Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.06.2007 N 553 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. "Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымды, ақпараттандыру процестерiн қалыптастыру мен дамыту және ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi жұмыстарды үйлестiру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1384 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., N 50, 473-құжат) мынадай өзгерiстер енгізiлсін:
1) 1-тармақта:
Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамыту жөнiндегі жұмыстарды және ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң негiзгі бағыттары бойынша қызметті үйлестiру жөніндегi комиссияның құрамына мыналар енгізiлсін:
Марченко - Қазақстан Республикасы
Григорий Александрович Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары,
төраға;
Кан - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер
Людмила Михайловна министрлiгi Ақпараттық-техникалық
қызмет департаментiнiң бастығы;
мынадай:
"Рябченко - Қазақстан Республикасының Мәдениет,
Олег Григорьевич ақпарат және қоғамдық келісім бiрiншi
вице-министрi";
"Исин - Қазақстан Республикасының Қаржы
Нұрлан Құрманғалиұлы министрлігі "ҚЖАО" республикалық
мемлекеттiк кәсiпорынының бас директоры"
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"Рябченко - Қазақстан Республикасының Ақпарат
Олег Григорьевич бiрiншi вице-министрі";
"Исин - "Ұлттық ақпараттық технологиялар" жабық
Нұрлан Құрманғалиұлы акционерлiк қоғамы басқармасының
төрағасы (келiсiм бойынша)";
көрсетiлген құрамнан Мыңбаев Сауат Мұхаметбайұлы, Әбiров Жұмахан Ақылбайұлы шығарылсын;
3-тармақтағы "Министрлiктер мен ведомстволарға" деген сөздер "орталық және жергiлiктi атқарушы органдарға" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамыту жөнiндегi жұмыстарды және ақпараттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң негiзгi бағыттары бойынша қызметтi үйлестiру жөнiндегi комиссия туралы ережеде:
4-тармақтың он бесiншi абзацындағы "республикалық" деген сөз "мемлекеттiк" деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі