Қазақстан Республикасында жалпы су пайдаланудың типтiк ережелерiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары жөніндегі комитетінің 2006 жылғы 9 ақпандағы N 18 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 13 наурызда тіркелді. Тіркеу N 4117. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының м.а. 2009 жылғы 19 қазандағы № 306 бұйрығымен

      Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының м.а. 2009.10.19 № 306 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Су  кодексiнiң 37 бабының 1 тармағының 5) тармақшасына сәйкес,  БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлген Қазақстан Республикасында жалпы су пайдаланудың типтiк ережелерi бекiтiлсiн.
      2. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Комитет төрағасының орынбасары Ә.Кеншiмовке жүктелсiн.
      3. Осы бұйрық, бұның бiрінші рет ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбектiк он күннiң iшiнде күшіне енеді.

      Төраға мiндеттерiн атқарушы

      Келісілді:

      Қазақстан Республикасының
      Төтенше жағдайлар министрі
           7 ақпан 2006 жыл

      Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау министрлігінің
      Мемлекеттік санитарлық-
      эпидемиологиялық қадағалау
      комитетінің төрағасы
           7 ақпан 2006 жыл

      Қазақстан Республикасы
      Көлік және коммуникация
      министрлігінің Көлік бақылау
      комитетінің төрағасы
          6 ақпан 2006 жыл

      Қазақстан Республикасы Ауыл
      шаруашылығы министрлігінің
      Балық шаруашылығы
      комитетінің төрағасы
          3 ақпан 2006 жыл

      Қазақстан Республикасы Ауыл
      шаруашылығы министрлігінің Орман
      және аңшылық шаруашылығы
      Комитетінің төрағасы
          3 ақпан 2006 жыл
 

  Қазақстан Республикасы        
Ауыл шаруашылығы министрлігінің   
Су ресурстары жөніндегі       
комитетінің төрағасының       
2006 жылғы 9 ақпандағы        
N 18 бұйрығымен Бекітілген     

  Жалпы су пайдаланудың типтік ережелері 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жалпы су пайдаланудың типтік ережелері Қазақстан Республикасының Су кодексінің  37-бабы 1 тармағының 5) тармақшасы негізінде әзірленді.

      2. Жалпы су пайдалануға жататын су объектілері:
      техникалық құралдарды қолданбай жер үсті су көздерінен су алу кезінде;
      күшті су тасқыны қаупін туғызатын су объектілерінен басқа, жалпы демалу, туризм және спорттық нысандарды қайта қалпына келтіру мақсаттарында;
      кеме қатынасы, оның ішінде кіші судаларда жүзу;
      малды суару үшін.

      3. Жалпы су пайдалану, жалпы су пайдаланудың объектілерінде, сонымен қатар, жалпы су пайдаланудың объектілеріне жатпайтын су объектілерінде жүргізілуі мүмкін және рұқсаттың болуын талап етпейді.

      4. Осы типтік ережелер, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкілетті органдармен, аумақтық ерекшеліктерді ескере отыра, су объектілері үшін Жалпы су пайдалану ережелерін (әрі қарай - Ережелер), бекітудің тәртібін реттейді және барлық заңды және жеке тұлғалармен, олардың меншік және азаматтық нысандарына қарамастан орындалуы міндетті.

      5. Азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында, ветеринария саласында қызметті іске асырушы және тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын жақсарту саласында жергілікті атқарушы органдар облыстағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) атқарушы органдардың келісімімен шомылуға, ауыз-су және тұрмыстық қажеттіктерге су алу үшін, малды суаруға тыйым салынған орындарды белгілейді, сонымен қатар, сәйкесті, жергілікті өзін-өзі басқару органының аумағында орналасқан су объектілерінен жалпы су пайдаланудың өзге де шарттарын анықтайды.

      6. Кіші судалар мен басқа да жүзу құралдары тыйым салынған орындарды жергілікті өкілді органдар Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көлікті бақылау комитетінің келісімімен анықтайды.

      7. Азаматтардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету су объектілері иегерлерінің жауапкершілігі мен міндеттері, суды пайдаланушылар және ұйымдар (меншіктің түріне қарамастан) Қазақстан Республикасындағы тиісті заңдармен анықталады.

  2. Ерекше жағдайлардағы жалпы су пайдалану

      8. Жеке немесе бірлесіп су пайдалануға берілген су объектілерінде, жалпы су пайдалану облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкілетті органдармен бекітілген талаптар есепке алынады.

      9. Жалпы су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатынын жариялау үшін жеке немесе бірлесіп су пайдалануды жүргізетін су пайдаланушы, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкілетті органдарына мәлімдеме тапсырады, онда оларды қабылдаудың қажеттігі негізделеді.

      10. Жалпы су пайдалануға тыйым салу немесе оны шектеу жөніндегі ақпараттық белгілерді орнату жөніндегі шығындар, осы су объектілері оларға жеке немесе бірлесіп су пайдалануға берілген су пайдаланушылардың есебінен жүргізіледі.

      11. Бекітілмеген су объектілерінде Ережені бұзғаны үшін айыппұл мөлшері туралы ескертулер бар тыйым салатын белгілер мен плакаттарды орнату жергілікті атқарушы органдармен қамтамасыз етіледі.

      12. Су объектілерін жалпы су пайдалану тәртібінде, мал суару үшін пайдалану, ауыз сумен жабдықтаудың су көздерін санитарлық қорғау аумақтарынан тыс жерлерде және су объектілерін ластану мен қоқымданудан қорғайтын құрылғылар болса ғана рұқсат етіледі. Басқа жағдайларда жергілікті атқарушы органдар суару алаңшаларын жайластыру жөніндегі шараларды жүргізеді.

      13. Суда жүзетін жабайы құстар мен жүні бағалы аңдардың, балық ресурстары мен басқа да су жануарларының мекен-жайы болып табылатын су объектілерінде, жалпы су пайдалану, суды кешенді пайдаланудың талаптарын ескере отырып, аң және балық шаруашылығы ұйымдары мен кәсіпорындары келісім берген жағдайда мүмкін болады.

      14. Су кодексінің  105-бабына сәйкес, кеме қатынасы санатына жатқызылған Қазақстан Республикасының жер үсті су объектілері, жалпы пайдаланудағы су жолы болып табылады, егер оларды пайдалануға толығымен немесе жекелеген шектеулер қойылмаған жағдайларда.

      15. Жүзудің қауіпсіздігін сақтау мақсатында ескекті және желкенді кемелердің қозғалыстарын шектеу, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларымен реттеледі.

      16. Қауіпсіз жүзуді сақтау мақсатында судалар қозғалысын шектеуді жүзеге асыру Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңымен реттеледі.

      17. Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес, елдің қорғанысын және мемлекеттің қауіпсіздігін, тұрғылықты халықтың денсаулығын, қоршаған табиғи ортаны және тарихи-мәдени мұраны, басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсаттарында жекелеген су объектілерін немесе олардың бөліктерін пайдалануға шектеулер, тоқтата тұрулар немесе тыйым салулар енгізілуі мүмкін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады