Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 12 қазандағы N 982 Қаулысы

      "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне экономиканың мемлекеттiк секторын басқаруды жетiлдiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шiлдедегi Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң      
2006 жылғы 12 қазандағы
N 982 қаулысымен  
бекiтiлген  

 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне
енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар

      1. "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
      "Астана қаласы" деген бөлiмде:
      реттiк нөмiрi 21-27-жол алынып тасталсын;
      "Алматы қаласы" деген бөлiмде:
      реттiк нөмiрлерi 86, 100, 104 және 123-23-жолдар алынып тасталсын.
      2. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында:
      көрсетiлген қаулыға қосымшада:
      "Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiне" деген бөлiмде:
      реттiк нөмiрлерi 3 және 4-жолдар алынып тасталсын;
      "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация министрлiгiне" деген бөлiмде:
      реттiк нөмiрi 160-12-жол алынып тасталсын;
      "Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгiне" деген бөлiмде:
      реттiк нөмiрлерi 271 және 272-жолдар алынып тасталсын.
      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.07.26 N 633 Қаулысымен.
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.03.18 № 218 Қаулысымен.
      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.09.2014 № 1011 қаулысымен.
      6. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады