"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 2 сәуірдегі N 378 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметі қаулы етеді:
      "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжілісінiң қарауына енгiзiлсiн.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетiн атқарушы

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгiзу туралы

      1. "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шiлдедегі Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 17-18, 243-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 55-тармақпен толықтырылсын:
      "55. Құрылыста инженерлік-консультациялық қызметтер көрсету - құрылыстың және құрылыс өнiмiнің сапасын қамтамасыз ету жөнінде қызметтер көрсету, соның iшiнде сараптамалық жұмыстар мен консультациялық қызметтер көрсету.";
      2) 19-бап мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:
      "16) құрылыста инженерлiк-консультациялық қызметтер көрсету ережесiн бекiтеді.";
      3) 70-баптың 2-тармағы 11) тармақшадағы "араласу" деген сөздерден кейiн мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
      "12) инженерлiк-консультациялық қызметтерді тарту.".

      2. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

О проекте Закона Республики Казахстан "О внесении дополнений в Закон Республики Казахстан "Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в Республике Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 2 апреля 2004 года N 378

      Правительство Республики Казахстан постановляет:
      Внести на рассмотрение Мажилиса Парламента Республики Казахстан проект Закона Республики Казахстан "О внесении дополнений в Закон Республики Казахстан "Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в Республике Казахстан".

      Исполняющий обязанности
          Премьер-Министра
       Республики Казахстан

                                                               Проект

Закон Республики Казахстан О внесении дополнений в Закон Республики Казахстан
"Об архитектурной, градостроительной и строительной
деятельности в Республике Казахстан"

      1. Внести в Закон Республики Казахстан от 16 июля 2001 года "Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в Республике Казахстан" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2001 г., N 17-18, ст. 243) следующие дополнения:
      1) статью 1 дополнить пунктом 55 следующего содержания:
      "55. Инженерно-консультационные услуги в строительстве - услуги по обеспечению качества строительства и строительной продукции, в том числе экспертные работы и консультационные услуги.";
      2) статью 19 дополнить подпунктом 16) следующего содержания:
      "16) утверждает правила оказания инженерно-консультационных услуг в строительстве.";
      3) пункт 2 статьи 70 дополнить подпунктом 12) следующего содержания:
      "12) привлечением инженерно-консультационных услуг.".

      2. Настоящий Закон вводится в действие со дня официального опубликования.

      Президент
      Республики Казахстан