Арнайы cу пайдалану жөнiндегі қызметтi лицензиялау ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қаңтардағы N 84 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.09.17. N 812 Қаулысымен.

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 17 қыркүйектегі  N 812  (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегi Су кодексiнiң  76-бабына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса беріліп отырған Арнайы су пайдалану жөніндегі қызметтi лицензиялау ережесi бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Су ресурстары жөніндегі комитетi Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнің Геология және жер қойнауын қорғау комитетiмен бiрлесiп, мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен келiсiм бойынша үш ай мерзiмде Арнайы су пайдалану жөніндегi қызметтің түрлерін лицензиялау жөнiндегi құжаттарды ресiмдеу мен есепке алу туралы нұсқаулықты әзiрлесiн және бекiтсiн.

      3. "Арнайы су пайдалануға келiсiм және рұқсат беру тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 29 желтоқсандағы N 1482  қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1994 ж., N 49, 557-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиіс.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы    
Үкiметiнiң          
2004 жылғы 26 қаңтардағы   
N 84 қаулысымен       
бекiтiлген       

  Арнайы су пайдалану жөнiндегi қызметтi лицензиялау
ЕРЕЖЕСI

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Арнайы су пайдалану жөнiндегi қызметтi лицензиялау ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының Су  кодексiне  және "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына  сәйкес әзiрлендi және су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкiлеттi орган және оның бассейндiк су шаруашылығы басқармаларының (бұдан әрi - Лицензиар) арнайы су пайдалану жөнiндегi қызметтің түрлерiне лицензия беруi тәртiбi мен шарттарын белгілейдi.
      2. Лицензиялар арнайы су пайдалану жөнiндегi қызметтiң мынадай түрлерiне беріледi:
      1) ауыл шаруашылығы, өнеркәсiп, энергетика, балық шаруашылығы мен көлiк мұқтаждары үшiн жер бетiндегi су объектiлерiнен тәулiгiне көлемi елу текше метрден астам су жинау және оны пайдалануға;
      2) қайталама су пайдаланушыға жер бетiндегi су объектілерiнен су жинау және су алуға.

  2. Арнайы су пайдалану жөнiндегi қызметтiң түрлерiне
лицензия беру тәртiбi

      3. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкiлеттi орган арнайы су пайдалану жөнiндегi қызметтің түрлерiне лицензияларды мыналарға бередi:
      1) ерекше мемлекеттiк маңызы бар су объектiлерiнен арнайы су пайдалануды жүзеге асыратын кәсiпорындарға;
      2) шетелдiк заңды тұлғаларға.
      4. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкiлеттi органның бассейндiк су шаруашылығы басқармалары 3-тармақта аталғандардан басқа барлық жеке және заңды тұлғаларға арнайы су пайдалану жөнiндегi қызметтiң түрлерiне лицензиялар бередi.
      5. Арнайы су пайдалану жөнiндегi қызметтiң түрлерiне лицензия мыналармен:
      1) Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық органдарымен - барлық жағдайда;
      2) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыратын атқарушы органдармен - барлық жағдайда;
      3) ветеринария саласындағы уәкілеттi мемлекеттiк органның аумақтық органдарымен - мал шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу мұқтаждары үшiн жер бетi суларын жинап алу кезiнде;
      4) балық қорлары мен басқа да су жануарлары түрлерiн қорғау, оларды молайту әрi пайдалану саласындағы арнайы уәкілеттi аумақтық органдармен - балық шаруашылығы маңызы бар су объектiлерi үшiн су пайдалану шарттары келiсілгеннен кейiн жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi - лицензиат) берiледi.

  3. Арнайы су пайдалану жөнiндегi қызметтiң түрлерiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары

      6. Ауыл шаруашылығы, өнеркәсiп, энергетика, балық шаруашылығы және көлiктің өз мұқтаждары үшiн жер бетi су объектiлерiнен су жинап алуға және пайдалануға арналған лицензия:
      1) белгiленген талаптар мен стандарттарға сай олардың көмегiмен су пайдалану жүзеге асырылатын құрылыстар мен техникалық құрылғылар теңгерiмiнде бар (пайдаланудағы немесе меншiгiндегi) заңды және жеке тұлғаларға;
      2) өтiнiш берушіде бiлiктi персонал болған жағдайда беріледi.
      7. Қайталама су пайдаланушыға жер бетi су объектілерiнен су жинап алуға және пайдалануға арналған лицензия:
      1) қайталама су пайдаланушыға белгiленген талаптар мен стандарттарға сай олардың көмегімен жер бетi су объектiлерiнен су беру жүзеге асырылатын құрылыстар мен техникалық құрылғылар теңгерiмiнде бар (пайдаланудағы немесе меншiгiндегi) заңды және жеке тұлғаларға;
      2) өтiнiш берушіде бiлiктi персонал болған жағдайда беріледi.

  4. Арнайы су пайдалану жөнiндегi қызметтiң түрлерiне лицензия алу үшін қажетті құжаттар

      8. Арнайы су пайдалану жөнiндегi қызметтің түрлерiне лицензия ресiмдеу үшiн өтiнiш берушi лицензиарға мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) су объектiсінің атауы, су жинап алу орны мен географиялық координаталары көрсетiлген белгіленген нысандағы өтiнiштi;
      2) заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркелгенi туралы куәлiктің нотариалды түрде куәландырылған көшiрмесiн;
      3) олардың көмегiмен су жинап алу жүргiзiлетiн құрылыстарға, техникалық құралдарға арналған жер учаскесiн бөлу актiсiн;
      4) су пайдалануға арналған су шаруашылығы құрылысы немесе құрылғысының паспортын;
      5) салық органының мөртабанымен жеке тұлғаның есепке алынғаны туралы салық органының анықтамасы немесе кәсіпкер ретiнде мемлекеттік тiркелгенi туралы куәлік;
      6) арнайы су пайдалану шарттарын қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органымен, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау, ветеринария (мал шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу мұқтаждары үшiн су жинап алу кезiнде), балық шаруашылығы (балық шаруашылығы мақсатындағы су объектілерiнен су жинап алу кезiнде) саласындағы және жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөнiндегi уәкілеттi органдармен келiсудi;
      7) өтiнiш берушiнiң бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттарды;
      8) лицензиялық алым төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесiн.
      9. Су жинап алуға арналған су объектiлерiн пайдаланумен байланысты арнайы су пайдалануға лицензия алу үшiн осы Ереженiң 8-тармағында көрсетiлген құжаттарға қосымша мыналар ұсынылады:
      1) су тұтынушылар мен олардың суға қажеттiлiктерi туралы мәлiметтер;
      2) су жинауды есепке алу мен жинап алынатын су сапасын бақылау (қадағалау) құралдарының болуы туралы мәліметтер.
      10. Гидроэнергетика мақсаттары үшiн су объектілерiн пайдаланумен байланысты арнайы су пайдалануға лицензия алу үшiн осы Ереженiң 8-тармағында көрсетiлген құжаттарға қосымша мыналар ұсынылады:
      1) гидроэлектр станциясының белгiленген қуаты туралы деректер;
      2) энергетикалық, су ағызу және өзге де құрылыстардың өткізу қабiлетi туралы мәлiметтер;
      3) балық қорғау және балық өткiзу құрылыстары туралы мәлiметтер;
      4) жоғарғы және төменгi бьефтердегi су режимi мен сапасының көрсеткiштерiн бақылау (қадағалау) құралдарының болуы туралы мәлiметтер;
      5) гидроэлектр энергетикасы мұқтаждары үшiн су ресурстарын пайдаланудың мәлiмделген көрсеткіштерi туралы мәлiметтер.
      11. Су алусыз жер бетi су объектілерiн пайдаланумен байланысты арнайы су пайдалануға лицензия алу үшiн осы Ереженің 8-тармағында көрсетілген құжаттарға қосымша мыналар ұсынылады:
      1) кемелер мен басқа да жүзу құралдары туралы техникалық деректер;
      2) олардың тіркелген порттарын көрсетiп кемелер мен басқа да жүзу құралдарын пайдалану құралдарын пайдалану мемлекеттік тiркелiмiнiң рұқсаты;
      3) кемелер мен басқа да жүзу құралдарында құралатын сарқынды сулар, қалдықтар мен шығарындылардың бүкіл көлемін қабылдауға арналған жағалаулық және жүзу құрылғыларымен қамтамасыз етiлуi туралы деректер;
      6) су объектiсінің жай-күйiне терiс әсер ететiн немесе әсер етуi ықтимал объектiлердi пайдалану және жұмыстар жүргiзу кезiнде акватория учаскесiндегi су саласын (қадағалау) құралдарының болуы туралы мәлiметтер.

  5. Арнайы су пайдалану шарттарын өзгерту және арнайы су пайдалану жөніндегi қызметтiң түрлерiне лицензияның қолданылуын тоқтата тұру

      12. Кәсіпорындарды, құрылыстар мен объектiлердi қайта жаңарту немесе техникалық қайта жарақтандыру процесiнде арнайы су пайдалану шарттарын өзгерту қажеттілiгi туындаса, лицензиат бұл туралы лицензиарға мәлiмдейдi және бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес арнайы су пайдалану шарттары бойынша құжаттаманы қайтадан келiсуге ұсынады.
      13. Арнайы су пайдалану жөнiндегi қызметтiң түрлерiне лицензия берген мемлекеттік органдар су заңнамасы талаптары бұзылған жағдайда оны тоқтата тұрады.
      Лицензияның қолданылуы тоқтата тұрған жағдайда оны берген орган тоқтата тұруды туындатқан себептердi жою мерзiмiн көрсетіп, осындай тоқтата тұру себептерi туралы жазбаша нысанда лицензиатты хабардар етедi. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұруды туындатқан себептер жойылғаннан кейiн оның қолданылуы жаңартылады, бұл туралы лицензиат жазбаша нысанда хабардар етiледi.

  6. Лицензия беру туралы өтiнiштi қарау мерзімдерi

      14. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкiлеттi орган немесе оның тиiстi аумақтық органы лицензияны бір ай мерзiмнен кешiктiрмей, ал шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне егер заңнамалық кесiмдерде өзге мерзiм белгіленбесе, барлық қажеттi құжаттармен бiрге өтiнiш берiлген күннен бастап он күн мерзiмнен кешіктiрмей бередi.

  7. Лицензиялық алым

      15. Арнайы су пайдалану жөнiндегi қызметтің түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алым ставкалары Қазақстан Республикасының салық  кодексіне  сәйкес белгiленедi. Лицензиялық қызметпен айналысудың бүкiл кезеңiне лицензия лицензия беру сәтінде бiржолғы лицензиялық алым төленіп, жүзеге асырылады.

  8. Лицензияны қолдану шарттары

      16. Лицензияны қолдану шарттары, оның iшiнде лицензия беруден бас тарту, лицензияның қолданылуын тоқтату, лицензияны қайтарып алу және оның қолданылуын тоқтата тұру тәртiбi "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының  Заңымен  реттеледi.

Об утверждении Правил лицензирования деятельности по специальному водопользованию

Постановление Правительства Республики Казахстан от 26 января 2004 года N 84. Утратило силу - постановлением Правительства Республики Казахстан от 17 сентября 2007 года N 812 (вводится в действие по истечении 10 календарных дней после первого официального опубликования).

       Сноска. Постановление Правительства Республики Казахстан от 26 января 2004 года N 84 утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 17 сентября 2007 года  N 812  (вводится в действие по истечении 10 календарных дней после первого официального опубликования).

      В соответствии со  статьей 76  Водного кодекса Республики Казахстан от 9 июля 2003 года Правительство Республики Казахстан постановляет:

      1. Утвердить прилагаемые Правила лицензирования деятельности по специальному водопользованию.

      2. Комитету по водным ресурсам Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан совместно с Комитетом геологии и охраны недр Министерства энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан в трехмесячный срок разработать по согласованию с заинтересованными министерствами и ведомствами и утвердить инструкцию об оформлении и учете документов по лицензированию видов деятельности по специальному водопользованию.

      3. Признать утратившим силу  постановление  Кабинета Министров Республики Казахстан от 29 декабря 1994 года N 1482 "Об утверждении Порядка согласования и выдачи разрешений на специальное водопользование" (САПП Республики Казахстан, 1994 г., N 49, ст. 557).

      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания и подлежит опубликованию.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Утверждены         
постановлением Правительства
Республики Казахстан    
от 26 января 2004 года N 84 

  Правила
лицензирования деятельности по
специальному водопользованию

  1. Общие положения

      1. Настоящие Правила лицензирования деятельности по специальному водопользованию (далее - Правила) разработаны в соответствии с  Водным кодексом  Республики Казахстан и  Законом  Республики Казахстан "О лицензировании" и определяют порядок и условия выдачи лицензий на виды деятельности по специальному водопользованию уполномоченным органом в области использования и охраны водного фонда и его бассейновыми водохозяйственными управлениями (далее - лицензиар).
      2. Лицензии выдаются на следующие виды деятельности по специальному водопользованию:
      1) забор и использование воды в объеме свыше пятидесяти кубических метров в сутки из поверхностных водных объектов для нужд сельского хозяйства, промышленности, энергетики, рыбоводства и транспорта;
      2) забор и подачу воды из поверхностных водных объектов вторичному водопользователю.

  2. Порядок выдачи лицензий на виды деятельности
по специальному водопользованию

      3. Уполномоченный орган в области использования и охраны водного фонда выдает лицензии на виды деятельности по специальному водопользованию:
      1) предприятиям, осуществляющим специальное водопользование из водных объектов особого государственного значения;
      2) иностранным юридическим лицам.
      4. Бассейновые водохозяйственные управления уполномоченного органа в области использования и охраны водного фонда выдают лицензии на виды деятельности по специальному водопользованию всем юридическим и физическим лицам, кроме перечисленных в пункте 3.
      5. Лицензия на виды деятельности по специальному водопользованию выдается физическим и юридическим лицам (далее - лицензиат) после согласования условий водопользования:
      1) с территориальными органами центрального исполнительного органа Республики Казахстан в области охраны окружающей среды - во всех случаях;
      2) с исполнительными органами, осуществляющими деятельность в области санитарно-эпидемиологического благополучия населения на соответствующих территориях - во всех случаях;
      3) с территориальными органами уполномоченного государственного органа в области ветеринарии - при заборе поверхностных вод для нужд животноводства и переработки животноводческой продукции;
      4) с территориальными органами специально уполномоченного в области охраны, воспроизводства и использования рыбных запасов и других видов водных животных - для водных объектов рыбохозяйственного значения.

  3. Квалификационные требования, предъявляемые к видам
деятельности по специальному водопользованию

      6. Лицензия на забор и использование воды из поверхностных водных объектов для собственных нужд сельского хозяйства, промышленности, энергетики, рыбоводства и транспорта выдается:
      1) юридическим и физическим лицам, имеющим на балансе (в пользовании или собственности) соответствующие установленным требованиям и стандартам сооружения или технические устройства, при помощи которых осуществляется водопользование;
      2) при наличии у заявителя квалифицированного персонала.
      7. Лицензия на забор и подачу воды из поверхностных водных объектов вторичному водопользователю выдается:
      1) юридическим и физическим лицам, имеющим на балансе (в пользовании или собственности) соответствующие установленным требованиям и стандартам сооружения или технические устройства, при помощи которых осуществляется подача воды из поверхностных водных объектов вторичному водопользователю;
      2) при наличии у заявителя квалифицированного персонала.

  4. Документы, необходимые для получения лицензии на виды
деятельности по специальному водопользованию

      8. Для оформления лицензии на виды деятельности по специальному водопользованию заявитель представляет лицензиару следующие документы:
      1) заявление по установленной форме с указанием наименования водного объекта, мест забора воды и географических координат;
      2) нотариально заверенную копию свидетельства о государственной регистрации юридического лица;
      3) акт отвода земельного участка под сооружения, технические устройства, при помощи которых производится водозабор;
      4) паспорт водохозяйственного сооружения или устройства для водопользования;
      5) справку налогового органа о постановке на учет или свидетельство о государственной регистрации физического лица в качестве предпринимателя со штампом налогового органа;
      6) согласование условий специального водопользования с центральным исполнительным органом в области охраны окружающей среды, уполномоченными органами в области санитарно-эпидемиологического надзора, ветеринарии (при заборе воды для нужд животноводства и переработки животной продукции), рыбного хозяйства (при заборе воды из водных объектов рыбохозяйственного назначения) и по использованию и охране недр;
      7) документы, подтверждающие соответствие заявителя квалификационным требованиям;
      8) копию документа, подтверждающего уплату лицензионного сбора.
      9. Для получения лицензии на специальное водопользование, связанное с использованием водных объектов для забора воды, дополнительно к документам, указанным в пункте 8 настоящих Правил, представляются:
      1) сведения о водопотребителях и потребности их в воде;
      2) сведения о наличии средств учета забора воды и контроля (наблюдения) за качеством забираемых вод.
      10. Для получения лицензии на специальное водопользование, связанное с использованием водных объектов для целей гидроэнергетики, дополнительно к документам, указанным в пункте 8 настоящих Правил, представляются:
      1) данные об установленной мощности гидроэлектростанции;
      2) сведения о пропускной способности энергетических, сбросных и иных сооружений;
      3) сведения о рыбозащитных и рыбопропускных сооружениях;
      4) сведения о наличии средств контроля (наблюдения) за показателями водного режима и качества воды в верхнем и нижнем бьефах;
      5) данные о показателях заявленного использования водных ресурсов на нужды гидроэнергетики.
      11. Для получения лицензии на специальное водопользование, связанное с использованием поверхностных водных объектов без изъятия воды, дополнительно к документам, указанным в пункте 8 настоящих Правил, представляются:
      1) технические данные о судах и других плавательных средствах;
      2) разрешение государственного регистра на эксплуатацию судов и других плавательных средств с указанием портов их приписки;
      3) данные об обеспеченности береговыми и плавательными устройствами для приема всего объема сточных вод, отходов и отбросов, образующихся на судах и других плавательных средствах;
      4) сведения о наличии средств контроля (наблюдения) за качеством воды на участке акватории при эксплуатации объектов и производстве работ, которые оказывают или могут оказать негативное влияние на состояние водного объекта.

  5. Изменение условий специального водопользования
и приостановление действия лицензии на виды деятельности
по специальному водопользованию

      12. Если в процессе реконструкции или технического перевооружения предприятий, сооружений и объектов возникает необходимость изменения условий специального водопользования, лицензиат заявляет об этом лицензиару и в месячный срок представляет ему на повторное согласование документацию по условиям специального водопользования в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      13. Государственные органы, выдавшие лицензию на виды деятельности по специальному водопользованию, приостанавливают ее в случаях нарушения требований водного законодательства.
      В случае приостановления действия лицензии орган, ее выдавший, уведомляет лицензиата в письменной форме о причинах такого приостановления с указанием срока устранения, причин, вызвавших приостановление. После устранения причин, вызвавших приостановление действия лицензии, ее действие возобновляется, о чем лицензиат уведомляется в письменной форме.

  6. Сроки рассмотрения заявления о выдаче лицензии

      14. Лицензия выдается уполномоченным органом в области использования и охраны водного фонда или его соответствующим территориальным органом не позднее месячного срока, а для субъектов малого предпринимательства - не позднее десятидневного срока со дня подачи заявления со всеми необходимыми документами, если иной срок не установлен законодательными актами.

  7. Лицензионный сбор

      15. Ставки лицензионного сбора за право занятия видами деятельности по специальному водопользованию определяются в соответствии с  Налоговым кодексом  Республики Казахстан. Выдача лицензий на весь период занятия лицензионной деятельностью осуществляется с разовой уплатой лицензионного сбора на момент выдачи лицензии.

  8. Условия действия лицензии

      16. Условия действия лицензии, в том числе порядок отказа в выдаче лицензии, прекращения действия лицензии, отзыва лицензии и приостановления ее действия регулируются  Законом  Республики Казахстан "О лицензировании".