно-Казахстанской области - 270 000 000 тенге.

      4. Министерству финансов Республики Казахстан в соответствии с законодательством Республики Казахстан обеспечить контроль за целевым использованием выделенных средств.

      5. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан - Министра сельского хозяйства Республики Казахстан Есимова А.С.

      6. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Утверждены        
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 15 января 2004 года N 38

Правила
кредитования местных исполнительных органов на организацию
проведения весенне-полевых и уборочных работ 2004 года

      1. Настоящие Правила определяют порядок предоставления кредитов, предусмотренных Законом  Республики Казахстан от 5 декабря 2003 года "О республиканском бюджете на 2004 год" по бюджетной программе 007 "Кредитование местных бюджетов на организацию проведения весенне-полевых и уборочных работ" администратора 212 "Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан" (далее - Кредиты) в сумме 5500000000 (пять миллиардов пятьсот миллионов) тенге.
      2. Кредиты в сумме 5500000000 (пять миллиардов пятьсот миллионов) тенге выделяются областным бюджетам на условиях возвратности, срочности по нулевой ставке вознаграждения сроком до 1 декабря 2004 года для последующего кредитования опытных предприятий (опытные хозяйства, опытные станции) Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан, хозяйств, которым производится восстановление ирригационных и дренажных систем за счет средств займов Международного Банка Реконструкции и Развития и Азиатского Банка Развития, иных сельскохозяйственных товаропроизводителей (далее - сельхозтоваропроизводители) на приобретение горюче-смазочных материалов (не менее 80 % кредитных ресурсов), семян, удобрений, гербицидов, протравителей семян, запасных частей для сельскохозяйственных машин, на аренду и покупку сельскохозяйственной техники.
      3. Акимы соответствующих областей обеспечивают:
      согласование вопросов приобретения горюче-смазочных материалов с межведомственной комиссией, создаваемой соответствующим решением Правительства Республики Казахстан;
      создание межведомственных комиссий для контроля за доступностью, паритетностью для всех форм сельхозтоваропроизводителей, и иных вопросов, связанных с бюджетным кредитованием;
      целевое использование выделенных Кредитов и их своевременный возврат в республиканский бюджет.
      4. Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан и Министерство финансов Республики Казахстан заключают с акимами областей соответствующие Кредитные соглашения (далее - Кредитные соглашения).
      5. Перечисление средств областным бюджетам за счет бюджетной программы 007 "Кредитование местных бюджетов на организацию проведения весенне-полевых и уборочных работ" осуществляется Министерством сельского хозяйства Республики Казахстан, являющимся администратором данной бюджетной программы, с зачислением указанных средств в областные бюджеты соответствующих областей на код 601601 "Кредиты из республиканского бюджета" классификации доходов бюджета.
      6. При формировании местных бюджетов акимы областей в расходной части предусматривают расходы по программе "Кредитование сельхозтоваропроизводителей на организацию проведения весенне-полевых и уборочных работ".
      7. В качестве способа обеспечения исполнения обязательств по Кредитным соглашениям акимы областей представляют в Министерство финансов Республики Казахстан и Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан решения соответствующих маслихатов, предусматривающие в областных бюджетах на 2004 год поступление и погашение по Кредитам с определением соответствующих местных программ не секвестрируемыми в течение 2004 года, а также бюджетные программы по кредитованию сельхозтоваропроизводителей на приобретение горюче-смазочных материалов, семян, удобрений, гербицидов, протравителей семян, запасных частей для сельскохозяйственных машин, аренду и покупку сельскохозяйственной техники.
      8. Контроль за целевым использованием Кредитов осуществляет Министерство финансов Республики Казахстан.
      9. Контроль за своевременным возвратом в республиканский бюджет Кредитов осуществляют Министерство финансов Республики Казахстан и Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан.
      10. Возврат Кредитов производится акимами областей в республиканский бюджет в установленный срок.