Қазақстан Республикасының Yкiметі қаулы етеді:
"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжілісінiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетiн атқарушы
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгiзу туралы
1. "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шiлдедегі Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 17-18, 243-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 55-тармақпен толықтырылсын:
"55. Құрылыста инженерлік-консультациялық қызметтер көрсету - құрылыстың және құрылыс өнiмiнің сапасын қамтамасыз ету жөнінде қызметтер көрсету, соның iшiнде сараптамалық жұмыстар мен консультациялық қызметтер көрсету.";
2) 19-бап мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:
"16) құрылыста инженерлiк-консультациялық қызметтер көрсету ережесiн бекiтеді.";
3) 70-баптың 2-тармағы 11) тармақшадағы "араласу" деген сөздерден кейiн мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
"12) инженерлiк-консультациялық қызметтерді тарту.".
2. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледі.
Қазақстан Республикасының
Президентi