"2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берілiп отырған Ауылдық кредит серiктестіктерi жүйесi арқылы ауыл шаруашылығы өндiрiсiне кредит беру ережесi бекiтілсiн.
Ауылдық-кредит серіктестіктерi жүйесi арқылы
ауыл шаруашылығы өндірiсiне кредит беру ережесi
1. Осы Ереже 2004 жылға арналған республикалық бюджетте 009 "Ауылдық кредит серiктестiктерi жүйесi арқылы ауыл шаруашылығы өндiрiсiне кредит беру" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен 2120203000 (екі миллиард бір жүз жиырма миллион екі жүз үш мың) теңге сомасында (бұдан әрi - Қаражат) кредит беру тәртiбi мен шарттарын анықтайды.
<*>
ЕСКЕРТУ. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.08.02. N 815
қаулысымен
.
2. Қаражат заңнамада белгіленген тәртiппен мерзiмділік, ақылылық, қамтамасыз етілу және қайтарымдылық шарттарында 7 (жетi) жыл мерзiмге жылдық 0,5%-ға тең сыйақының тiркелген ставкасы бойынша республикалық бюджеттен бөлiнедi.
3. Қаражат ауылдық кредит серiктестіктерiне (бұдан әрi - Серiктестiктер) кредит беру үшiн бөлiнедi.
4. Қаражат бөлу екiншi деңгейдегі банкке немесе банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар ұйымға (бұдан әрi - Қарыз алушы) кредит беру жолымен жүргiзіледi.
Қарыз алушы Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2002 жылғы 25 шiлдедегі N 832
қаулысымен
бекiтілген мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер үшiн бюджеттiң атқарылуы және есептілік нысандарын жүргiзу (мерзiмдiк және жылдық) жөнiндегi қаржылық рәсiмдердiң ережесiне сәйкес анықталады.
5. Қаражат бөлу үшiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі (бұдан әрi - Кредитор) Қарыз алушымен және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен (бұдан әрi - Бюджеттiк бағдарламаның әкімшісi) бiрлесiп, республикалық бюджеттен Қаражат бөлудiң және оны осы Ережеге сәйкес қайтарудың тәртiбi, Қарыз алушының мiндеттемелерiн орындауын қамтамасыз етудiң тәсiлдерi мен өзге де шарттар анықталатын қарыз шартын (бұдан әрi - Кредиттiк келiсiм) жасайды. Бұл ретте, Қарыз алушы мен Серiктестiктер арасында жасалған кредиттік шарттар бойынша талап ету құқығын кепiлге салу шарттары, сондай-ақ Қаражаттың республикалық бюджетке қайтарымдылығын қамтамасыз ету болып табылуы мүмкін.
6. Қарыз алушы Серiктестiктерге Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қарыз алушының iшкi кредит саясатына сәйкес мерзімділік, ақылылық, қамтамасыз етiлу және қайтарымдылық шарттарында кредит берудi, сондай-ақ Қаражатты мақсатты пайдалануды және оны республикалық бюджетке уақтылы қайтаруды жүзеге асырады.
7. Бюджеттік бағдарлама әкiмшiсiне кейiннен Қарыз алушыға беруi үшiн республикалық бюджеттен Қаражат бөлу Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2002 жылғы 25 шiлдедегi N 832 қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттік бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшiн бюджеттің атқарылуы және есептілiк нысандарын жүргiзу (мерзiмдiк және жылдық) жөнiндегi қаржылық рәсiмдердiң ережесiне сәйкес жүзеге асырылады.
8. Қарыз алушы Кредиттiк келiсiмдермен анықталған тәртiппен және мерзiмдерде Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшісi мен Кредиторға растайтын құжаттардың көшiрмелерiн қоса бере отырып, бөлiнген Қаражаттың пайдаланылуы туралы және түпкi қарыз алушылардан төлемдердiң түсуi туралы есептер бередi.
9. Кредитор Қаражаттың мақсатты пайдаланылуын және республикалық бюджетке уақытылы және толық қайтарылуын бақылауды жүзеге асырады.