Қазақстан Республикасының Yкiметі қаулы етеді:
1. 1951 жылғы 18 сәуiрде Париж қаласында жасалған Еуропалық және Жерорта теңiзiнiң Өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi ұйымын құру туралы конвенцияға қосылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Еуропалық және Жерорта теңiзiнiң Өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi ұйымы
Еуропалық және Жерорта теңiзiнiң Өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi ұйымын құру туралы
конвенция
(1999 жылғы мәтін күшінде)
1999-09
Париж
Ре Ле Нотр, 1
Еуропалық және Жерорта теңiзiнiң Өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi ұйымын құру туралы
конвенция
(алғашқы бекітілген түрінде және 1999-09-ға дейінгі барлық өзгерістер ескерілген)
Еуропалық және Жерорта теңiзiнiң Өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi ұйымын құру туралы
конвенция
қабылданған уақыты 1951 ж. 18 сәуiр, Кеңеспен жөнделген
уақыттары: 1955 ж. 27 сәуiр, 1962 ж. 9 мамыр, 1968 ж.
18 қыркүйек, 1973 ж. 19 қыркүйек, 1982 ж. 23 қыркүйек,
1988 ж. 21 қыркүйек, 1999 ж. 15 қыркүйек.
Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлiк және Ауыл шаруашылығы мәселелерi бойынша Бөлiмшесi (ФАО*) ұйымдастырған Өсiмдiктердi Қорғау жөнiндегi Халықаралық Конвенциясының негiзiнде өсiмдiктердi қорғау жөнiндегі танымал аумақтық ұйым есебiнде Еуропалық және Жерорта теңiзiнiң өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi ұйымы (бұдан әрі Ұйым) құрылуы тиiс. Ұйымның Мақсаттары болып төмендегiлер табылады:
а. өсiмдiктердi қорғау, осыған байланысты жұмыстар кезiнде адамдардың, аң-жануарлардың өмiрi мен денсаулығына, қоршаған ортаға зиян келтiрмеуге бағытталған Ұйым мүшелерi болып табылатын үкiметтердiң жұмысына қолдау көрсету;
б. өсiмдiктердi және өсiмдiк негiзiндегi өнiмдердi қорғау Ұйымының мүшелерi болып табылатын үкiметтердiң арасындағы зиянкестерден қорғау және олардың халықаралық дәрежеде, әсiресе залалданған аумақтарға әкелуiнiң алдын алуға бағытталған ынтымақтастықты дамыту және одан әрі жалғастыру;
с. халықаралық дәрежеде келiсiлген фитосанитарлық және өсiмдiктердi қорғаудың басқа да ресми шараларын, сонымен қатар осындай іс-қимылдардың нәтижесiн дамыту;
д мүше-үкіметтердің ұжымдық келісілген пiкірін ФАО, ВТО, өсiмдiктердi қорғау жөнiндегі басқа да аумақтық ұйымдарға, осы бағыттағы мiндеттер атқаратын мекемелерге беру.
* Халықаралық өсiмдiктердi қорғау Конвенциясының VІІI бабы 1951-12-06; Халықаралық өсiмдiктердi қорғау Конвенциясының өзгертілген жаңа мәтінінің Х-бабы 1997-11 ФАО-ның Конференциясының жиырма тоғызыншы Сессиясының 12/97 қарарымен бекiтiлген.
Осы Конвенцияның алға қойған мақсаттары үшiн мына терминдер төмендегі мазмұндалған түрде белгіленуi тиiс:
"Қауiп төндiретiн аудан" - экологиялық жағдайы зиянкестердiң пайда болуына, олардың өсiп таралуына қолайлы аудан және олардың таралуы елеулі экономикалық нұқсан келтiредi;
"Халықаралық стандарттар" - Өсiмдiктердi қорғау жөнiндегі халықаралық Конвенцияға сәйкес белгіленген халықаралық стандарттар;
"Жерсiндiру" - зиянкестердiң кiруi, олардың байқалуына әкелiп соғады;
"Зиянкес" - өсiмдiктер мен өсiмдiк негiзiндегi өнiмдерге зиянды штамм, өсiмдiктердiң, жануарлардың биотүрi немесе патогендiк заттың кез-келгенi;
"Зиянкестер тәуекелдiгiн талдау" - зиянкестердiң таралуын реттеу қажеттілігін және оларға қарсы қолданылатын фитосанитариялық шаралардың пәрменділігін анықтау үшiн керектi биологиялық, экономикалық және ғылыми мәлiметтердi бағалау үдерiсi;
"Фитосанитариялық шаралар" - зиянкестердiң енуiн және таралуын болдырмауға бағытталған заңнамалық, нормативтiк және ресми үдерістер;
"Өсiмдiк негiзiндегi өнiмдер" - өз табиғи қасиеттерiне байланысты зиянкестердiң сырттан ену және таралу мүмкiндігін туғызатын өсiмдiк негiзіндегi ұқсатылмаған (дәндi дақылдарды есептегенде) және ұқсатылған өнімдер;
"Өсiмдік" - өсіп тұрған өсімдiктер және олардың бөліктерi, тұқымдары мен ұрық плазмаларын қоса есептегенде;
"Карантиндiк зиянкес" - қауіп тудыратын ауданға елеулі экономикалық маңызы бар, әзiр енбеген немесе енген, бiрақ әлi кең таралмаған және ресми бақылауда болатын зиянкестер;
"Аумақтық стандарттар" - аумақтық ұйымдар белгiлеген, осы ұйым мүшелерiне басшылыққа қажеттi өсiмдiктердi қорғау жөнiндегі стандарттар;
"Реттелген карантиндiк емес зиянкес" - отырғызуға немесе себуге арналған өсiмдiктiң құрамында карантиндiк емес зиянкестiң болуы және сол өсiмдiктi пайдаланудың нәтижесiнде экономикалық жайсыз әсердiң болуына байланысты импортер-елдер өз аумағында зиянкестiң таралуын реттеп отырады;
"Реттелушi зиянкес" - карантиндiк зиянкес немесе реттелушi карантиндiк емес зиянкес.
а. Ұйымға мүшелік төмендегi тұлғаларға, осы Конвенцияны, оның XX бабының ережелерiне сәйкес, қатаң сақтаған жағдайда мүмкiн болуы тиiс:
1. II Тiзiмде көрсетiлген елдердiң Үкiметтерi;
2. Ұйым Кеңесi мүшелiкке өтуге шақырған басқа да елдердiң
Үкiметтерi.
б. XXI бап жағдайында жасалған өтініште аталған кез келген аумақтың Үкiметi, тек қана сол Мүшенің ұсынысы бойынша, Ұйым Кеңесiнiң мүшелiгіне қабылдануы мүмкiн. Осындай әр шешiм дауыстың үштен екілік басымдылығын талап етедi. Осындай жағдайда қабылданған аумақ, кеңестің пікiрi бойынша, Ұйымның жұмысына белгiлi де қомақты үлес қосуға қабiлетті болуы тиiс.
а. Ұйымның тұрағы Париж қаласында болады.
б. Ұйымның мәжілісi орналасқан жерiнде өтедi.
Ұйымның мiндеттерi болып төмендегiлер табылады:
а. Tөмендегi құжаттарды дайындау:
1. жалпы өсiмдiктердi қорғау мен фитосанитариялық шаралардың
жақсы қолданымға ие болған қағидалары;
2. аумақтық стандарттар.
б. төмендегi шараларға қолдау көрсету:
1. фитосанитариялық және өсiмдiктердi қорғаудың басқа да
ресми шараларын келiстіру;
2. фитосанитариялық ережелер мен сертификаттарды оңайлату мен
жүйелендiру.
с. мүше-үкiметтерге төмендегi мәселелер бойынша кеңес беру:
1. реттелушi зиянкестердiң енуiн және таралуын болдырмауға
қажеттi қарау және тексеру, сертификаттау, өңдеу,
инспекциялау және жою сияқты техникалық шаралар бойынша;
2. реттелушi зиянкестердiң енуiн және таралуын болдырмаудың
әкімшілік және заңнамалық шаралары бойынша, оның iшiнде
зиянкестердiң тәуекелдiгiн талдау және реттелушi
зиянкестердiң тiзiмiн жасау мен жаңалау;
3. өсiмдiктердi қорғау заттарына рұқсат алу мен тiркеуге,
оларды сатуға бақылау жасау мен аумақтарда өсiмдiктердi
қорғаудың пайдаланымдағы жинақталған тәжiрибесiне және
керектi жағдайларда бiрiккен бақылау жасау қағидаларына
сәйкес қолдануға қажетті шаралар бойынша.
д. қажетті жағдайларда мүше-үкіметтердің зиянкестерге қарсы күрес іс-қимылдарын үйлестіру;
е. зиянкестерге қарсы зерттеулер жүргiзу мен оларды бақылау тәсiлдерi және осы мәселелерге қатысты ғылыми ақпаратпен алмасу жөнiндегi ынтымақтастыққа қолдау көрсету;
ф. ақпарат тарату жолдары:
1. мүше-үкiметтерден зиянкестердiң пайда болуы мен таралуы
туралы ақпараттар алып, оны басқа мүше-үкiметтерге жiберу;
2. ұлттық фитосанитариялық заңнамалар, реттелушi
зиянкестердiң тiзiмi және өсiмдiктер мен өсiмдiктер
негізiндегi өнiмдердiң еркiн қозғалысына әсер ететiн басқа да
шаралар бойынша ақпараттар айырбастау;
3. техникалық және ғылыми прогресс үшiн қажеттi материалдарды
құжаттау, ақпарат беру және оларды жариялау жөнiндегi
қызметтердi ұйымдастыру.
г. жалпы алғанда, Ұйымның мақсаттарын орындауға қажетті барлық iс-қимылдарды iске асыру.
VI бап. Мүше-үкiметтерiнің міндеттері
а. Мүше-үкiметтер Ұйымның негізделген түрде сұраған және оның алдына қойған мақсаттарын орындауға қажеттi барлық ақпаратты мүмкiндiгiнше толық беруi тиiс, оның iшiнде V f1 және V f2 баптарында аталған ақпараттар.
б. Мүше-үкiметтер Ұйымның Кеңесi берген ұсыныстарды орындауға күш-жiгерлерiн салулары керек, оның iшiнде аумақтық стандарттар бойынша.
VII бап. Басқа ұйымдармен қарым-қатынас
Ұйым осы Конвенцияның алға қойған мақсаттарын орындау үшiн ФАО-мен, оның өсiмдiктердi қорғау жөнiндегі аумақтық мекемелерімен, сонымен қатар ВТО-мен, басқа да мiндеттерi сәйкес келетiн органдармен ынтымақтасады. Мұндай ынтымақтастыққа фитосанитария және өсімдіктердi қорғаудың басқа да ресми шаралары бойынша стандарттар дайындау, халықаралық стандарттарға үмiткер есебiнде аймақтық стандарттарды қарау. Ұйым әр мүше-үкіметтің қызметтерiнің ішінара тоқайласуын болдырмауға бар күш-жігерін жұмсауы тиіс.
Ұйым құрылымы:
а. Кеңес
б. әкiмшілік, оның құрамында Атқару комитетi, Бас Директор және қызметкерлер;
с. есеп беру мәселесiн тексеретiн тобы;
д. Кеңес XIII баптың a.5. тармағына сәйкес шешiм қабылдау
мүмкiн.
а. Ұйым Кеңесi мүше-үкiметтердiң өкілдерiнен тұрады.
Әр мүше-үкiмет Кеңеске бiр өкiлден және оның орынбасарын тағайындайды.
Мүше-үкiметтер тағайындаған өкiлдер мен олардың орынбасарларының көмекшiлерi мен кеңесшiлерi болуы мүмкiн.
б. Әр мүше-үкiмет Кеңесте бiр дауысқа ие.
а. Кеңестің кезектi сессиялары жылына бiр рет өткiзiледi.
б. Кеңестiң кезектен тыс сессиялары кез келген уақытта өткізіледi, егер Төрағаның атына мүше-үкіметтердiң үштен бiрінің атынан осы жөнінен жазбаша сұраныс түссе.
Кез келген Ұйымның мүшелігінде жоқ Үкiмет немесе мiндеттерi Ұйым жұмысымен байланысты үкiметаралық орган, Кеңестің келiсiмi бойынша кез келген ceccия жұмысына дауыс беруге құқысыз бiр немесе бiрнеше бақылаушы қатыстыруы мүмкiн.
Кеңес мiндеттi:
а. төмендегi мәселелердi қарап, олар бойынша шешiм қабылдауы тиiс:
1. Кеңестiң өткен кезектi сессиясынан кейiнгi уақыттағы
Ұйымның атқарған жұмысы жөнiндегi Бас Директордың есебi
туралы;
2. Ұйымның қызмет бағдарламасы мен саясаты жөнiнде;
3. бюджет жөнiнде;
4. баланстық есеп және жыл сайынғы шот бойынша;
5. Ұйымның жұмысына қажеттi уақытша органдарды құру және
жою мәселелерi бойынша;
6. сондай органдардың есептерi туралы;
7. Атқару Комитетi берген барлық ұсыныстар бойынша.
б. Ұйымның жарғысында қарастырылған сайлаулар өткiзу;
с. Кеңес белгiлеген шарттарға сәйкес Бас Директорды тағайындау.
XIV бап. Төраға және оның орынбасары
а. Кеңес Төраға мен оның орынбасарын мүше-үкiмет өкілдерiнiң арасынан сайлайды.
б. Төраға мен оның орынбасары үш жыл мерзiмге сайланады және келесi өкiлеттi мерзiмге қайта сайлануы мүмкiн.
с. Төраға мен оның орынбасары Кеңесте қандай лауазымда болса атқару Комитетiнде де сондай лауазымда болады.
д. Төраға мен оның орынбасары Атқару Комитетiнiң сайлауында өз елдерінің мүддесiн қорғауды тоқтатуы тиiс.
a. Атқару комитетi Төрағадан, оның орынбасарынан және Кеңес таңдап алған мүше-үкiметтердiң жетi өкілдерiнен тұрады.
б. Атқару комитетiнiң мүшелерi үш жыл мерзiмдегi өкiлдiкке ие және қайта сайлануы мүмкiн.
с. Егер Атқару комитетiнде уақытынан бұрын лауазым орыны босап қалса, онда Атқару комитетi мүше-үкiметтерге бос лауазымға өкiл тағайындау туралы сұраныс жасауы тиiс.
д. Атқару комитетi кем дегенде жылына бiр рет жиналуы тиiс.
XVI бап. Атқару комитетiнiң мiндеттерi
Атқару комитетi мiндетті:
а. Ұйымның саясаты мен жұмыс бағдарламасы бойынша Кеңеске ұсыныс енгiзу;
б. Басқа Ұйымдардан түскен ұсынымдарды қарап, VII бапта анықталғандай, Кеңеске қажеттi ұсыныс енгiзедi;
с. Ұйымның қызметiн Кеңестiң шешiмдерiне сәйкестендiредi;
д. Кеңеске бюджеттің жобасын, жыл сайынғы және баланстық есептi жiбередi: Атқару комитетi Кеңес қарағанға дейiн бюджетті алдын ала бекітуі мүмкін;
е. Осы Конвенцияға сәйкес немесе Кеңес жүктеген жағдайларда да мiндеттер орындауы мүмкiн;
ғ. өзiнiң дербес үдерiсiн қабылдау.
Бас директор мiндетті:
а. Ұйымның хатшылығының басшысы болуға барлық жауапкершiлiгімен;
б. Кеңес бекiтiп, Атқару комитетi жүктеген бағдарлама мен тапсырманы орындауға;
с. Кеңестiң әр кезектi сессиясында Ұйымның қызметi және қаржылық жағдайы туралы есеп беруге.
а. Ұйымның шығындары Кеңес немесе Атқару комитетi бекiткен мүше-үкiметтердiң жыл сайынғы төлейтiн жарналары және басқа да түсiмдердiң есебiнен жабылады.
б. Әр мүше-үкiметтiң жыл сайынғы жарнасы I Тiзiмде анықталғандай жарналар мөлшерлемесi шкаласына сәйкес негiзделуi тиiс.
с. Конвенцияға жаңадан қосылған үкiметтер, егер олар ФАО-ның мүшесi болса, онда I Тiзiмдегi санатқа қосылады, ал егер олар ФАО-ның мүшесi болмаса, онда санатты Кеңес анықтайды. I Тiзiм және мүше-үкiметтердiң шкаласындағы санаттары тек қана Кеңестің шешiмi бойынша, мүше-үкiметтер дауысының үштен екiлiк басымдылығымен өзгертiледi.
д. Атқару комитетiнiң ұсынымы бойынша Кеңес I Тiзiмде көрсетiлген негiзгi жарнаға, оны Ұйымның қызметiмен немесе сол уақыттағы экономикалық ахуалға сәйкестендiру үшін, коэффициент қолдану туралы шешiм қабылдауы мүмкiн, шешiм қатысып отырған және дауыс берушi мүше-үкіметтердiң дауысының үштен екiлiк басымдылығымен қабылданады.
e. Жыл сайынғы жарналар Ұйымның қаржылық жылының басында төленуге тиiс.
ғ. Мүше-үкіметтердің жарналары төленетін валюта сол жарна қосып отырған үкіметтiң мақұлдануынан кейiн Атқару комитетi анықтайды.
г. Конвенцияға Жаңадан қосылған үкiмет өзiнiң бiрiншi жарнасын Ұйымның қаржылық жылының нәтижесi бойынша төлейдi. Осы қаржылық жылдың iшiнде XX баптың ережелерi орындалады.
ж. Жекелеген немесе бiр топ үкiметтер, Ұйым сол үкіметтiң немесе үкiметтердiң мүддесiне сәйкес жүргiзетiн, арнайы бағдарламалар мен науқандарды қаржыландыру мақсатында қосымша жарналар енгiзулерi мүмкiн.
и. Шоттарды тексеретiн топ үш мүше-үкiметтердiң өкiлдерiнен тұрады және оларды Кеңес сайлауы тиiс. Топ мүшелерi үш жылға сайланады және олар кейiнгi үш жыл iшiнде қайта сайлануға құқылары жоқ.
к. Атқару комитетi Ұйымның шоттарын жыл сайын тексерiп отыру мақсатында Кеңес бекітетін аудиторды тағайындайды.
л. Шоттарды тексеретiн топ жыл сайын аудитормен бiрге Ұйымның шоттары мен менеджментiн тексередi және Кеңеске баяндайды.
а. Осы Конвенцияға және I Тiзiмге енгiзiлетiн түзетулердiң мәтiнiн Бас директор Кеңесте қаралғанға дейiн үш айға дейiнгі уақытта алдын ала мүше-үкiметтерге таратады.
б. Конвенцияға енгiзілетін түзетулер қатысып отырған және дауыс берушi Кеңес мүшелерiнің үштен екiлiк басымдылығымен қабылданғаннан кейiн күшiне енедi. Мүше-үкiметтерге жаңа мiндеттер жүктейтiн түзетулер, төмендегi с. параграфындағы I Тiзiмге енгізілетiн түзетулерден басқа, ол үкiметтер аталған түзетулердi қабылдағаннан кейiн ғана күшіне енедi.
с. I Тiзiмге енгiзiлетін түзетулер Кеңесте мүше-үкіметтер дауысының үштен екілік басымдылығымен қабылдануға тиiс.
д. Қабылданған түзетулер Франция үкiметіне сақтауға беріледi, ол түзетулердiң алынғанын және олардың күшіне енгенiн барлық мүше-үкіметтердi хабардар етуi тиiс.
а. Осы Конвенция, оның III баптың ережелерiне сәйкес қатысушысы болып табылатын үкiметтерге, төмендегi жағдайларда, қол қоюға және қосылуға ашық болуы тиiс:
1. ратификациялау, қабылдау немесе бекiтуге қатысты сөзсiз
қол қою;
2. қол қойып кейiннен ратификациялау, қабылдау және бекiту;
3. Конвенцияға қосылу.
б. Ратификациялау, қабылдау, бекiту немесе қосылуға байланысты құжаттар Франция үкiметiне сақтауға берiлуi тиiс. Құжаттар сенiп берiлген тұлға барлық мүше-үкiметтердi әр құжат қашан қол қойылғаны және тапсырғаны жөнiнде хабардар етуi тиiс.
а. Кез келген үкiмет, оның осы Конвенцияда қатысуы халықаралық қатынас жағдайында жауапкершілік тартатын барлық немесе кез келген аумағына таралатыны туралы үндеу жариялауы мүмкiн. Ол үндеу Франция үкiметiне сақтауға берiлуi тиiс.
б. Мүше-үкiметтердiң жариялайтын әр үндеуi, осының алдындағы параграфқа сәйкес, оны Франция үкiметi алғаннан кейiн отызыншы күнi күшiне енедi.
с. Франция үкiметi Конвенцияға қатысушы барлық үкіметтердi жарияланған үндеулер жайында осы бапқа сәйкес жедел түрде хабардар етеді.
а. Әр мүше-үкiмет екi жыл мүше болғаннан кейiн кез келген уақытта Франция үкiметiнiң атына жазбаша түрде хабарлама жасау арқылы Конвенциядан шығуы мүмкiн. Конвенциядан шығу ол жөнiнде хабарлама алғаннан бiр жылдан кейiн күшіне енедi.
б. Екi жыл қатарынан жылдық жарнасын төлемеген мүше-үкiмет өз мiндеттемесiн орындамағанына байланысты конвенциядан шығарылады.
с. Конвенцияны белгiлi бiр аумаққа немесе аумақтарға қолдану, сол аумақтарға халықаралық қатынас бойынша жауапкершiлiк тартатын мүше-үкiметтен Франция үкiметiне жазбаша хабарлама түскен жағдайда тоқтатылады. Хабарлама алынған уақытынан бiр жылдан кейiн күшiне енедi.
д. Франция үкiметi осы бапқа сәйкес түскен хабарлама жайында барлық мүше-үкiметтердi хабардар етедi.
а. Осы Конвенция XX баптың ережелерiне сәйкес бес үкiмет оның қатысушысы болған күннен бастап күшiне енедi.
б. Франция үкiметi осы Конвенцияны қабылдаған немесе оған қол қойған барлық мүше-үкiметтердi Конвенцияның күшіне енгенi жөнiнде жедел түрде хабардар етедi.
с. Ратификациялау, қабылдау, бекiту немесе қосылу жөнiнде сақтауға құжаттар тапсырған әр үкiмет үшiн Конвенцияның күшіне енуi осы баптың а. параграфына сәйкес аталған құжаттарды сақтауға тапсырған күннен бастап есептеледi.
I Тізім
Жыл сайынғы жарналардың мөлшерлеме шкаласы
француз франкiмен тұлғаланған және 1986 жылғы 18 қыркүйекте Кеңес бекiткен фунт стерлингке арналған шкаладан алынған. ФАО-ға мүше елдердің ФАО-ның 1966 және 1967 жылдарға арналған бюджетiне қосқан үлестерiне негізделген.
(ХVІІI бапты қараңыз)
___________________________________________________________________
| | Жыл сайынғы жарналар
Санат | ФАО-ға төленген пайыз | француз франкімен
| | тұлғаланған
___________________________________________________________________
1 0,01 кем 4590
2 0,01 - 0,15 9280
3 0,16 - 0,45 13770
4 0,46 - 0,75 18360
5 0,76 - 1,35 22950
6 1,36 - 2,00 27540
7 2,01 - 2,50 32130
8 2,51 - 5,00 36720
9 5,01 - 7,50 41310
10 7,51 - 10,00 49900
___________________________________________________________________
II ТIЗIМ
А. Конвенцияны қабылдауға 1951 жылы шақырылған Еуропа және Жерорта теңiзi аймағының мемлекеттерi:
Албания Венгрия Португалия
Аустрия Исландия Румыния
Бельгия Ирландия Сан-Марино
Белорус Советтік Израиль Испания
Социалистiк Республикасы
Болгария Италия Швеция
Чехословакия Ливан Швейцария
Дания Лихтенштейн Сирия
Египет Люксембург Түркия
Германия Федеративтiк Монако Украина Советтiк
Республикасы Социалистiк
Республикасы
Финляндия Нидерланды Советтiк Социалистік
Республикалар Одағы
Франция (және де Алжир, Норвегия Ұлыбритания
Тунис, Марокко үшiн)
Грекия Польша Югославия
В. Конвенцияға қосылуға 1996 жылы Кеңес шақырған мемлекеттер:
Армения Литва
Әзiрбайжан Молдова
Босния мен Герцеговина Тәжiкстан
Бұрынғы Югославияның
Македония Республикасы Түрiкменстан
Грузия Өзбекстан
Иордан Югославия (Федеративтiк
Республика)
Қазақстан
Қырғызстан
Ливия
Түпнұсқалық мәтінге қол қойылған мемлекеттер
Төменде қол қойған тұлғалар өз үкiметтерінің керектi өкiлеттігін алып, осы Конвенцияға және оның Тiзiмдерiне куәландырып қолдарын қояды.
Парижде 1951 жылғы 18 сәуiрде бiр данада жасалған және ол Франция үкіметiнiң Мұрағатында сақталады*.
Дания үшін Halvor Skov
Р. Bovien
Бельгия үшін Guillaume
H. Van Оrshoven
Испания үшін Miguel Benloch
Франция үшiн R. Protin
Ирландия үшін D.Delaney
Италия үшін А.Welis
Люксембург үшiн E. Wiron
Нидерланды үшiн C.J.Briejeг
Португалия үшін Francisko Aranha
Германия Федеративтiк
Республикасы үшiн H. Drees
Ұлыбритания үшiн J. Hensley
Швейцария үшiн А. Chaponnier
Югославия Федеративтiк
Республикасы үшiн G. Nonveiller
Аустрия үшiн F. Beran
Грекия үшiн D. Koulopoulos
Құжаттың куәландырылған көшірмесi Француз Республикасының Мұрағатында сақталады.
Le Мinistre Plenipotentiare
Chef du Servise du Protokole
Edouard de la Cauviniere
(*) Конвенцияның әр түзетілген көшiрмесi Ұйымның Кеңесi, 1955 жылғы 27 сәуiрдегi, 1962 жылғы 9 мамырдағы, 1968 жылғы 18 қыркүйектегi, 1973 жылғы 19 қыркүйектегі, 1982 жылғы 23 қыркүйектегі, 1988 жылғы 21 қыркүйектегі, 1999 жылғы 15 қыркүйектегі қабылдаған түзетулермен бiрге, Франция үкіметіне сақтауға берілген.
Еуропа және жерорта теңізінің өсімдіктерді қорғау жөніндегі ұйымы
Мүше-Үкіметтер
1999 жылғы 14 қыркүйекке
және I Тiзiмге сәйкес олардың санаттары
Мемлекет Санат Мемлекет Санат
Албания 2 Иордан 2
Алжир 2 Латвия 2
Аустрия 4 Литва 2
Бельгия 6 Люксембург 2
Болгария 3 Мальта 2
Хорватия 2 Марокко 2
Кипр 2 Нидерланды 6
Чехия 3 Норвегия 4
Дания 5 Польша 6
Эстония 2 Португалия 3
Финляндия 4 Румыния 4
Франция 10 Россия 9
БЮР Македония 2 Словакия 2
Германия 10 Словения 2
Грекия 3 Испания 4
Гернси 4 Швеция 6
Венгрия 3 Швейцария 5
Ирландия 3 Тунис 2
Израиль 3 Түркия 4
Италия 8 Украина 6
Джерси 2 Ұлыбритания 10
РҚАО-ның ескертуі: бұдан әрі ағылшын мәтінде (қағаздағы мәтінді қараңыз)