"Инновациялық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi инновациялық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыру жөнiндегі уәкiлетті орган болып бекiтiлсiн. <*>
Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.10.02. N 1027 қаулысымен .
2. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.23 N 381 Қаулысымен.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2003 жылғы 20 қаңтардағы
N 54 қаулысымен
бекiтiлген
"Инновациялық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегi 2003-2004 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары
Ескерту. Жоспардың күші жойылды ( 2-тармақты қараңыз ) - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.23 N 381 Қаулысымен.