Жергiлiктi атқарушы органдардың су объектiлерiн оқшау және бiрлесiп пайдалануға беруi ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 қаңтардағы N 119 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2125 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.12.15 № 2125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегi Су кодексiнің 17 және 18-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Жергілікті атқарушы органдардың су объектiлерiн оқшау және бiрлесiп пайдалануға беруi ережесi бекiтiлсiн.

      2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
      1) "Су тоғандарын жеке пайдалануға беру тәртiбi жөнiндегi нұсқауды бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнің 1994 жылғы 29 желтоқсандағы N 1483 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1994 ж., N 49, 558-құжат);
      2) "Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбiр шешiмдерiне өзгертулер енгiзу және күшi жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1996 жылғы 20 тамыздағы N 1031 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгертулердің 26-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 35, 327-құжат).

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Pecпубликасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкiметінің     
2004 жылғы 30 қаңтардағы
N 119 қаулысымен  
бекiтiлген     

Жергілікті атқарушы органдардың су объектілерiн оқшау және
бiрлесіп пайдалануға беруі
Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жергіліктi атқарушы органдардың су объектiлерiн оқшау және бірлесіп пайдалануға беруi ережесi Қазақстан Республикасының Су кодексiне сәйкес әзiрлендi және жергiлiктi атқарушы органдардың су объектiлерiн оқшау және бiрлесiп пайдалануға беруi тәртiбiн белгiлейдi.
      2. Тұйық су объектілерi немесе олардың бір бөлiгi ғана оқшау және бірлесіп пайдалануға беріледi.
      3. Кәсіпшiлiк балық аулау мақсаттары үшiн жеке және заңды тұлғаларға су объектiлерi немесе олардың бiр бөлiгiн оқшау және бiрлесіп пайдалануға беру Қазақстан Республикасының балық ресурстарын және басқа да су жануарлары түрлерiн қорғау, молайту әрі пайдалану саласындағы заңнамасында белгiленген тәртіппен конкурстық негiзде жүзеге асырылады.

2. Жергілiктi атқарушы органдардың су объектілерін оқшау
және бiрлесіп пайдалануға беруiнiң тәртiбi

      4. Жеке және заңды тұлғаларға су объектiлерi немесе олардың бiр бөлiгiн оқшау және бiрлесiп пайдалануға жергiлiктi атқарушы органдар конкурстық негiзде бередi.
      5. Оларға су объектілерi немесе олардың бір бөлiгiн оқшау және бiрлесiп пайдалануға берiлуiне мүдделі жеке және заңды тұлғалар объектінің орналасқан жерiн, су пайдалану мақсаттары мен мерзiмiн көрсетiп, қажеттi негiздемелерiмен бiрге аудандық атқарушы органдарға (республикалық маңызы бар қала, астана) өтініш жiбередi.
      6. Өтініш түскеннен кейiн жергілiктi атқарушы орган су объектiсiнің сипаттамасына қарай оны тиiстi бассейндiк су шаруашылығы басқармасына (бұдан әрi - БСШБ) келiсуге жібередi.
      7. Ұсынылған материалдарды қарап, БСШБ 10 күн мерзiмде су объектiсiн пайдаланудың белгілі бiр шарттарымен осы су объектiсiн оқшау және бiрлесiп пайдалануға беруден бас тарту немесе келiсу туралы шешiм шығарады.
      Егер су объектiсi ауданаралық немесе облысаралық болып табылса, облыстық атқарушы органға, егер су объектiсi iшкi аудандық (iшкi қалалық) болып табылса, келiсiлген материалдар аудандық (қалалық) атқарушы органға жiберiледi.
      8. Келiсiлген материалдар алынғаннан кейiн жергiлiктi атқарушы орган оның құрамына мүдделi мемлекеттiк органдардың өкiлдерiн енгізіп, конкурстық комиссия құрады.
      9. Конкурстық комиссия су объектiсiн немесе оның бiр бөлiгiн оқшау немесе бiрлесiп пайдалануға беру шарттарын әзiрлейдi әрi бекiтедi, конкурс өткiзу тәртiбiн анықтайды.
      Су объектiсiн оқшау немесе бiрлесiп пайдалануға беру шарттарын айқындау кезiнде оларға белгiленетiн су сервитуттары немесе шаруашылық қызметi режимінің ерекше шарттары көрсетiлiп, жеке және заңды тұлғалардың су объектiсiн ұтымды пайдалану және су ресурстарын молайту мен қорғау бойынша iс-шаралар жүргізу жөнiндегi ұсыныстары ескеріледi.
      Егер ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушi жер учаскесiнiң аумағындағы су объектiсiн оқшау пайдалану үшін сұратса, онда ол осы су объектiсiн алуға басқалардың алдында басым құқыққа ие.
      10. Конкурстың қорытындысы бойынша тиiстi жергілiктi атқарушы орган су объектiсiн немесе оның бiр бөлiгiн оқшау немесе бiрлесiп пайдалануға беру туралы шешiм қабылдайды.
      11. Егер су объектiсiн немесе оның бiр бөлiгiн оқшау немесе бiрлесiп пайдалануға беру туралы шешiмдi облыстық атқарушы орган қабылдаса, онда ол оны оқшау немесе бiрлесiп пайдалану құқығын куәландыратын құжатты беру жүктелген аудандық (қалалық) атқарушы органға жiбередi.
      12. Жеке және заңды тұлғаларға оқшау немесе бiрлесiп пайдалану құқығын куәландыратын құжатты су объектiсi немесе оның бір бөлiгі орналасқан жердегi аудандық (қалалық) атқарушы орган конкурстық комиссия шешiмiнің негiзiнде немесе облыстық атқарушы орган шешiмiн орындау тәртiбiмен бередi.
      13. Оқшау және бiрлесiп пайдалануға берiлген су объектілерiнде жергiлiктi өкілдi органдар БСШБ-мен келiсiм бойынша белгiлеген шарттармен су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен үлгi ереже негізінде ортақ пайдалануға рұқсат етiледi.

Об утверждении Правил предоставления водных объектов в обособленное и совместное пользование местными исполнительными органами

Постановление Правительства Республики Казахстан от 30 января 2004 года N 119. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 15 декабря 2009 года N 2125

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 15.12.2009 N 2125 (порядок введения в действие см. п. 3).

      В соответствии со статьями 17_ и 18_ Водного кодекса Республики Казахстан от 9 июля 2003 года Правительство Республики Казахстан постановляет:

      1. Утвердить прилагаемые Правила предоставления водных объектов в обособленное и совместное пользование местными исполнительными органами.

      2. Признать утратившими силу:
      1) постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 29 декабря 1994 года N 1483 "Об утверждении инструкции о порядке предоставления водоемов в обособленное пользование" (САПП Республики Казахстан, 1994 г., N 49, ст. 558);
      2) пункт 26 Изменений, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 20 августа 1996 года N 1031 "О внесении изменении и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 1996 г., N 35, ст. 327).

      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Утверждены        
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 30 января 2004 года N 119

Правила
предоставления водных объектов в обособленное и
совместное пользование местными исполнительными органами

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила предоставления водных объектов в обособленное и совместное пользование местными исполнительными органами разработаны в соответствии с Водным кодексом Республики Казахстан и определяют порядок предоставления водных объектов в обособленное и совместное пользование местными исполнительными органами.
      2. В обособленное и совместное пользование предоставляются только замкнутые водные объекты или их части.
      3. Предоставление физическим и юридическим лицам в обособленное пользование водных объектов или их части для целей промыслового рыболовства осуществляется на конкурсной основе в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан в области охраны, воспроизводства и использования рыбных ресурсов и других видов водных животных.

2. Порядок предоставления водных объектов в обособленное и
совместное пользование местными исполнительными органами

      4. Физическим и юридическим лицам водные объекты или их части в обособленное или совместное пользование предоставляются на конкурсной основе местными исполнительными органами.
      5. Физические и юридические лица, заинтересованные в предоставлении им в обособленное или совместное пользование водных объектов или их частей, направляют ходатайство в районные исполнительные органы (города республиканского значения, столицы) с необходимыми обоснованиями, указанием местонахождения объекта, целей и срока водопользования.
      6. После поступления ходатайства местный исполнительный орган в зависимости от характеристик водного объекта направляет его в соответствующее бассейновое водохозяйственное управление (далее - БВУ) на согласование.
      7. Рассмотрев представленные материалы, БВУ в 10-дневный срок выносит решение об отказе или согласовании предоставления данного водного объекта в обособленное или совместное пользование с определенными условиями пользования водным объектом.
      Согласованные материалы направляются в областной исполнительный орган, если водный объект является межрайонным или межобластным, или в районный (городской) исполнительный орган, если водный объект является внутрирайонным (внутригородским).
      8. После получения согласованных материалов местный исполнительный орган создает конкурсную комиссию с включением в ее состав представителей заинтересованных государственных органов.
      9. Конкурсная комиссия разрабатывает и утверждает условия предоставления водного объекта или его части в обособленное или совместное пользование, определяет порядок проведения конкурса.
      При определении условий предоставления водного объекта в обособленное или совместное пользование указываются устанавливаемые на них водные сервитуты или особые условия режима хозяйственной деятельности, учитываются предложения физических и юридических лиц по рациональному использованию водного объекта и проведению мероприятий по воспроизводству и охране водных ресурсов.
      Если водный объект, находящийся на территории земельного участка сельскохозяйственного товаропроизводителя, запрашивается им для обособленного пользования, то он имеет преимущественное право на получение данного водного объекта перед другими.
      10. По итогам конкурса соответствующий местный исполнительный орган принимает решение о предоставлении водного объекта или его части в обособленное или совместное пользование.
      11. Если решение о предоставлении водного объекта или его части в обособленное или совместное пользование принято областным исполнительным органом, то он направляет его районному (городскому) исполнительному органу, на которого возложена выдача документа, удостоверяющего право обособленного или совместного пользования.
      12. Документ, удостоверяющий право обособленного или совместного пользования физическим и юридическим лицам, выдается исполнительным органом района (города) по местонахождению водного объекта или его части на основании решения конкурсной комиссии или в порядке исполнения решения областного исполнительного органа.
      13. На водных объектах, предоставленных в обособленное и совместное пользование, общее водопользование допускается на условиях, установленных местными представительными органами по согласованию с БВУ на основе типовых правил , утвержденных уполномоченным органом в области использования и охраны водного фонда.