Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. 2002 жылғы 29 қарашада Брюссель қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Атом Энергиясы жөнiндегi Еуропалық Қоғамдастық арасындағы басқарылатын ядролық синтез саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Атом Энергиясы жөнiндегi Еуропалық Қоғамдастық арасындағы басқарылатын ядролық синтез саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм
Контекске орай осында және сол сияқты бұдан әрi "Тарап" және "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі бiр тараптан, және осында және сол сияқты бұдан әрi "Қоғамдастық" деп аталатын Атом Энергиясы жөніндегі Еуропалық Қоғамдастық екiншi тараптан,
1995 жылғы 23-қаңтарда қол қойылған Еуропалық қоғамдастық пен оның мүшелерi және Қазақстан Республикасы арасындағы ынтымақтастық пен әрiптестiк туралы келiсiм туралы еске сала отырып;
әлеуеттi экологиялық қолайлы, экономикалық тиiмдi және шын мәнiнде шектелмейтiн энергия көзi ретiнде ядролық синтез энергиясын алуға ықпал етудi қалай отырып;
синтез жөнiндегi Қоғамдастық бағдарламасы тороидальдық магниттiк ұстауға негiзделген кең әрi толық көлемдi бағдарлама болып табылатынын атап көрсете отырып;
Қазақстанның ядролық синтез саласындағы бағдарламасы Қазақстандағы ғылым және синтез технологиясы саласындағы айрықша ғылыми жетiстiктермен байланысты мамандандырылған бағдарлама болып табылатындығын атап көрсете отырып;
Тараптардың бақыланатын ядролық синтез саласында жұмыс iстейтiн ғылыми топтары арасында барынша тығыз байланыстар орнату кезiнде алынатын өзара артықшылықтарды түйсіне отырып;
Тараптар арасында бақыланатын ядролық синтез саласындағы ынтымақтастықты тұрақты консультациялар арқылы нығайту туралы шешiм қабылдай отырып,
төмендегілер туралы келісті:
Бұл Келiсiмнiң мақсаты Tapaптap арасындағы синтез реакциясы негiзiнде энергетикалық жүйелердiң ғылыми түсiнiгi мен технологиялық мүмкiндiктерiн дамыту үшiн өзара тиiмдi негiзде синтез бойынша олардың бағдарламасына сәйкесiнше кiретiн салаларда ынтымақтастықты қолдау және күшейту болып табылады.
Осы Келiсiм бойынша ынтымақтастық мынадай салаларда жүзеге асырыла алады:
(а) плазманы ұстап тұруды, токты тасымалдауды, қыздыруды және реттеу жүйесiн (радиожиiлiктi қыздырудың тиiстi жүйесiн әзiрлеудi қоса алғанда) және магниттік қондырғылардағы диагностика жүйесiн тәжiрибелiк және теориялық зерделеу;
(б) синтез технологиялары;
(в) қолданбалы плазма физикасы;
(г) бағдарламаны жоспарлау және жүзеге асыру;
(д) келiсiм бойынша басқа да салаларда.
2-баптa көрсетiлген салалардағы ынтымақтастық мынадай қызмет түрлерiн қамти алады:
(а) ақпарат алмасу және беру;
(б) персонал алмасу және беру;
(в) әртүрлi деңгейлердегi кездесулер;
(г) эксперименттер жасау мен баға беру үшiн үлгiлер, құрал-саймандар және жабдықтар алмасу және бepу;
(д) бiрлескен зерттеулер мен қызметке қатысу;
(e) қажет жағдайда, үшiншi Тарапты қамтитын термоядролық бағдарламаларға немесе жобаларға осы үшiншi Тараптың келiсуi шартымен кез келген Тарапты қатысуға тарту; және
(ж) келiсiм бойынша басқа да қызмет.
1. Қажет болған жағдайда, айрықша бiрлескен iс-қимылдар жөнiндегi атқарушылық уағдаластықтар:
Осы мақсат үшiн Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгі немесе Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттік берген кез келген басқа ұйым атқарушы органы болып табылатын Қазақстан Республикасының Yкiметi мен
ҚОҒАМДАСТЫҚ немесе осыған ҚОҒАМДАСТЫҚ уәкілеттiк берген синтез бағдарламасы бойынша ҚОҒАМДАСТЫҚ бағдарламасы шеңберiнде онымен байланысты кез келген ұйым арасында жасалуы тиiс.
2. 3-бапта аталған қызметтi орындау үшiн қажеттi қаулылар мен шарттар атқарушылық уағдаластықтарда екi Тараппен де атқарушы уағдаластықтарда айқындалуы тиiс және оларда:
а) бiрлескен жеке iс-қимылдарға арналған айрықша бөлiктер, рәсiмдер мен қаржылық ережелер;
б) жеке ұйым немесе жұмыс iстеушi тұлға үшiн тиiстi қызметтi жедел басқару жөнiндегi мiндеттердi белгiлеу;
в) ақпараттың таратылуына және зияткерлiк меншiктi пайдалануға қатысты егжей-тегжейлi ережелер болуы тиiс.
3. Әрбiр Тарап жұмыстың қайталануын азайту үшiн осы Келiсiм бойынша өзiнiң iс-қимылдарын екiншi Тарап қатысушы болып табылатын басқарылатын ядролық синтез саласындағы зерттеулерге және әзiрлемелерге байланысты басқа халықаралық қызметпен тиiстi түрде үйлестiруi тиiс.
1. Тараптар осы Келiсiмнiң орындалуын үйлестiру және бақылау мақсатында Үйлестiру Комитетiн ұйымдастыруы тиiс. Tapaптapдың әрқайсысы Yйлестiру Комитетiне мүшелердiң бiрдей санын тағайындауы және олардың бiреуiн Делегация басшысы етiп тағайындауы тиiс. Yйлестiру Комитетi жыл сайын кезектесiп Еуропалық Қоғамдастықта және Қазақстан Республикасында немесе басқа кез келген келiсiлген мерзiм мен жерлерде бас қосуы тиiс. Қабылдаушы Тараптың Делегация басшысы кездесуде төрағалық етуi тиiс.
2. Үйлестiру Комитетiнiң функциялары:
а) осы Келiсiм бойынша ынтымақтастықтың жай-күйiне баға берудi;
б) Тараптардың тиiстi бағдарламалары бойынша дербес шешiмдер қабылдауына нұқсан келтiрмей, осы Келiсiмнiң 2-бабында келтiрiлген салаларда орындау үшiн арнайы тапсырмалар белгiлеудi қамтуы тиiс.
3. Yйлестiру Комитетiнiң барлық шешiмдерi бiр ауыздан қабылдануы тиiс.
4. Үйлестiру Комитетiнiң кездесулерi арасындағы кезеңге әрбiр Тарап осы Келiсiм бойынша ынтымақтастықпен байланысты барлық iстерде оның атынан әрекет ететiн Атқарушы Хатшыны тағайындауы тиiс. Атқарушы Хатшылар мұндай ынтымақтастықтың ағымдағы жүзеге асырылуы үшiн жауапты болуы тиiс.
Ынтымақтастық нәтижесiнде пайда болатын барлық шығыстарды, егер де атқарушы органдар керiсiнше шарттаспаса, жазбаша нысанда оларды туындатқан Тарап жабуы тиiс.
Осы Келiсiм бойынша бiрлескен қызметпен байланысты өнеркәсiптiк меншiктi, патенттер мен авторлық құқықтарды қоса алғанда, ақпарат пен зияткерлiк меншiк құқықтарын пайдалану және тарату осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгiн құрайтын Қосымшаларға сәйкес жүргiзiлуi тиiс.
Осы Келiсiмде ешнәрсе де Тараптар арасындағы ынтымақтастық туралы қазiргi бар немесе болашақ уағдаластықтарға зиян келетiндей етiп түсiндiрілмеуi тиiс.
1. Осы Келiсiм бойынша Тараптардың iс-қимылдары тиiстi қаржы қаражатының бар-жоғымен айқындалады.
2. Осы Келiсiм бойынша ынтымақтастық қатысушы елде қолданылатын заңнамаға сәйкес болуы тиiс.
3. Әрбiр Tapaп қатысушы елдiң қолданылып жүрген заңнамасы шеңберiнде тұлғалардың жылжуына, ынтымақтастықты жүзеге асыру үшiн қажеттi материалдар мен жабдықтарды тасымалдауға және ақшалай қаражатты аударуға байланысты рәсiмдердi орындауға ықпал етуге барынша күш салуы тиiс.
4. Осы Келiсiмдi орындау нәтижесiнде келтiрiлген залалдың орнын толтыру қолданылып жүрген заңдар мен нормаларға сәйкес жүргізілуі тиіс.
Қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес осы Келiсiмге байланысты барлық мәселелердi Тараптар өзара консультациялар жолымен шешуге тырысулары тиiс.
1. Осы Келiсiм Тараптар дипломатиялық ноталармен алмасу арқылы оның күшiне енуi үшiн анықтаған сәттен бастап күшiне енедi және 10 жыл қолданыста болады.
2. Осы Келiсiм, егер Тараптардың бiреуi кезекті кезең аяқталғанға дейiн алты ай қалғанда Келiсiмнiң қолданылуын тоқтату немесе оны қайта қарау ниетi туралы жазбаша мәлiмдемесе, келесi бес жылдық кезеңге өздiгiнен ұзартылады.
3. Бұзылған немесе қайта қаралған жағдайда осы Келiсiм бұзылу немесе қайта қарау туралы талап қою алдында орындалу күйiндегi бiрлескен қызметке қатысты және осы Келiсiмнiң 4-бабында көрсетiлгендей атқарушылық уағдаластықтарға қатысты осындай қызмет пен уағдаластықтардың мерзiмi аяқталғанға дейiн бұрынғыдай түрде күшiнде қалады.
4. Осы Келiсiмнiң бұзылуы 7-бабында баяндалған құқықтар мен мiндеттерге әсерiн тигiзбейдi.
Егер сөз Қоғамдастық туралы болса, осы Келiсiм, Атом Энергиясы жөнiндегi Еуропалық Қоғамдастық құру туралы шарт қолданылатын аумақтарға және толық құқықты үшiншi мемлекет ретiнде "Community Fusion Program-Fa" қатысатын елдердiң аумақтарына қолданылады.
Ocы Келiсiм қазақ, орыс, дат, голланд, ағылшын, фин, француз, немiс, грек, итальян, португал, испан және швед тiлдерiнде eкi данада жасалды, және де барлық мәтiндердiң күшi бiрдей.
Брюссель қаласында жасалды, 29/11/2002
Қазақстан Республикасының Атом Энергиясы жөнiндегi
Yкiметi үшiн Еуропалық Қоғамдастық үшiн
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Атом Энергиясы жөнiндегi Еуропалық Қоғамдастық арасындағы басқарылатын ядролық синтез саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм бойынша бірлескен зерттеулерден туындайтын зияткерлік меншік құқықтарын бөлу тәртібі туралы басқарушылық қағидаттар(*)
І. Құқықтарды иелену, бөлу және пайдалану
1. Осы Келiсiмге сәйкес жүргiзiлген барлық жұмыстар "бiрлескен зерттеулер" болып табылуы тиiс. Қатысушылар бiрлескен жұмыс процесiнде пайда болатын ақпарат пен зияткерлiк меншiктi (ЗМ) иеленуге және жариялауды қоса алғанда, пайдалануға қатысты бiрлескен "Технологиялық ұйымдастыру жоспарларын" (ТҰЖ)(**) бiрлесiп әзiрлеуi тиiс. Мұндай жоспарларды Tapaптap өздерiне қатысты ЗӘ (зерттеу және әзiрлеу) ынтымақтастығы жөнiндегi кез келген ерекше келiсiм-шарт жасасу алдында бекітуi тиiс. ТҰЖ әзiрлеу кезiнде бiрлескен жұмыстардың мақсаттары, қатысушылардың тиiстi үлестерi, аумақ бойынша немесе пайдалану саласы бойынша лицензиялаудың артықшылықтары мен кемшiлiктерi, тиiстi заңдармен қойылатын талаптар және қатысушылардың пiкiрi бойынша қаралуы тиiс басқа да факторлар назарға алынуы қажет. Бiрлескен ТҰЖ-да ЗМ-ге қатысы бойынша iссапарда болған зерттеушiлердiң жүргізген жұмыстарына қатысты құқықтар мен міндеттердi де қapaу қажет.
2. Бiрлескен жұмыс процесiнде туындаған, бiрақ ТҰЖ-да қамтылмаған ақпарат немесе ЗМ Тараптардың келiсiмiмен ТҰЖ-да белгiленген қағидаттарға сәйкес таратылуы тиiс. Келiспеушілiк туындаған жағдайда мұндай ақпарат немесе ЗМ, нәтижесiнде осы ақпарат немесе ЗМ алынған бiрлескен зерттеулерге қатысқан барлық қатысушылардың бiрлескен меншiгi болуы тиiс.
Осы ереже қолданылатын әрбiр қатысушы осы ақпаратты немесе ЗМ-дi географиялық шектеулерсiз өздерiнiң жеке коммерциялық мақсаттарына пайдалануға құқылы болуы тиiс.
3. Әрбiр Тарап екiншi Тарап пен оның қатысушыларының осы принциптерге сәйкес оларға тиесілi ЗМ құқығына ие болуын қамтамасыз етуi тиiс.
4. Осы Келiсiм қамтитын салалардағы бәсекелестiк шарттарын қолдай отырып, әрбiр Тарап осы Келiсiмге сәйкес берілген құқықтардың:
(i) Келiсiм бойынша жасалған жария етілген немесе қандай да бiр басқа тәсiлмен алынған ақпараты таратуға және пайдалануға;
(ii) халықаралық стандарттарды қабылдауға және орындауға көмектесуiн қамтамасыз етуге күш салуы тиiс.
____________________________
(*) Осы жетекшi қағидаттарға жататын тұжырымдамалардың анықтамасы ІІ қосымшада берiлген.
(**) Әрбiр ТҰЖ-ның айрықшаланған ерекшелiктерi III қосымшада берiлген.
II. Авторлық құқықпен қорғалатын туындылар
Тараптарға немесе олардың қатысушыларына тиесiлi авторлық құқықтармен жұмыс "Әдеби шығармаларды қорғау туралы Берн Конвенциясына" (1971 жылғы Париж Актiсi) сәйкес келуi тиiс.
III. Ғылыми әдеби жұмыстар
Егер ТҰЖ-да өзгеше келiсiлмесе, жұмыс нәтижелерiн жариялауды Tapaптap бiрлесiп немесе осы бiрлескен зерттеулерге қатысушылар IV параграфтың қолданылуына нұқсан келтiрмей орындауы тиiс. Бұрынғы жалпы тәртiпке бағына отырып, мынадай рәсiмдер қолданылуы тиiс:
1. Бейнематериалдар мен бағдарламалық өнiмдердi қоса алғанда,
дерек көзi осы Келiсiмге сәйкес бiрлескен зерттеулер болып
табылатын ғылыми немесе техникалық журналдарды,
мақалаларды, баяндамаларды, кiтаптарды Тараптар немесе
Тараптардың қоғамдық құрылымдары жариялаған жағдайда
екiншi Тараптың бүкiл дүние жүзiне тарайтын, эксклюзивтiк
емес, бөлiп жаруға болмайтын, роялти төлеуден босатылған,
мұндай бiрлескен зерттеулердi аударуға, жаңадан өндiруге,
бейiмдеуге, беруге және көпшiлiкке таратуға арналған
лицензияға құқығы болуы тиiс.
2. Тараптар осы Келiсiмге сәйкес бiрлескен зерттеулер
нәтижесiнде пайда болған және тәуелсiз баспагерлер
жариялаған ғылыми сипаттағы әдеби жұмыстардың неғұрлым кең
таралуын қамтамасыз етуге тиiс.
3. Көпшілiкке таратылатын және осы ережеге сәйкес дайындалған
авторлық жұмыстардың барлық көшiрмелерiнде, егер автор
немесе авторлар аты аталуынан өздерi әдейi бас тартпаса,
жұмыс авторларының аты болуы тиiс. Онда сондай-ақ
Тараптардың бiрлескен қолдауы анық көрсетiлген тануы
болуы тиiс.
ІV. Халыққа жария етілмеген ақпарат
А. Құжатталған халыққа жария етiлмеген ақпарат
1. Әрбiр Тарап немесе оның қатысушылары жағдайлардың оңтайлы келуiне қарай, ол/олар осы Келiсiмге қатысты халыққа жария етiлмеген сақтағысы келетiн ақпаратты мүмкiндiгінше ертерек және технологиялық ұйымдастырушылық тұрғыда, басқаларынан бөлек мынадай өлшемдердi назарға ала отырып анықтаулары тиiс:
- ақпараттың тұтас алғанда да, кез келген бөлек құрамда да немесе бөлiктерiн бiрiктiргенде де жалпыға танымал немесе осы саланың мамандары үшiн заңды жолдармен қол жеткiзiмдi болып табылатындай мәндегі құпиялылығы;
- құпиялылығы арқасында ақпараттың көкейкесті немесе әлеуеттi коммерциялық құндылығы;
- ақпаратты заңды жолмен бақылайтын тұлға оның құпиялылығын сақтау үшiн жағдайларға орайластырылған шаралар қолдану мәнiндегi ақпаратты алдын ала қорғау.
Белгiлi бiр жағдайларда Тараптар мен қатысушылар, егер өзгеше келiсiлмесе, осы Келiсiмге сәйкес бiрлескен зерттеулер процесiнде барлығы толықтай немесе iшiнара алынған, қайта алынған немесе жасалған ақпараттың халыққа жария етiлуi мүмкiн еместiгiне уағдаласа алады.
2. Әрбiр Тарап екiншi Тарап үшiн осы Келiсiм бойынша халыққа жария етiлмеген ақпараттың және сондықтан, оның артықшылықты табиғатының тез танылуын, мысалы, тиiстi белгiлер немесе шектеу жазбалары арқылы танылуын қамтамасыз етуi тиiс. Мұның сондай-ақ аталған ақпаратты кез келген қайта жаңартуға, толығымен және бөлiктер бойынша да, қатысы бар.
Осы Келiсiмге сәйкес халыққа жария етiлмеген ақпаратты алушы Тарап оның ерекше артықшылықты табиғатын назарға алуы тиiс. Бұл шектеулер осы ақпарат иесi осы саланың сарапшылары үшiн оны шектеулерсiз жария еткеннен кейiн өзiнен өзi алынады.
3. Осы Келiсiм бойынша берiлетiн халыққа жария етiлмеген ақпарат алушы Тарапқа жататын немесе олар жалдаған және алушы Тараптың бiрлескен зерттеулерге қатысуға ерекше уәкiлеттік бepiлген басқа тиiстi бөлiмдерiнiң және органдарының адамдары арасында, осылайша кез келген халыққа жария етiлмеген ақпарат жоғарыда көрсетiлгендей құпиялылығы және жеңiл танылуы туралы Келiсiмге бағынуы шартында таратылуы мүмкiн.
4. Осы Келiсiм бойынша халыққа жария етiлмеген ақпаратты берушi Тараптың алдын ала жазбаша келiсуiмен алушы Тарап мұндай халыққа жария етiлмеген ақпаратты алдыңғы 3 параграфта рұқсат етiлгендегiден кеңірек тарата алады. Тараптар мұндай кең таратылым үшiн сұрау салу мен алдын ала жазбаша рұқсат алу үшiн бiрлесе отырып рәсiмдердi әзiрлеуi тиiс және әрбiр Тарап бұған оның ұлттық саясаты, құқық ережесi мен заңнамасы кедергi келтiрмейтiндiктен оған рұқсат бередi.
В. Құжатталмаған халыққа жария етілмеген ақпарат
Осы Келiсiм бойынша ұйымдастырылған семинарларда немесе басқа да кездесулерде берілетiн құжатталмаған халыққа жария етiлмеген немесе басқа да құпия халыққа жария етілмеген немесе ерекше артықшылықты ақпарат, немесе персоналды тағайындау, жабдықтарды пайдалану нәтижесiнде немесе бiрлескен жобалар нәтижесiнде туындаған ақпарат Тараптармен немесе олардың қатысушыларымен Келiсiм бойынша құжатталған ақпарат үшiн белгiленген қағидаттарға сәйкес, алайда, осындай халыққа жария етiлмеген немесе басқа да құпия және артықшылықты ақпаратты тiкелей беру сәтiнде алушыны берiлетiн ақпараттың құпия сипаты туралы хабардар ету шартында қаралуы тиiс.
С. Бақылау
Әрбiр Тарап осы Келiсiмнiң шеңберiнде өзiнiң алған халыққа жария етілмеген ақпаратының онда көрсетілгендей бақылануын қамтамасыз етуге тырысуы тиiс. Егер Тараптардың бiреуiне А және B параграфтарындағы таратпау туралы ереженi орындай алмайтындығы немесе орындай алмайтын жағдайда екендiгiн болжауға негiз бар екендiгi белгiлi болса, ол екiншi Тарапты тез арада хабардар етуi тиiс. Бұдан әрi Тараптар iс-әрекеттiң тиiстi бағытын анықтау жөнiнде уағдаласуы тиiс.
2-Қосымша
Анықтамалар
1. Зияткерлік меншік: 1967 жылғы 14 шiлдеде Стокгольмде қол қойылған Зияткерлiк Меншiк жөнiндегi Дүниежүзiлiк Ұйымды құрған Конвенцияның 2-бабында берiлген анықтаманың мәнiне ие.
2. Қатысушы: Тараптардың өздерін қоса алғанда, осы келiсiм бойынша жобаға қатысатын кез келген жеке немесе заңды тұлға.
3. Бірлескен зерттеулер: Тараптардың бiрлескен жарналарымен және қажет жерде екi Тараптың қатысушыларымен ынтымақтастық жасасып орындалған және/немесе қop құрылып жүргiзiлген зерттеулер.
4. Ақпарат: Бірлескен зерттеулер нәтижесiнде алынған ғылыми және техникалық деректер, зерттеулер мен әзiрленiмдердiң нәтижелерi немесе әдiстерi, және осы Келiсiмге сәйкес жүйеге асырылған зерттеулер бойынша Бірлескен зерттеулерге тартылған Тараптардың және/немесе қатысушылардың пiкiрлерi бойынша алмасу және қамтамасыз ету қажет деп саналатын кез келген ақпарат.
3-Қосымша
Технологиялық ұйымдастыру жоспарының (ТҰЖ)
айырмашылықты ерекшеліктері
ТҰЖ қатысушылар арасында бiрлескен зерттеулердi жүргiзу және қатысушылардың тиiстi құқықтары мен мiндеттерi жөнiнде өзара жасалынатын ерекше Келiсiм болып табылады. ТҰЖ-да әдетте ЗМ-ге қатысты иелену, қорғау, ЗӘ (зерттеу және әзiрлеу) бойынша мақсаттарға арналған пайдалану құқықтары, бiрлескен жарияланымдар жөнiндегi уағдаластықтарды қоса алғанда, пайдалану және тарату, iссапардағы қызметкерлердiң құқықтары мен мiндеттерi және келiспеушілiктердi ретке келтiру рәсiмi қаралады. ТҰЖ-да сондай-ақ негiзгi және қосалқы ақпарат, лицензиялау және күтілетiн нәтижелер қаралуы мүмкiн.