Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
"Арнайы байланыс жөнелтiлiмдерiмен мемлекетаралық алмасу туралы келiсiмдi және Арнайы байланыс жөнелтілімдерiмен мемлекетаралық алмасу туралы келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы 1993 жылғы 23 желтоқсандағы Хаттаманы және онымен бекiтiлген Арнайы байланыс жөнелтілімдерiмен мемлекетаралық алмасу туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасының Заңы Арнайы байланыс жөнелтілімдерiмен мемлекетаралық алмасу туралы келiсiмдi және Арнайы байланыс жөнелтiлiмдерiмен мемлекетаралық алмасу туралы келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы 1993 жылғы 23 желтоқсандағы Хаттаманы және онымен бекiтiлген Арнайы байланыс жөнелтілімдерiмен мемлекетаралық алмасу туралы
ереженi бекiту туралы
1993 жылғы 23 желтоқсанда Ашгабат қаласында жасалған Арнайы байланыс жөнелтiлiмдерiмен мемлекетаралық алмасу туралы келiсiм және Арнайы байланыс жөнелтiлiмдерiмен мемлекетаралық алмасу туралы келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы 1993 жылғы 23 желтоқсандағы Хаттама және онымен бекiтiлген, 2001 жылғы 16 наурызда Мәскеу қаласында жасалған Арнайы байланыс жөнелтілімдерiмен мемлекетаралық алмасу туралы ереже бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Президентi
РҚАО-ның ескертуі. "Жариялануға жатпайды" белгісімен Қаулы Деректер базасына енгізілмейді.