"Арнайы байланыс жөнелтілімдерiмен мемлекетаралық алмасу туралы келiсiмдi және Арнайы байланыс жөнелтiлiмдерiмен мемлекетаралық алмасу туралы келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы 1993 жылғы 23 желтоқсандағы Хаттаманы және онымен бекiтiлген Арнайы байланыс жөнелтілімдерiмен мемлекетаралық алмасу туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 ақпандағы N 176 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      "Арнайы байланыс жөнелтiлiмдерiмен мемлекетаралық алмасу туралы келiсiмдi және Арнайы байланыс жөнелтілімдерiмен мемлекетаралық алмасу туралы келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы 1993 жылғы 23 желтоқсандағы Хаттаманы және онымен бекiтiлген Арнайы байланыс жөнелтілімдерiмен мемлекетаралық алмасу туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасының Заңы Арнайы байланыс жөнелтілімдерiмен мемлекетаралық алмасу туралы келiсiмдi және Арнайы байланыс жөнелтiлiмдерiмен мемлекетаралық алмасу туралы келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы 1993 жылғы 23 желтоқсандағы Хаттаманы және онымен бекiтiлген Арнайы байланыс жөнелтілімдерiмен мемлекетаралық алмасу туралы
ереженi бекiту туралы

      1993 жылғы 23 желтоқсанда Ашгабат қаласында жасалған Арнайы байланыс жөнелтiлiмдерiмен мемлекетаралық алмасу туралы келiсiм және Арнайы байланыс жөнелтiлiмдерiмен мемлекетаралық алмасу туралы келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы 1993 жылғы 23 желтоқсандағы Хаттама және онымен бекiтiлген, 2001 жылғы 16 наурызда Мәскеу қаласында жасалған Арнайы байланыс жөнелтілімдерiмен мемлекетаралық алмасу туралы ереже бекiтiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

      РҚАО-ның ескертуі. "Жариялануға жатпайды" белгісімен Қаулы Деректер базасына енгізілмейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады