1. "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 25 қаңтардағы N 133
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 3, 37-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі туралы ережеде:
11-тармақ мынадай мазмұндағы 20-3) тармақшамен толықтырылсын:
"20-3) газды жеткізумен, тасымалдаумен, сақтаумен және сатумен байланысты қатынастарды мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады;".