Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Алматы облысының әкiмiне 2004 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен 2003 жылғы шiлдеде болған су тасқынынан бүлiнген көпiрлердi, автожолдарды және басқа да құрылыстарды жөндеуге және қалпына келтiруге 200000000 (екi жүз миллион) теңге бөлiнсiн.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсiн.
3. Алматы облысының әкiмi 2004 жылдың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiне орындалған жұмыстардың көлемi мен құны туралы есеп берсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі