Ұлттық және халықаралық маңызы бар Солтүстiк Қазақстанның бiрегей табиғи объектiлерi ретiнде Наурызым мемлекеттiк табиғи қорығының жануарлар және өсiмдiктер дүниесiнiң бағалы түрлерiн сақтау мақсатында және "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қостанай облысының Қарамеңдi және Наурызым ауылдық округтерi ауылдық елдi мекендерiнiң жерлерiнен жалпы алаңы 4178 гектар жер учаскелерi, сондай-ақ Наурызым ауданының жалпы алаңы 99509 гектар босалқы жерлерi алынсын және олар Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң "Наурызым мемлекеттiк табиғи қорығы" мемлекеттiк мекемесiне (бұдан әрi - Мекеме) қосымшаға сәйкес тұрақты жер пайдалануға берiлсiн.
2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген жер учаскелерi ауылдық елдi мекендер жерлерiнен және босалқы жерлерден ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерiнiң санатына ауыстырылсын.
3. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiгi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiмен бiрлесiп заңнамада белгiленген тәртiппен Мекеме жерлерiнiң жергілікті шекарасын белгiлесiн.
4. Қостанай облысының әкімі Мекеме жерлерiнiң төңiрегiнде қорғау аймағын белгiлеп, осы аймақтың шегінде бұл аумақтың экологиялық жүйесiнiң жай-күйiне және оны қалпына келтіруге теріс әсер ететiн кез келген қызметке тыйым салатын болсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 26 қаңтардағы
N 79 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң "Наурызым мемлекеттiк табиғи қорығы" мемлекеттiк мекемесiне
тұрақты жер пайдалануға жер берілетін Қостанай облысының Наурызым ауданы аумағындағы жерлердің
ЭКСПЛИКАЦИЯСЫ
____________________________________________________________________
Р/| Жер |Жалпы | Оның ішінде
с | пайдаланушы. |алаңы, |_________________________________________
| лардың | га | А/ш |егіс.|шабын.| Жайылымдар, |Өзге
| атауы | | алқап.|тік | дық, | га |жер.
| | | тары. |жер, | га |____________ |лер,
| | | ның | га | | бар.|оның | га
| | | жиыны,| | |лығы |ішінде |
| | | га | | | |түбі. |
| | | | | | |рінен |
| | | | | | |жақсар.|
| | | | | | |тылған |
____________________________________________________________________
Қарамеңді ауылдық округі
____________________________________________________________________
1 Қарамеңді ауылы 1962 1904 - - 1904 256 58
2 Киевка ауылы 290 287 - - 287 - 3
Жиыны: 2252 2191 - - 2191 256 61
____________________________________________________________________
Науырызым ауылдық округі
____________________________________________________________________
3 Науырызым ауылы 607 363 - - 363 - 244
4 Қожа ауылы 1316 1306 - - 1306 - 10
5 Сарышығанақ ауылы 3 3 - - 3 -
Жиыны: 1926 1672 - - 1672 - 254
6 Босалқы жерлер 99509 96273 778 20834 74661 3843 3236
Барлығы: 100136 100136 778 20834 78524 4099 3551
____________________________________________________________________