Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 21.02.2015 № 85 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы аумағында жануарлар мен құстардың аса қауiптi жұқпалы ауруларының туындауын және таралуын болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Ветеринария саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдердi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 28 сәуiрдегi N 407 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 18, 185-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды мiндеттi түрде алып қою және жою жүргiзiлетiн кездегі жануарлардың аса қауiптi ауруларының тiзбесiнде;
сегiзiншi абзацтағы "құс орнитозы" деген сөздерден кейiн ", құстардың жоғары патогендi тұмауы" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Алдын алуы, диагностикасы және жойылуы республикалық бюджет есебiнен жүзеге асырылатын жануарлардың aca қауiптi ауруларының тiзбесiнде;
төртiншi абзацтағы "жылқының африкалық обасы (экзотикалық aуpу)" деген сөздерден кейiн ", эпизоотиялық лимфангоит" деген сөздермен толықтырылсын;
жетiншi абзацтағы "респираторлық микоплазмоз" деген сөздерден кейiн ", құстардың жоғары патогенді тұмауы" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республиканың
Премьер-Министрі