Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Канадада Қазақстан Республикасының Консулдығын қайта ұйымдастыру туралы" Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 наурыздағы N 326 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Канадада Қазақстан Республикасының Консулдығын қайта ұйымдастыру туралы" Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгiзiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Канадада Қазақстан Республикасының Консулдығын қайта ұйымдастыру туралы

      Қазақстан Республикасы мен Канада арасындағы екi жақты ынтымақтастықты жандандыру мақсатында қаулы етемін:
      1. Қазақстан Республикасының Канададағы Елшiлiгі етiп қайта құру жолымен Канадада Қазақстан Республикасының Консулдығы қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Жарлықтан туындайтын қажеттi шараларды қабылдасын.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады