"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Оларды сатып алудың маңызды стратегиялық мәні бар ретінде мемлекетке тиесілі мемлекеттік акциялар пакеті бар ұлттық компаниялар мен ұйымдардың Ганновер-2004 жәрмеңкесіне қатысуын ұйымдастыру жөніндегі қызмет көрсетуді беруші болып "Шағын кәсіпкерлік жөніндегі республикалық ақпараттық-көрме орталығы" жабық акционерлік қоғамы белгіленсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы