Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.05.14 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Ескерту. Тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.06.05 N 833 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегi Су кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Арнайы су пайдалануға рұқсат беру, оның қолданысын тоқтата тұру ережесi бекітiлсiн.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.06.05 N 833 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Су ресурстары жөнiндегi комитетi Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң Геология және жер қойнауын қорғау комитетiмен, Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiмен және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiмен бiрлесiп үш ай мерзiмде арнайы су пайдалануға рұқсат берумен байланысты мәселелер бойынша нұсқаулықты әзiрлесiн және мүдделi мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша бекiтсiн.
3. "Арнайы су пайдалануға келiсiм және рұқсат беру тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 29 желтоқсандағы N 1482 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1994 ж., N 49, 557-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2004 жылғы 20 қаңтардағы
N 56 қаулысымен
бекiтілген
Арнайы су пайдалануға рұқсат беру, оның қолданысын тоқтата тұру ережесi
Ескерту. Тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.06.05 N 833 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Су кодексiне сәйкес әзiрлендi және арнайы су пайдалануға рұқсат берудiң, оның қолданысын тоқтата тұру тәртiбiн (бұдан әрi - Ереже) белгiлейдi.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.06.05 N 833 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
2. Арнайы су пайдаланудың мынадай түрлерiне:
1) тазартылған өнеркәсiптiк, коммуналдық-тұрмыстық, қашыртқы және басқа да сарқынды сулардың жер бетiндегi су объектiлерiне ағызылуына;
2) тәулiгiне елуден екi мыңға дейiн текше метр су алу лимиттерiмен жер қойнауынан шаруашылық-ауыз су және өндiрiстік-техникалық жер асты суларын пайдалануға рұқсат берiледi;
3) Қазақстан Республикасы Су кодексінің 66-бабының 1-тармағында көрсетілген құрылыстар мен техникалық құрылғыларды қолдана отырып, жер үсті суларын жинап алу және (немесе) пайдалану (бұдан әрі - жер үсті суларын жинап алу және (немесе) пайдалану).
Ескерту. 2-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2007.09.17. N 812 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
3. Арнайы су пайдалануға рұқсат оның иесiнiң осы Ережеде айқындалған арнайы су пайдаланудың нақты түрін жүзеге асыруға құқығын куәландыратын құжат болып табылады.
2. Арнайы су пайдалануға рұқсат беру тәртiбi
4. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) мынадай жағдайларда:
1) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.09.17. N 812 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
2) шетелдiк заңды тұлғаларға арнайы су пайдалануға рұқсат бepeдi.
Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.09.17. N 812 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2009.06.05 N 833 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулыларымен.
5. Уәкілетті органның өңірлік органдары 4-тармақта аталғандарды қоспағанда, барлық жеке және заңды тұлғаларға арнайы су пайдалануға рұқсат бередi.
Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.06.05 N 833 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулыларымен.
6. Жеке және заңды тұлғаларға арнайы су пайдалануға рұқсат бұл су пайдаланудың шарттары келiсiлгеннен кейiн берiледi:
1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық органдары - барлық жағдайда;
2) тиiстi аумақтардағы халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметтi жүзеге асырушы атқарушы органдар - барлық жағдайда;
3) жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөнiндегi уәкілеттi органның аумақтық органдары - шаруашылық-ауыз су және өндiрiстiк-техникалық жерасты суларын жер қойнауынан алып пайдалану бөлiгiнде;
4) ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның аумақтық органдары - мал шаруашылығы мұқтаждары үшiн суды жинап алу, сондай-ақ мал шаруашылығы үй-жайлары мен мал шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу жөнiндегi кәсiпорындарынан сарқынды суларды ағызу кезiнде;
5) балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдары - балық шаруашылығында маңызы бар тоғандардан жер үсті суларын жинап алу кезінде және оған сарқынды және қашыртқы суларын ағызу кезінде.
Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.09.17. N 812 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
3. Арнайы су пайдалануға рұқсат беру кезiнде қойылатын талаптар
7. Мыналар:
1) олардың көмегiмен арнайы су пайдалану жүзеге асырылатын, белгiленген талаптар мен стандарттарға сай құрылыстар мен техникалық құрылғылар теңгерiмiнде бар;
2) суды есепке алу және оның сапасын бақылау құралдары;
3) су жіберу және (немесе) сарқынды және қашыртқы суларын ағызуға қайталама пайдаланушылармен шарттары бар жеке және заңды тұлғаларға жер үсті суларын жинап алуға және (немесе) пайдалануға тазартылған өнеркәсiптiк, коммуналдық-тұрмыстық, қашыртқы және басқа да сарқынды суларды жер бетiндегi су объектiлерiне ағызуға рұқсат етiледі.
Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.09.17. N 812 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
8. Мыналар:
1) олардың көмегiмен жер асты су объектілерiнен суды жинап алу жүзеге асырылатын қолданыстағы санитарлық-эпидемиолоиялық ережелерге, нормалар мен стандарттарға сай құрылыстар немесе техникалық құрылғылар теңгерiмiнде бар;
2) су жинап алуды есепке алу және оның сапасын бақылау құралдары;
3) қайталама су тұтынушыларға су беруге шарты бар;
4) жер асты суларының қорлары туралы мемлекеттiк сараптамалық қорытынды мен жер асты су объектiсi туралы геологиялық ақпараты бар жеке және заңды тұлғаларға тәулiгiне елуден eкі мыңға дейін текше метр су алу лимиттерімен жер қойнауынан шаруашылық-ауыз су және өндiрiстiк-техникалық жер асты суларын пайдалануға рұқсат берiледi. Мемлекеттiк геологиялық ақпарат терiс мәнде болған жағдайда 2 жылға дейiнгi мерзiмге геологиялық барлау жұмыстарын жүргiзу әрi бұл мерзім өткеннен кейiн жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөнiндегi уәкілеттi органның қорларға мемлекеттiк сараптамасы болуы шартымен рұқсат берiледi.
Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.09.17. N 812 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
4. Арнайы су пайдалануға рұқсат алу үшін қажеттi құжаттар
9. Арнайы су пайдалануға рұқсатты ресiмдеу үшiн өтiнiш берушi уәкiлеттi органға және оның өңірлік органдарына мынадай құжаттарды:
1) осы ережеге қосымшада келтірілген мәліметтерді көрсете отырып арнайы су пайдалануға рұқсат беру туралы өтінішті;
2) заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркелуi туралы куәлiктің нотариалды түрде куәландырылған көшiрмесiн;
3) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.09.17. N 812 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен
4) су шаруашылығы құрылысы, гидромелиоративтік жүйелер мен құрылғысының паспортын;
5) салық органында есепте тұрғаны туралы куәліктің немесе жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің көшірмесін;
6) осы ереженің 6-тармағында белгіленген арнайы су пайдалану шарттарын келісуді.
7) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.09.17. N 812 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен
Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.09.17. N 812 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2009.06.05 N 833 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулыларымен.
9-1. Су жинап алуға арналған су объектілерін пайдалануға байланысты арнайы су пайдалануға рұқсат алу үшін осы ереженің 9-тармағында көрсетілген құжаттарға қосымша мыналар ұсынылады:
1) су тұтынушылар мен олардың суға қажеттіліктері туралы мәліметтер;
2) су жинауды есепке алу мен жинап алынатын су сапасын бақылау (қадағалау) құралдарының болуы туралы мәліметтер.
9-2. Гидроэнергетика мақсаттары үшін су объектілерін пайдалануға байланысты арнайы су пайдалануға рұқсат алу үшін осы ереженің 9-тармағында көрсетілген құжаттарға қосымша мыналар ұсынылады:
1) гидроэлектр станциясының белгіленген қуаты туралы деректер;
2) энергетикалық, су ағызу және өзге де құрылыстардың өткізу қабілеті туралы мәліметтер;
3) балық қорғау және балық өткізу құрылыстары туралы мәліметтер;
4) жоғарғы және төменгі бьефтердегі су режимі мен су сапасының көрсеткіштерін бақылау (қадағалау) құралдарының болуы туралы мәліметтер;
5) гидроэнергетика мұқтаждарына су ресурстарын пайдаланудың өтініш берілген көрсеткіштері туралы деректер.
9-3. Су жинап алусыз жер үсті су объектілерін пайдалануға байланысты арнайы су пайдалануға рұқсат алу үшін осы ереженің 9-тармағында көрсетілген құжаттарға қосымша мыналар ұсынылады:
1) кеменің техникалық сипаттамалары;
2) кеменің тіркелген порты (тіркелу орны) көрсетіле отырып оны пайдалануға Кеме қатынасы тіркелімінің рұқсаты;
3) кемеде жиналатын сарқынды сулардың, қалдықтар мен шығарындылардың бүкіл көлемін қабылдауға арналған жағалаулық және жүзу құрылғыларымен қамтамасыз етілу туралы деректер;
4) су объектісінің және қоршаған ортаның жай-күйіне келеңсіз әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін объектілерді пайдалану және жұмыстарды жүргізу кезінде акватория учаскесіндегі су сапасын бақылау (қадағалау) құралдарының болуы туралы мәліметтер.
5. Арнайы су пайдалану рұқсатының шарттарын өзгерту және қолданысын тоқтата тұру
Ескерту. Тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.06.05 N 833 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
10. Заңды тұлғаның атауының өзгеруі арнайы су пайдалануға берілген рұқсаттың қайта ресімделуін талап етеді.
Су шаруашылығы жүйелерін реконструкциялау немесе су тұтыну шарттарының өзгеруі арнайы су пайдалануға қайтадан рұқсат алуды талап етеді.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2009.06.05 N 833 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
11. Арнайы су пайдалануға рұқсат берген уәкілетті орган оның
қолданысын мынадай жағдайларда тоқтатады:
1) арнайы су пайдалануға рұқсат алу үшін ұсынылған мәліметтердің дұрыс еместігі анықталғанда;
2) Қазақстан Республикасының су немесе экологиялық заңнамасы
талаптарының бұзылуы анықталғанда.
Осы тармақта көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган рұқсаттың қолданысын тоқтата тұрудың себептерін және оларды жою мерзімін жазбаша нысанда көрсете отырып, су пайдаланушыны он жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
Рұқсаттың қолданысын тоқтата тұру ұсынылған мәліметтердің дұрыс еместігін және анықталған бұзушылықты жою мерзіміне жүзеге асырылады.
Хабарламада көрсетілген арнайы су пайдалануға рұқсаттың қолданысын тоқтата тұруға әкеп соққан себептер жойылған жағдайда рұқсаттың қолданысы рұқсаттың қолданысын тоқтата тұру жөнінде шешім қабылдаған органның жазбаша растамасының негізінде қайта басталады.
Рұқсаттың қолданысы тоқтатыла тұруы немесе қайта басталуы туралы хабарламаны су пайдаланушы алған күнінен бастап тоқтатылды немесе қайта басталды деп есептеледі. Рұқсаттың қолданысын тоқтата тұру Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2009.06.05 N 833 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз), өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.17 № 604 Қаулыларымен.
6. Арнайы су пайдалануға рұқсат беру туралы өтiнiштi қарау мерзімдерi
12. Уәкілетті орган немесе оның тиiстi өңірлік органы рұқсатты 30 күн мерзiмнен кешiктiрмей, ал шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн - осы Ережеге сәйкес өтiнiш берушi ұсынған барлық қажеттi құжаттармен бiрге өтiнiшi берiлген күннен бастап он күн мерзiмнен кешіктірмей бередi.
Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.06.05 N 833 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
Арнайы су пайдалануға
рұқсат беру, оның қолданысын
тоқтата тұру ережесіне
қосымша
Ескерту. Қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2007.09.17. N 812 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.06.05 N 833 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулыларымен.
Арнайы су пайдалануға рұқсат беруге
арналған өтініштер көрсетілетін мәліметтер
Арнайы су пайдалануға рұқсат беруге арналған өтініште мынадай мәліметтер көрсетіледі:
1) су пайдаланудың түрі (осы Ереженің 2-тармағына сәйкес);
2) жер үсті суларын жинап алу және (немесе) пайдалану (сарқынды суларды ағызу, жер асты суы көзінің) орындарының координаттары көрсетілген ахуалдық схема;
3) су пайдалану мақсаты;
4) су объектісінің атауы, негізгі гидрологиялық және гидрогеологиялық сипаттамалары, су пайдаланудың басқа да шарттары;
5) жер үсті суларын жинап алу және (немесе) пайдалану (ағызылатын сарқынды сулардың, жинап алынатын жер асты суларының) болжанып отырған көлемі (мың м 3 / жыл, м 3 /тәулік, л/с);
6) өнім бірлігіне кететін жер үсті, жер асты және сарқынды сулардың үлестік шығыстары;
7) су пайдалануды бастау мен аяқтаудың болжанып отырған мерзімдері;
8) су тұтыну мен су жіберудің теңгерімдік схемасы мен есептемелері;
9) су пайдалануға жауапты тұлғаның аты-жөні, байланыс телефоны;
10) су пайдаланушының өндірістік қызметіне сипаттама (шығарылатын өнімнің көлемі, қызметкерлердің, қызмет көрсетілетін халықтың саны, қуаты, суарылатын учаскелерінің алаңдары);
11) өтініш берушінің техникалық және технологиялық іс-шараларды, қайта өңдеуді және жұмыстардың қауіпсіздік техникасын қамтамасыз етуді қоса алғанда, жер үсті және жер асты суларын сарқылу мен ластанудан қорғауға, сарқынды суларды қабылдағышқа, қоршаған ортаны қорғауға қатысты ниеті;
12) өтініш берушінің кен орнынан (оның учаскесінің) жер асты суларын жинап алу кезіндегі су пайдалану шарттары туралы ниеті;
13) арнайы су пайдалануға бұрын берілген рұқсаттың деректері (нөмірі, берілген күні, кім берді, қолданылу мерзімі, егер осылар өтініш берушіде бар болса, жер үсті және жер асты суларын жинап алу және (немесе) пайдалану жөніндегі пайдалану, өнеркәсіптік және басқа да сарқынды суларды жер беті су объектілеріне ағызу тәжірибесі);
14) жер үсті және жер асты суларын пайдаланғаны үшін төленетін төлемдерінің болжанып отырған есебі;
15) суды пайдалануды есепке алуға, режимдік байқауларды және зертханалық талдаулар жүргізуге арналған жабдықтарының сипаттамалары;
16) суды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ететін іс-шаралар.