Қазақстан Республикасында салалық (секторалдық) және өңiрлiк бағдарламаларды әзiрлеу мен iске асыру ережесi туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 ақпандағы N 231 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.03.18 № 218 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында салалық (секторалдық) және өңiрлiк бағдарламаларды әзiрлеу мен iске асыру ережесi (бұдан әрi - Ереже) бекiтiлсiн.

      2. "Қазақстан Республикасында Бағдарламаларды әзiрлеудiң ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 25 мамырдағы N 789 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 24, 275-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң      
2004 жылғы 26 ақпандағы
N 231 қаулысымен   
бекiтілген      

Қазақстан Республикасында салалық (секторалдық) және өңiрлiк бағдарламаларды әзiрлеу мен iске асыру ережесi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасында салалық (секторалдық) және өңiрлiк бағдарламаларды (бұдан әрi - бағдарламалар) әзiрлеу мен iске асыруға бiрыңғай көзқарасты қамтамасыз ету мақсатында әзiрлендi әрi бағдарламалардың жобаларын қалыптастырудың ұғымдарын, ұйымдастырушылық-әдiснамалық негiздерiн, жалпы қағидаттарын, оларды әзiрлеу, келiсу және бекiту, сондай-ақ олардың iске асырылуын бақылауды жүзеге асыру тәртiбiн айқындайды.
      2. Осы Ереже әзiрлеу мен iске асыру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын мемлекеттiк бағдарламаларға қолданылмайды.
      3. Бағдарламалар маңызды экономикалық, әлеуметтiк және басқа да мiндеттердi шешуге бағытталған ұйымдастырушылық, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, қаржылық және техникалық өзара байланысты шаралар кешенiн айқындайды, мақсатты жiтi айқындауға негiзделедi және Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейiнгi кезеңге арналған даму Стратегиясында айқындалған экономикалық дамудың ұзақ мерзiмдi стратегиялық басымдықтарын ескере отырып, алға қойған мақсатқа қол жеткiзудi қамтамасыз ететiн күтілетiн нәтижелер көрсетілiп, мерзiмдерi, ресурстары мен орындаушылары бойынша келiсілген iс-шаралардың жүйесiн қамтиды.
      4. Бағдарламаларды Қазақстан Республикасының орталық, жергiлiктi атқарушы органдары және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi органдар стратегиялық және индикативтiк жоспарларға сәйкес өмiрдiң экономикалық, әлеуметтiк және басқа да салаларының маңызды проблемаларын шешу үшiн әзiрлейдi.
      Бағдарламалар, тек, егер онда баяндалған проблемаларды шешудi тиiстi мемлекеттiк әзiрлеушi органның құзыретi шеңберiнде жүзеге асыру мүмкiн болмаған жағдайда ғана әзiрленедi.
      5. Бағдарламалар:
      1) iске асыру мерзiмдерi бойынша: қысқа мерзiмдi (2 жылға дейiн), орта мерзiмдi (3 жылға дейiн) және үш жылдық кезеңдердi мiндеттi түрде бөле отырып ұзақ мерзiмдi (10 жылға дейiн).
      Ұзақ мерзімдi бағдарламаларды iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары тиiсті орта мерзiмдi кезеңдерге әзiрленедi;
      2) проблемалары бойынша: әлеуметтiк, экономикалық, ғылыми-техникалық, экологиялық және басқалар болып бөлiнедi.
      6. Бағдарламаларда бағдарламалық iс-шараларды iске асыруға көзделген шығыстардың жалпы көлемi республикалық және жергілiктi бюджеттердiң үш жылдық кезеңге арналған болжамдық көрсеткiштерi шеңберiнде айқындалады.
      7. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi бағдарламалар жөнiндегi уәкiлеттi орган болып табылады, оның құзыретiне:
      бағдарламаларды әзiрлеу жөнiндегi мемлекеттiк органдардың қызметiне әдiснамалық басшылықты жүзеге асыру;
      Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы әрi әзiрленетiн мемлекеттiк және салалық (секторалдық) бағдарламалар тiзбесiн қалыптастыру мен одан әрi жүргiзудi жүзеге асыру;
      бағдарламалардың iске асырылу барысын жалпы бақылауды жүзеге асыру;
      бағдарламаларды iске асырудың тиiмдiлiгiн (нәтижелілiгiн) бағалауды жүргiзу енедi.

2. Салалық (секторалдық) бағдарлама

      8. Салалық (секторалдық) бағдарлама салалық (секторалдық) маңызы бар неғұрлым маңызды мiндеттердi шешуге бағытталған өзара байланысты шаралар кешенiн айқындайды.
      9. Салалық (секторалдық) бағдарламаны ұлттық холдингпен, акционерi ұлттық холдинг болып табылатын ұлттық компанияларды қоспағанда, ұлттық компаниялармен және экономиканың тиiстi салаларында (секторларында) жұмыс iстейтiн мемлекеттiк ұйымдармен бірлесiп, тиiстi орталық атқарушы органдар әзiрлейдi және Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.10.12.  982 қаулысымен.
      10. Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы әрi әзiрленетiн мемлекеттiк және салалық (секторалдық) бағдарламалар тiзбесi Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарының құрамында бекiтiледi.

3. Өңiрлiк бағдарлама

      11. Өңiрлiк бағдарлама өңiрдiң (аумақтың) әлеуметтiк-экономикалық даму мiндеттерiн шешуге бағытталған өзара байланысты шаралар кешенiн айқындайды.
      12. Өңiрлiк бағдарламаны облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкiмдiктерi әзiрлейдi.
      Қазақстан Республикасы Конституциясының 86-бабына сәйкес өңiрлiк бағдарламаларды жергілiктi өкiлдi органдар бекiтедi.
      13. Қолданыстағы әрі әзірленетін өңірлік бағдарламалар тізбесі бағдарламалар жөніндегі Уәкілетті органмен келісіледі және облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспарларының құрамында бекітіледі.

4. Бағдарламаларға қойылатын негізгі талаптар

      14. Бағдарламалар мынадай негізгі белгілерге ие болуға тиіс:
      1) бағдарламаның нақты мақсаттарын, оларды іске асыру жолдары мен тетігін жіті айқындауы;
      2) бағдарламалық іс-шаралар мен тапсырмалардың атаулығы, оларды іске асыру мерзімдерінің жіті айқындалуы мен дәйектілігі, орындаушылар қызметінің бағдарламалық мақсаттарға қол жеткізуге қатаң бағдарлануы;
      3) басқа бағдарламалармен үйлесуіне қол жеткізу;
      4) қаржы, еңбек әрі техникалық ресурстармен және оларды қамтамасыз ету көздерінің теңдестірілуі.
      15. Мынадай:
      1) негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерге пайыздық арақатынаста көрсетілген шығыстар көлемін регламенттейтін;
      2) олар мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылған жағдайда тиісті бюджет комиссияларының қаржыландыру көздері мен мерзімдері бөлінісінде бағдарламалық іс-шараларды қаржыландыру көлемі бойынша оң қорытындысы жоқ;
      3) қолданыстағы бағдарламалардың мақсаты мен міндеттерін, сондай-ақ бұл бағдарламаларды іске асыру жөніндегі іс-шараларды қайталайтын;
      4) тиісті қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттер қабылданғаннан кейін олардың кірістерін кемітуге және (немесе) шығыстарын ұлғайтуға әкеп соғатын;
      5) осы Ереженің 4 және 14-тармақтарында белгіленген талаптарға сай келмейтін бағдарламалардың бекітілуіне жол берілмейді.
      16. Іске асырылуы мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен бірнеше жыл бойы қаржыландыруды талап ететін бағдарламалар үш жылдық кезеңге арналған мемлекеттік бюджеттің болжамды көрсеткіштеріне сәйкес оларды іске асырудың іс-шаралары, мерзімдері және қаржыландыру көздері бойынша ұйғарымды қаржыландыру көлемдері туралы мәліметтерді қамтуы тиіс.

5. Бағдарламаның құрылымы

      17. Бағдарламаның құрылымы мынадай бөлімдерді қамтиды:
      1) паспорт (бағдарламаның негізгі параметрлері);
      2) кіріспе;
      3) проблеманың қазіргі жай-күйін талдау;
      4) бағдарламаның мақсаты мен міндеттері;
      5) бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі;
      6) қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері;
      7) бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтиже;
      8) бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары.
      18. Паспортта: атауын, әзiрлеу негiздемесiн, бағдарламаны әзiрлеуге жауапты мемлекеттiк органның көрсетілуiн, мақсаты мен мiндеттерiн, iске асыру мерзiмдерiн (кезеңдерiн), қаржыландыру көлемдерi мен көздерiн, күтiлетiн нәтижелердi қамтитын бағдарламаның негiзгi параметрлерi сипатталады.
      19. Кiрiспеде бағдарламаны әзiрлеу негiздемесi, оны әзiрлеу алдындағы жәйттер көрсетiледi.
      20. Проблеманың қазiргi жай-күйiн талдау сандық және сапалық сипаттамаларды, күштi және әлсiз тұстарын, орын алып отырған проблемаларды, өткен бiрнеше жылдағы негiзгi көрсеткiштердiң серпiнiн көрсетуге, сондай-ақ осы проблеманы шешу жөнiндегi Қазақстан Республикасының жағдайларына бейiмделуi мүмкiн шетелдiк оң тәжiрибенi шолуды қамтуға тиiс.
      Қажет болған жағдайда бағдарламаларды әзiрлеу кезiнде маркетингтiк зерттеулер жүргiзiлуi мүмкiн, олардың қорытындылары "Мәселенiң қазiргi жағдайын талдау" бөлiмiнде көрсетiледi.
      21. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi жiтi, нақты, бақыланатын және тексерілетiн болуы тиiс.
      Бағдарламаның мақсаты елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының стратегиялық және индикативтiк жоспарларына негiзделе отырып қалыптасады.
      Мiндеттер алға қойылған мақсатқа неғұрлым тиiмдi әдiстермен қол жеткiзу жолдарын айқындайды.
      22. Бағдарламаның негiзгi бағыттары мен оны iске асыру тетiктерiнде орын алып отырған проблемаларды шешу жөнiндегi жұмыстардың негiзгi бағыттары мен құралдардың тiзбесi, сондай-ақ алға қойылған мақсат пен мiндеттерге қол жеткiзу жөнiндегi тетiктер көрсетіледi.
      Iске асырылуы экологиялық қауiпсiздiкке қатер төндiруi мүмкiн бағдарламаларда қоршаған ортаға ықтимал әсердi бағалау (ҚЫӘБ) жүргiзiледi.
      23. Бағдарламаны қаржыландыру көздерi республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты, мемлекеттiк қарыздар, мемлекет кепiлдiгiмен тартылатын мемлекеттiк емес қарыздар, тiкелей шетелдiк және отандық инвестициялар, халықаралық қаржы экономикалық ұйымдардың немесе донор елдердiң гранттары, екiншi деңгейдегi банктердiң кредиттерi, ұйымдардың өз қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздер болуы мүмкiн.
      Бағдарламаға мемлекеттік бюджеттен мемлекеттiк қолдау жүзеге асырылған жағдайда үш жылдық кезеңге арналған республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң болжамды көрсеткiштерiне сәйкес қаржыландырудың жылдар бойынша нақты көлемдерi, iс-шаралары және қаржыландыру көздерi көрсетiлуi тиiс.
      24. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтиже:
      бағдарламаны тұтас алғанда және кезең-кезеңiмен iске асыру нәтижесiнде қол жеткiзiлуi мүмкiн материалдық және материалдық емес өзгерiстерде;
      бағдарлама қол жеткiзуге бағытталған сапалық және сандық параметрлердi сипаттайтын индикаторларда (болжамды көрсеткiштерде) көрiнiс табады.
      Индикаторлар бақыланатын және тексерiлетiн, бағдарламаны iске асыру жылдары бойынша анықталатын болуға тиiс.
      25. Бағдарламаның алға қойылған мақсаттарына қол жеткiзу үшiн оны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары әзiрленуi тиiс. Iс-шаралар жоспары бағдарламаның құрамдас бөлiгi болып табылады және ресурстары, жауапты орындаушылары мен жүзеге асыру мерзiмдерi (айы немесе тоқсаны және жылы) бойынша ұштастырылған бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары келiсілген ұйымдастырушылық, экономикалық, ғылыми-техникалық және басқа да iс-қимылдар кешенiн білдiредi және осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзiрленедi.

6. Бағдарламаларды әзiрлеу және бекiту тәртiбi

      26. Бағдарламаны әзiрлеу мен бекiту мынадай кезеңдерге бөлiнедi:
      1) ұйымдастырушылық;
      2) бағдарлама жобасын әзiрлеу;
      3) бағдарламаны келiсу және бекiту.
      27. Бағдарлама жобасын әзiрлеудiң ұйымдастырушылық кезеңi мыналарды қамтиды:
      1) бағдарламаның жобасын тiзбеге енгiзу үшiн (салалық (секторалдық) бағдарламалар үшiн) уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарының жобасын қалыптастыратын жылдың алдындағы жылдың 5 желтоқсанынан кешiктiрмей ұсыныстарды жолдау;
      2) бағдарламаны әзiрлеуге жауапты мемлекеттiк органды белгiлеу.
      Қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң шешiмiмен мүдделi мемлекеттiк органдардың және өзге де ұйымдардың өкiлдерiнен құралған бағдарламаны әзiрлеу жөнiндегi комиссия (жұмыс тобы) құрылады;
      3) бағдарламаны әзiрлеуге жауапты мемлекеттік орган басшысының құжаттарды (бағдарлама әзiрлеудi үйлестiру жоспары, бағдарламаның мақсаттары мен мiндеттерi, оның тұжырымдамалық ұстанымдары, бағдарламаның негiзгi бөлiмдерiнiң құрылымы) оларды кейiннен мүдделi мемлекеттiк органдарға және бiрлесiп орындаушы ұйымдарға жолдай отырып бекiтуi.
      28. Бағдарлама жобасын әзiрлеу кезеңi:
      1) бағдарламаны әзiрлеуге жауапты мемлекеттiк органның сұратулары негiзiнде мүдделi мемлекеттiк органдар мен бағдарламаны бiрлесiп орындаушы ұйымдардың әзiрленiп жатқан бағдарламаға, оның iшiнде оның бөлiмдерiне, мақсаттарына, мiндеттерiне және оны iске асыру жөнiндегi Iс-шаралар жоспарына оның тұжырымдамалық ұстанымдары бойынша ұсыныстар берудi;
      2) мүдделi мемлекеттiк органдардың және бiрлесiп орындаушы ұйымдардың ұсыныстары негiзiнде бағдарламаны әзiрлеуге жауапты мемлекеттiк органның бағдарламаның жобасын әзiрлеуiн көздейдi.
      29. Бағдарламаны келiсу кезеңi:
      1) бағдарламаны әзiрлеуге жауапты мемлекеттiк органның бағдарлама жобасын барлық мүдделi орталық және жергілікті мемлекеттiк органдарға келiсуге жолдауын;
      2) бағдарлама жобасын қаржыландыру көздерi мен мерзiмдерi бөлiнiсiнде бағдарламалық iс-шараларды қаржыландыру көлемi бойынша келiсуге тиiстi бюджет комиссияларға жолдауын қамтиды.
      Егер бағдарламаның жобасы республикалық және жергілiктi бюджеттерден қаржыландыруды талап ететiн жағдайда, ол осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақпарат берiле отырып, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшілерiнiң бюджеттiк өтiнiмдерiн қарау кезеңiнде тиiстi бюджет комиссияларына енгiзiледi.
      Республикалық және жергілiктi бюджеттен қаржыландыру ұйғарылатын бағдарлама жобасында көзделген iс-шаралар тиiстi бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк өтiнiмiнде ұсынылатын бюджеттiк бағдарламалармен ұштастырылуға тиiс.
      30. Бағдарламаны бекiту кезеңi:
      1) бағдарламаны бекiту туралы шешiмнiң келiсiлген жобасын белгіленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне немесе жергілiктi өкілдi органға ұсынуды;
      2) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергілiктi өкiлдi органның бағдарламаны бекiтуiн қамтиды.
      31. Бағдарламаларды әзiрлеу процесiн бюджеттiк процеспен үйлестiру мақсатында бағдарламалардың жобаларын әзiрлеудiң, келiсудiң және бекiтудiң мынадай мерзiмдерi белгіленедi:
      І тоқсанда - әзiрлеу;
      II-III тоқсандарда - алдағы қаржы жылына арналған тиiстi бюджеттi қалыптастыру кезiнде негiзделген қаржылық есептеулердi бере отырып, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi бюджеттiк өтiнiмдерiнiң құрамында тиiстi бюджет комиссиясымен келiсу және оның қарауына енгiзу;
      IV тоқсанда - бекiтуге енгiзу.

7. Бағдарламаны iске асыру, оның мониторингін жүзеге асыру және iске асырудың тиiмдiлiгiн бағалау тәртiбi

      32. Бағдарламаны iске асыру мынадай кезеңдерге бөлiнедi:
      1) бағдарламаны iске асыру;
      2) тұрақты мониторинг жүргiзу;
      3) бағдарламаны iске асырудың тиiмдiлiгiн бағалауды жүзеге асыру;
      4) бағдарламаны аяқтау (жалғастыру) туралы шешiм қабылдау.
      33. Бағдарламаны iске асыру процесi:
      1) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң немесе жергілiктi өкiлдi органның бағдарламаларды бекiту туралы шешiмдерiн тиiстi орталық және жергілiктi атқарушы органдардың назарына жеткiзуден;
      2) бағдарламаның iске асырылуына жауапты мемлекеттiк органның бағдарламаны бiрлесiп орындаушы ұйымдармен бiрге iске асыруынан;
      3) қажет болған жағдайда, тиiстi бюджет комиссияларымен келiсiм бойынша бағдарламаны iске асыруға қатысушы орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың ұсыныстары бойынша бағдарламаға жылына екi реттен жиiлетпей түзетулер енгiзуден тұрады.
      34. Бағдарламаның iске асырылуына мониторингтi жүзеге асыру процесi:
      1) бағдарламаны әзiрлеуге жауапты мемлекеттiк органның бағдарламаны iске асыру барысына тұрақты мониторингті жүргiзуiнен;
      2) бiрлесiп орындаушы ұйымдардың бағдарламаның өздерiне бекiтілген бөлiмдерiн және iс-шаралар жоспарының тармақтарын орындау жөнiндегi есептерiн бағдарламаны әзiрлеуге жауапты мемлекеттiк органға белгiленген мерзiмдерде ұсынуынан;
      3) бағдарламаны iске асыруға жауапты мемлекеттiк органның Қазақстан Республикасының Үкiметiне, уәкілеттi органға немесе жергілiктi уәкiлеттi органға бағдарламаны iске асыру жөнiндегi есептердi кезең-кезеңiмен ұсынуынан әрi қажет болған кезде оған өзгерiстер енгiзу жөнiнде ұсыныстар дайындаудан тұрады.
      35. Бағдарламаны iске асырудың тиiмділiгiн бағалауды бағдарламаны iске асыруға жауапты мемлекеттік орган (iшкi бағалау) және уәкілеттi орган (сыртқы бағалау) жүргiзедi.
      Бағалауды жүргiзу процесi:
      1) бағдарлама мен iс-шаралар жоспарын iске асыру барысын;
      2) материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын пайдаланудың тиiмділiгiн;
      3) жоспарланған мiндеттер мен индикаторларға қол жеткiзу дәрежесiн;
      4) бағдарламаны iске асырудың елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуына әсерiн талдаудан тұрады.
      Уәкілеттi орган бағдарламаны iске асыруға жауапты мемлекеттік орган ұсынатын бағдарламаны iске асыру барысы туралы есептердi талдайды және қажет болған кезде Қазақстан Республикасының Үкiметiне бағдарламаны одан әрi iске асырудың орындылығы туралы қорытынды бередi.
      Уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сыртқы бағалауды жүзеге асыру үшiн шарт негiзiнде ғылыми-зерттеушілiк және басқа да ұйымдарды тартуға құқығы бар.
      36. Бағдарламаны аяқтау (жалғастыру) туралы шешiм қабылдау кезеңi:
      1) бағдарламаны iске асыруға жауапты мемлекеттiк органның бiрлесiп орындаушылармен бiрге бағдарламаның iске асырылу нәтижелерi туралы түпкiлiктi есеп дайындауын, онда:
      бағдарламаны iске асыру барысында қол жеткiзілген нәтижелер;
      бағдарламаның жоспарланған мiндеттерi мен индикаторларына қол жеткiзу дәрежесi;
      бағдарламаны iске асырудың елдегi әлеуметтiк-экономикалық жағдайға мультипликативтiк әсерi көрсетілуi тиiс;
      2) бағдарламаны iске асыруға жауапты мемлекеттік органның оны аяқтау немесе iске асыруды жалғастыру қажеттiгi туралы ұсыныспен бiрге бағдарламаны iске асыру нәтижелерi туралы түпкілiктi есептi немесе жаңа бағдарлама әзiрлеу қажеттілiгi туралы ұсынысын Қазақстан Республикасының Үкiметiне, уәкiлеттi органға немесе жергілiктi уәкiлеттi органға беруiн;
      3) бағдарламаны iске асыру туралы түпкiлiктi есептi Қазақстан Республикасының Үкiметi, уәкілеттi органның немесе жергілiктi өкiлдi органның қарауын;
      4) бағдарламаның аяқталғаны және оны бақылаудан алу туралы немесе оны iске асыруды жалғастыру не жаңа бағдарлама әзiрлеу туралы шешiм қабылдауды қамтиды.

Қазақстан Республикасында
салалық (секторалдық) және
өңірлік бағдарламаларды 
әзірлеу және іске асыру 
ережесіне       
1-қосымша       

Бағдарламаны іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарының нысаны

___________________________________________________________________
Р/с|  Іс-шара   | Аяқтау | Орындауға |Орындау| Болжамды  |Қаржылан.
N |            | нысаны |жауаптылар |мерзімі| шығыстар  |  дыру
   |            |        |           |       |(млн.теңге)| көздері
___________________________________________________________________
1 |     2      |   3    |     4     |   5   |     6     |   7
___________________________________________________________________

Қазақстан Республикасында
салалық (секторалдық) және
өңірлік бағдарламаларды 
әзірлеу және іске асыру 
ережесіне       
2-қосымша       

Бағдарлама жобасы туралы ақпаратты бюджет комиссиясына ұсыну нысаны

Салалық (секторалдық) және өңірлік бағдарламаның атауы ____________

Әзірлеуші (жауапты орындаушы) _____________________________________

___________________________________________________________________
Р/с|         |Орындауға|    Бағдарламамен    |Қолданыстағы бюджеттік
N | Іс-шара | (іске   | болжамды шығыстары  |    бағдарламалар
   |         |асыруға) |_____________________|______________________
   |         |жауапты  |бар.|  соның ішінде, |Код, бюджеттік | жыл*
   |         |         |лығы| жылдар бойынша |бағдарламаның  |
   |         |         |    |________________|    атауы      |
   |         |         |    |жыл*|жыл|жыл|жыл|               |
___________________________________________________________________
1 |    2    |    3    |  4 | 5  | 6 | 7 | 8 |       9       |  10
___________________________________________________________________

Республикалық бюджет
___________________________________________________________________

Жергілікті бюджет
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

      таблицаның жалғасы
_________________________
Бюджеттік өтінім бойынша
  болжамды шығыстар
________________________
бар. |  соның ішінде,
лығы | жылдар бойынша
     |__________________
     | жыл | жыл | жыл
________________________
11  |  12 |  13 |  14
________________________

      Ескерту:* - осы бағандарда өткен жылы бағдарламаны іске асырудың ақпараты көрсетіледі

О Правилах разработки и реализации отраслевых (секторальных) и региональных программ в Республике Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 26 февраля 2004 года N 231. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 марта 2010 года N 218

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 18.03.2010 N 218.

      Правительство Республики Казахстан постановляет:

      1. Утвердить прилагаемые Правила разработки и реализации отраслевых (секторальных) и региональных программ в Республике Казахстан (далее - Правила).

      2. Признать утратившим силу постановление Правительства Республики Казахстан от 25 мая 2000 года N 789 "О Правилах разработки программ в Республике Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2000 г., N 24, ст. 275).

      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Утверждены        
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 26 февраля 2004 года N 231

Правила разработки и реализации отраслевых (секторальных)
и региональных программ в Республике Казахстан

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила разработаны в целях обеспечения единого подхода к разработке и реализации отраслевых (секторальных) и региональных программ (далее - программы) в Республике Казахстан и определяют понятия, организационно-методологические основы, общие принципы формирования проектов программ, порядок их разработки, согласования и утверждения, а также осуществления контроля за их реализацией.
      2. Настоящие Правила не распространяются на государственные программы, порядок разработки и реализации которых определяется Президентом Республики Казахстан.
      3. Программы определяют комплекс взаимосвязанных организационных, экономических, социальных, экологических, финансовых и технических мер, направленных на решение важных экономических, социальных и других задач, основываются на четком определении цели и содержат систему согласованных по срокам, ресурсам и исполнителям мероприятий с указанием ожидаемых результатов, обеспечивающих достижение поставленной цели, с учетом долгосрочных стратегических приоритетов экономического развития, определенных Стратегией развития Республики Казахстан на период до 2030 года.
      4. Программы разрабатываются центральными, местными исполнительными органами Республики Казахстан и консультативно- совещательными органами при Правительстве Республики Казахстан для решения важных проблем экономической, социальной и других сфер жизни в соответствии со стратегическими и индикативными планами.
      Программы разрабатываются только в том случае, если решение изложенных в них проблем невозможно осуществить в рамках компетенции соответствующего государственного органа-разработчика.
      5. Программы подразделяются:
      1) по срокам реализации на: краткосрочные (до 2 лет), среднесрочные (до 3 лет) и долгосрочные (до 10 лет) с обязательным выделением среднесрочных трехлетних этапов.
      План мероприятий по реализации долгосрочных программ разрабатывается на соответствующие среднесрочные этапы;
      2) по проблемам на: социальные, экономические, научно-технические, экологические и другие.
      6. Общий объем расходов, предусматриваемых в программах на реализацию программных мероприятий, определяется в рамках прогнозных показателей республиканского и местных бюджетов на трехлетний период.
      7. Уполномоченным органом по программам является Министерство экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан, в компетенцию которого входят:
      осуществление методологического руководства деятельностью государственных органов по разработке программ;
      осуществление формирования и дальнейшее ведение перечня действующих и разрабатываемых государственных и отраслевых (секторальных) программ в Республике Казахстан;
      осуществление общего контроля за ходом реализации программ;
      проведение оценки эффективности (результативности) реализации программ.

2. Отраслевая (секторальная) программа

      8. Отраслевая (секторальная) программа определяет комплекс взаимосвязанных мер, направленных на решение наиболее важных задач отраслевого (секторального) значения.
      9. Отраслевая (секторальная) программа разрабатывается соответствующими центральными исполнительными органами совместно с национальным холдингом, национальными компаниями, за исключением национальных компаний, акционером которых является национальный холдинг, и государственными организациями, функционирующими в соответствующих отраслях (секторах) экономики, и утверждается Правительством Республики Казахстан. <*>
      Сноска. Пункт 9 в редакции постановления Правительства РК от 12 октября 2006 года N 982 .
      10. Перечень действующих и разрабатываемых государственных и отраслевых (секторальных) программ в Республике Казахстан утверждается в составе индикативного плана социально-экономического развития Республики Казахстан.

3. Региональная программа

      11. Региональная программа определяет комплекс взаимосвязанных мер, направленных на решение задач социально-экономического развития региона (территории).
      12. Региональная программа разрабатывается акиматами областей, городов Астаны и Алматы, районов (городов областного значения).
      В соответствии со статьей 86 Конституции Республики Казахстан региональные программы утверждаются местными представительными органами.
      13. Перечень действующих и разрабатываемых региональных программ согласовывается с уполномоченным органом по программам и утверждается в составе индикативных планов социально-экономического развития областей и городов Астаны и Алматы.

4. Основные требования к программам

      14. Программы должны обладать следующими основными свойствами:
      1) четкостью определения конкретных целей программы, путей и механизма их реализации;
      2) адресностью программных мероприятий и заданий, четким определением сроков и последовательности их реализации, строгой ориентацией деятельности исполнителей на достижение программных целей;
      3) достижением согласованности с другими программами;
      4) сбалансированностью финансовых, трудовых и технических ресурсов и источников их обеспечения.
      15. Не допускается утверждение программ:
      1) регламентирующих объем расходов, выраженных в процентном соотношении с основными макроэкономическими показателями;
      2) без положительного заключения соответствующих бюджетных комиссий по объему финансирования программных мероприятий в разрезе источников и сроков финансирования, в случае их финансирования из государственного бюджета;
      3) дублирующих цели и задачи действующих программ, а также мероприятий по реализации этих программ;
      4) приводящих к снижению доходов и (или) увеличению расходов республиканского и местных бюджетов после их принятия на соответствующий финансовый год;
      5) не отвечающих требованиям, установленным в пунктах 4 и 14 настоящих Правил.
      16. Программы, реализация которых требует финансирования за счет средств государственного бюджета в течение нескольких лет, должны содержать сведения о предполагаемых объемах финансирования по мероприятиям, срокам их реализации и источникам финансирования в соответствии с прогнозными показателями государственного бюджета на трехлетний период.

5. Структура программы

      17. Структура программы содержит следующие разделы:
      1) паспорт (основные параметры программы);
      2) введение;
      3) анализ современного состояния проблемы;
      4) цель и задачи программы;
      5) основные направления и механизм реализации программы;
      6) необходимые ресурсы и источники их финансирования;
      7) ожидаемый результат от реализации программы;
      8) план мероприятий по реализации программы.
      18. В паспорте описываются основные параметры программы, включающие в себя: наименование, основание для разработки, указание государственного органа, ответственного за разработку программы, цель и задачи, сроки реализации (этапы), объемы и источники финансирования, ожидаемые результаты.
      19. Во введении указываются основания для разработки программы, предыстория ее разработки.
      20. Анализ современного состояния проблемы должен отражать количественные и качественные характеристики, сильные и слабые стороны, имеющиеся проблемы, основные показатели в динамике за несколько предыдущих лет, а также содержать обзор позитивного зарубежного опыта по решению данной проблемы, который может быть адаптирован к условиям Республики Казахстан.
      В случае необходимости при разработке программ могут быть проведены маркетинговые исследования, результаты которых отражаются в разделе "Анализ современного состояния проблемы".
      21. Цель и задачи программы должны быть четкими, конкретными, контролируемыми и проверяемыми.
      Цель программы формируется, исходя из стратегических и индикативных планов социально-экономического развития страны.
      Задачи определяют пути достижения поставленной цели наиболее эффективными методами.
      22. В основных направлениях и механизмах реализации программы указываются основные направления работы по решению имеющихся проблем и перечни инструментов, а также механизмы достижения поставленных цели и задач.
      По проектам программ, реализация которых может создать угрозу экологической безопасности, проводится оценка воздействия на окружающую среду (ОВОС).
      23. Источниками финансирования программы могут быть средства республиканского и местных бюджетов, государственные займы, негосударственные займы, привлекаемые под государственную гарантию, прямые иностранные и отечественные инвестиции, гранты международных финансовых экономических организаций или стран-доноров, кредиты банков второго уровня, собственные средства организаций и другие, не запрещенные законодательством Республики Казахстан источники.
      В случае осуществления государственной поддержки программы из государственного бюджета, должны быть указаны конкретные объемы финансирования по годам, мероприятиям и источникам финансирования в соответствии с прогнозными показателями республиканского и местных бюджетов на трехлетний период.
      24. Ожидаемый результат от реализации программы выражается:
      в материальных и нематериальных изменениях, которые могут быть достигнуты в результате реализации программы в целом и поэтапно;
      в индикаторах (прогнозных показателях), характеризующих качественные и количественные параметры, на достижение которых направлена программа.
      Индикаторы должны быть контролируемыми и проверяемыми, определяться по годам реализации программы.
      25. Для достижения поставленных целей программы должен быть разработан План мероприятий по ее реализации. План мероприятий является составной частью программы и представляет собой комплекс организационных, экономических, научно-технических и других действий, согласованных с основными направлениями реализации программы, увязанных по ресурсам, ответственным исполнителям и срокам (месяц или квартал и год) осуществления, и разрабатывается по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам.

6. Порядок разработки и утверждения программы

      26. Выделяются следующие этапы разработки и утверждения программы:
      1) организационный;
      2) разработка проекта программы;
      3) согласование и утверждение программы.
      27. Организационный этап разработки проекта программы включает в себя:
      1) направление предложений не позднее 5 декабря года, предшествующего году формирования проекта индикативного плана социально-экономического развития Республики Казахстан, в уполномоченный орган для включения проекта программы в перечень (для отраслевых (секторальных) программ);
      2) определение государственного органа, ответственного за разработку программы.
      При необходимости решением Правительства Республики Казахстан или Премьер-Министра Республики Казахстан образуется комиссия (рабочая группа) по разработке программы, сформированная из представителей заинтересованных государственных органов и иных организаций;
      3) утверждение руководителем государственного органа, ответственного за разработку программы, документов (координационного плана разработки программы, цели и задач программы, ее концептуальных подходов, структуры основных разделов программы) с последующим направлением их заинтересованным государственным органам и организациям-соисполнителям.
      28. Этап разработки проекта программы предусматривает:
      1) представление заинтересованными государственными органами и организациями-соисполнителями программы государственному органу, ответственному за разработку программы, на основании его запросов, предложений по концептуальному подходу к разрабатываемой программе, в том числе к ее разделам, цели, задачам и Плану мероприятий по ее реализации;
      2) разработку государственным органом, ответственным за разработку программы, на основании предложений заинтересованных государственных органов и организаций-соисполнителей проекта программы.
      29. Этап согласования программы включает в себя:
      1) направление государственным органом, ответственным за разработку программы, проекта программы всем заинтересованным центральным и местным государственным органам на согласование;
      2) направление проекта программы в соответствующие бюджетные комиссии на согласование по объему финансирования программных мероприятий в разрезе источников и сроков финансирования.
      В случае, если проект программы требует финансирования из республиканского и местных бюджетов, он вносится в соответствующие бюджетные комиссии в период рассмотрения бюджетных заявок администраторов бюджетных программ с представлением информации по форме согласно приложению 2 к настоящим Правилам.
      Предусмотренные в проекте программы мероприятия, по которым предполагается финансирование из республиканского и местных бюджетов, должны быть увязаны с бюджетными программами, предлагаемыми в бюджетной заявке соответствующих администраторов программ.
      30. Этап утверждения программы включает в себя:
      1) представление в установленном порядке в Правительство Республики Казахстан или местный представительный орган согласованного проекта решения об утверждении программы;
      2) утверждение программы Правительством Республики Казахстан или местным представительным органом.
      31. В целях гармонизации процесса разработки программ с бюджетным процессом устанавливаются следующие сроки разработки, согласования и утверждения проектов программ:
      в I квартале - разработка;
      во II-III кварталах - согласование и внесение на рассмотрение соответствующим бюджетным комиссиям в составе бюджетных заявок администраторов бюджетных программ с представлением обоснованных финансовых расчетов при формировании соответствующих бюджетов на предстоящий финансовый год;
      в IV квартале - внесение на утверждение.

7. Порядок реализации, осуществления мониторинга и
оценки эффективности реализации программы

      32. Выделяются следующие этапы реализации программы:
      1) реализация программы;
      2) проведение постоянного мониторинга;
      3) осуществление оценки эффективности реализации программы;
      4) принятие решения о завершении (продолжении) программы.
      33. Процесс реализации программы состоит из:
      1) доведения до соответствующих центральных и местных исполнительных органов решений Правительства Республики Казахстан или местного представительного органа об утверждении программ;
      2) реализации программы государственным органом, ответственным за ее реализацию, совместно с организациями-соисполнителями программы;
      3) внесения, при необходимости, по предложениям центральных и местных исполнительных органов, участвующих в реализации программы по согласованию с соответствующими бюджетными комиссиями, корректировок в программу, не чаще, чем два раза в год.
      34. Процесс осуществления мониторинга за реализацией программы состоит из:
      1) проведения государственным органом, ответственным за реализацию программы, постоянного мониторинга за ходом реализации программы;
      2) представления организациями-соисполнителями отчетов по исполнению закрепленных за ними разделов программы и пунктов плана мероприятий государственному органу, ответственному за реализацию программы, в установленные сроки;
      3) периодического представления государственным органом, ответственным за реализацию программы, отчетов по реализации программы в Правительство Республики Казахстан, уполномоченный орган или местный представительный орган, и при необходимости - подготовки предложений по внесению изменений в нее.
      35. Оценка эффективности реализации программы проводится государственным органом, ответственным за реализацию программы, (внутренняя оценка) и уполномоченным органом (внешняя оценка).
      Процесс проведения оценки состоит из анализа:
      1) хода реализации программы и плана мероприятий;
      2) эффективности использования материальных, трудовых и финансовых ресурсов;
      3) степени достижения запланированных задач и индикаторов;
      4) влияния реализации программы на социально-экономическое развитие страны.
      Уполномоченный орган анализирует отчеты о ходе реализации программы, представляемые государственным органом, ответственным за реализацию программы, и дает при необходимости заключение в Правительство Республики Казахстан о целесообразности дальнейшей реализации программы.
      Уполномоченный орган имеет право привлекать на договорной основе научно-исследовательские и другие организации для осуществления внешней оценки в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.
      36. Этап принятия решения о завершении (продолжении) программы включает в себя:
      1) подготовку государственным органом, ответственным за реализацию программы, совместно с соисполнителями окончательного отчета о реализации программы, в котором должны отражаться:
      результаты, достигнутые в ходе реализации программы;
      степень достижения запланированных задач и индикаторов программы;
      мультипликативный эффект от реализации программы на социально-экономическую ситуацию в стране;
      2) представление государственным органом, ответственным за реализацию программы, в Правительство Республики Казахстан, уполномоченный орган или местный представительный орган окончательного отчета о результатах реализации программы с предложением о ее завершении или необходимости продолжения ее реализации, или разработки новой программы;
      3) рассмотрение Правительством Республики Казахстан, уполномоченным органом или местным представительным органом окончательного отчета о реализации программы;
      4) принятие решения о завершении программы и снятии ее с контроля или о продолжении ее реализации либо разработке новой программы.

Приложение 1        
к Правилам разработки и   
реализации отраслевых    
(секторальных) и региональных
программ в Республике Казахстан

         Форма Плана мероприятий по реализации Программы

-------------------------------------------------------------------
N  !    Мероприятие   !  Форма   !Ответст-!Срок ис-!Предпо-!Источ-
п/п!                  !завершения!венные  !полнения!лагае- !ники
   !                  !          !за ис-  !        !мые    !финан-
   !                  !          !полнение!        !расходы!сирова-
   !                  !          !        !        !(млн.  !ния
   !                  !          !        !        !тенге) !
-------------------------------------------------------------------
1 !         2        !     3    !    4   !    5   !   6   !   7
-------------------------------------------------------------------

Приложение 2        
к Правилам разработки и   
реализации отраслевых    
(секторальных) и региональных
программ в Республике Казахстан

             Форма представления в бюджетную комиссию
                  информации о проекте программы

Наименование отраслевой (секторальной)
и региональной программы_________________________________________

Разработчик (ответственный исполнитель)__________________________

-------------------------------------------------------------------
N  !Меро-  !Ответствен-!   Предполагаемые программой расходы
п/п!приятие!ный за ис- !-------------------------------------------
   !       !полнение   ! всего !       в том числе по годам
   !       !(реализа-  !       !-----------------------------------
   !       !цию)       !       !   год*  !  год  !  год  !  год
-------------------------------------------------------------------
1 !   2   !     3     !   4   !    5    !   6   !   7   !    8
-------------------------------------------------------------------
Республиканский бюджет

Местный бюджет
-------------------------------------------------------------------

      (Продолжение таблицы)

---------------------------------------------------
Действующие бюджетные ! Предполагаемые расходы   !
       программы       !   по бюджетной заявке    !
--------------------------------------------------!
Код, наименование!год* !всего!в том числе по годам!
бюджетной прог-  !     !     !--------------------!
раммы            !     !     ! год  ! год  ! год  !
--------------------------------------------------!
         9       ! 10  !  11 !  12  !  13  !  14  !
--------------------------------------------------

      Примечание: * - в данных графах указывается информация за предыдущий год реализации программы.