Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007.12.28. N 1344 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Авиабағыттарға субсидияларды жұмсау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 17 тамыздағы N 915
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 27, 301-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Авиабағыттарға субсидияларды жұмсау ережесінде:
6-тармақта "тоқсан сайын" деген сөздер "ай сайын" деген сөздермен ауыстырылсын.