Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.23 N 381 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Инновациялық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 қаңтардағы N 54 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Инновациялық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі 2003-2004 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында:
реттік нөмірі 7-жол алынып тасталсын.
2. "Қазақстан Республикасының инновациялық даму бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 10 мамырдағы N 617 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 17, 220-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі