Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Канадада Қазақстан Республикасының Консулдығын қайта ұйымдастыру туралы" Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Канадада Қазақстан Республикасының Консулдығын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы мен Канада арасындағы екi жақты ынтымақтастықты жандандыру мақсатында қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасының Канададағы Елшiлiгі етiп қайта құру жолымен Канадада Қазақстан Республикасының Консулдығы қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Жарлықтан туындайтын қажеттi шараларды қабылдасын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президенті