Жол қозғалысы қауiпсiздiгін қамтамасыз етудiң кейбiр мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 сәуірдегі N 431 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.04.21. N 313 қаулысымен.

      "Жол қозғалысы қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шiлдедегi  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының жол полициясы туралы ереже бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің         
2004 жылғы 19 сәуірдегі 
N 431 қаулысымен     
бекiтiлген        

  Қазақстан Республикасы ішкi iстер органдарының
жол полициясы туралы
Ереже

      1. Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының жол полициясы (бұдан әрi - жол полициясы) жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында арнайы бақылау, қадағалау және рұқсат ету функцияларын, сондай-ақ автомобиль жолдарында қоғамдық тәртiптi сақтау, адамдар мен азаматтың құқықтары мен бостандығына, қоғам және мемлекеттiң мүдделерiне қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы қол сұғушылықтардың алдын алу мен жолын кесу жөнiндегі атқарушы және басқарушы функцияларды жүзеге асырады.
      2. Жол полициясы өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы және заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметінің кесiмдерiн, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
      3. Жол полициясы жол-көлік оқиғаларының алдын алу мен олардың салдары ауыртпалығын төмендету мақсатында өз қызметiн министрлiктермен және ведомстволармен, жергiлiктi атқарушы органдармен, заңды және жеке тұлғалармен өзара iс-қимыл жасасу арқылы жүзеге асырады.
      4. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Жол полициясы департаментi, Астана, Алматы қалалары IIББ-нiң, облыстардың IIББ-IIБ-нiң, жол полициясы басқармалары, басқармалардың құрамына кiрмейтiн Астана, Алматы қалаларының IIББ, облыстардың IIББ-IIБ жол полициясының саптық және өзге де бөлiмшелерi, қалалық, аудандық және өзге де iшкi iстер бөлiмдерінің жол полициясы бөлiмдерi (бөлiмшелерi) мен топтары жол полициясы қызметiнiң бiртұтас жүйесiн құрайды.
      5. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнің Жол полициясы департаментi - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң жол полициясы қызметiн басқаратын құрылымдық бөлiмшесi.
      6. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Жол полициясы департаментiнің бастығын лауазымға Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi тағайындайды әрi босатады және ол лауазымы бойынша Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк автомобиль инспекторы болып табылады.
      7. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгінің Жол полициясы департаментi бастығының орынбасарларын лауазымға Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi тағайындайды әрi босатады және олар лауазымы бойынша Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттiк автомобиль инспекторының орынбасарлары болып табылады.
      8. Облыстардың, қалалардың, аудандардың, қалалардағы аудандардың жол полициясы басқармаларының (бөлiмдерінің, бөлiмшелерінің) бастықтары лауазымға белгiленген тәртіппен тағайындалады әрі босатылады және лауазымы бойынша Бас мемлекеттік автомобиль инспекторлары, ал олардың орынбасарлары - облыстардың, қалалардың, аудандардың, қалалардағы аудандардың Бас мемлекеттiк автомобиль инспекторларының орынбасарлары болып табылады.
      9. Жол полициясының құрылымы мен штат санын iшкi iстер органдары үшiн оны қамтуға бөлiнетiн, Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен сан нормативтерiнен кем емес қаражат шегiнде Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi белгiлейдi.
      10. Жол полициясының жоғары тұрған бөлiмшелерi басшыларының нұсқаулары мен өкiмдерiн жол полициясының төмен тұрған бөлiмшелерінің басшылары орындауға міндеттi.
      11. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Жол полициясы департаментi туралы ереженi Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi бекiтедi.
      12. Астана, Алматы қалалары IIББ-нiң, облыстардың IIББ-IIБ-нің, жол полициясы басқармалары, басқармалардың құрамына кiрмейтiн Астана, Алматы қалаларының IIББ, облыстардың IIББ-IIБ жол полициясының саптық және өзге де бөлiмшелерi, қалалық, аудандық және өзге де ішкi iстер бөлiмдерінің жол полициясы бөлiмдерi (бөлiмшелерi) мен топтары туралы ережелердi Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi бекiткен Үлгi ереже негiзiнде тиiстi iшкi iстер органдарының басшылары бекiтедi.
      13. Жол полициясы өзiнiң алдына қойылған мiндеттерге сәйкес және өз құзыретi шегiнде:
      1) Қазақстан Республикасында қолданылатын:
      жол қозғалысының тәртiбi мен шарттарын, көше-жол желісiндегi және жол бойындағы көлiктiк және өзге де қызметтi, жол қозғалысы қауіпсiздігiн қамтамасыз ету саласындағы қызмет түрлерiн жүзеге асыруды белгілейтiн нормативтiк құқықтық кесiмдердің, нормативтердiң және стандарттардың;
      жол қозғалысы қауіпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы халықаралық шарттардың;
      жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бөлiгiнде Қазақстан Республикасында автомобиль көлiгiмен жолаушылар мен жүктердi тасымалдау ережелерiнің;
      жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысты бөлiгiнде қалаларды, өзге де елдi мекендердi, тұрғын үй массивтерi мен өнеркәсiптiк аймақтарды жобалау және салу кезiндегi ережелердiң, нормативтер мен стандарттардың;
      жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бөлiгiнде автомобиль жолдарын, жол құрылыстарын, темiр жол өткелдерiн, электр көлiгi желiлерiн жобалау, салу, қайта жаңарту, жөндеу және қалпына келтiру кезiндегi ережелердiң, нормативтер мен стандарттардың;
      автомобиль жолдарын, жол құрылыстарын және темiр жол өткелдерiн жол қозғалысы үшiн қауiпсiз жағдайда ұстау ережелерінің;
      жол қозғалысын реттейтiн техникалық құралдарды шығару, орнату, монтаждау, жөндеу және ұстау жөніндегi ережелердің, нормативтер мен стандарттардың;
      көлiк құралдарының конструкциясы мен техникалық жағдайына, оларды тексеру әдiстерiне қойылатын талаптарды белгiлейтiн нормативтер мен стандарттардың сақталуын мемлекеттiк қадағалауды және бақылауды жүзеге асырады;
      2) көлiк құралдары иелерінің және тасымалдаушылардың заңнамада белгiленген азаматтық-құқықтық жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу жөнiндегi мiндеттердi көлiк құралдары иелерi мен жолаушыларды тасымалдаушылардың орындауын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
      3) заңды және жеке тұлғалардың жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы, нормативтердi, ережелер мен стандарттарды орындауын тексередi;
      4) жол қозғалысы мен автомобиль тасымалдары қауiпсiздiгi саласында кез келген жасалған немесе дайындалып жатқан құқыққа қайшы қол сұғушылық туралы арыздар мен хабарларды қарайды, олардың жолын кесу, ашу, оларды жасаған адамдарды ұстау, қоғамға қауіптi салдарларға жол бермеу жөнiнде уақтылы шаралар қабылдайды;
      5) автомотокөлiк құралдарын жүргізу құқығын алу үшiн емтихандар қабылдайды;
      6) жеңiл, жүк автомобильдерiн және автобустарды, олардың негiзiнде жасалған арнайы автомобильдердi қоса алғанда, мотоциклдердi, мотороллерлердi, сондай-ақ автомобильдердің құрамында қозғалысқа арналған тіркемелердi (бұдан әрі - автомотокөлік құралдары мен олардың тiркемелерi), оның iшiнде басқа мемлекеттерде тiркелгендердi және Қазақстан Республикасының аумағына екi айдан астам мерзiмге әкелiнгендердi тiркейдi және есебiн жүргiзедi;
      7) автомотокөлiк құралдары мен олардың тiркемелерiн, оның ішінде сенiмхат және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құжаттар бойынша пайдаланушы адамдарды тiркейдi және есебiн жүргiзедi;
      8) жүргiзушi куәліктерінің бланкiлерiн, автомотокөлiк құралдары мен олардың тiркемелерiне арналған тiркеу құжаттарын және мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерiн және автомотокөлiк құралдары мен олардың тiркемелерiне және олардың жүргiзушiлерiне жол қозғалысына қатысуға рұқсат беруге қажеттi және басқа да арнайы өнiмдердiң есебiн жүргiзедi;
      9) автомотокөлiк құралдары мен олардың тіркемелерiнің мемлекеттiк техникалық байқауын ұйымдастыруды жүзеге асырады және оларды өткiзедi;
      10) жол қозғалысы жағдайларын зерделейдi және жол қозғалысын ұйымдастыруды жетiлдiру жөнiнде шаралар қабылдайды, жол қозғалысын реттеудi жүзеге асырады;
      11) қоғамдық тәртiптi сақтау мен қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, автомобиль жолдарында жасалатын қылмыстарды ескерту және жолын кесу жөнiндегi iс-шараларға қатысады;
      12) айдап әкетiлген, ұрланған және жол-көлiк оқиғалары болған жерлерден жасырынған автомотокөлiк құралдары мен олардың тiркемелерін iздеу жөнiндегi жұмыстарды Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi белгiлейтiн тәртiппен ұйымдастырады және жүргiзедi;
      13) жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы әкiмшілік құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша iс жүргiзудi жүзеге асырады;
      14) жол-көлiк оқиғалары болған жерлерде кезек күттірмейтiн iс-қимылдарды жүзеге асырады, адамдарды эвакуациялау және оларға дәрiгерге дейiнгi медициналық көмек көрсету жөнiнде шаралар қабылдайды, зақымданған көлiк құралдарын тасымалдауға көмектеседi;
      15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көлiк құралдарын пайдаланумен байланысты қылмыстар туралы iстер бойынша анықтау жүргiзедi;
      16) жол қозғалысы қауiпсiздiгiнiң жағдайы көрсеткiштерiнiң мемлекеттiк есебiн жүргiзедi;
      17) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен көлiк құралдарына ерiп жүрудi жүзеге асырады;
      18) автомобиль жолдарын, жол құрылыстарын, темiр жол өткелдерiн, қалалық электр көлiгi желiлерiн, сондай-ақ жаңа автомотокөлiк құралдары мен олардың тiркемелерiнің үлгiлерiн пайдалануға қабылдау жөнiндегі комиссияның жұмысына қатысады;
      19) жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, жол қозғалысы қауiпсiздiгiн насихаттау жөнiндегi іс-шараларды ұйымдастыруды және жүргiзудi, осы саладағы Қазақстан Республикасының заңнамасын, оның iшiнде жеке басылымдарды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы түсiндiредi, осы мақсатта байқаулар, конкурстар, жарыстар және басқа да іс-шаралар өткiзедi, жолдарда жүру қауiпсiздiгi ережелерiн халыққа үйретудi ұйымдастыруда жергіліктi атқарушы органдар мен оқу орындарына көмектеседi;
      20) жергіліктi атқарушы органдармен бiрлесiп, сондай-ақ заңнамада белгiленген тәртiппен заңды тұлғаларды және қоғамдық бiрлестiктердi тарта отырып, жол қозғалысы қауiпсiздiгiн арттыру, ғылыми зерттеулердің басым тақырыптары мен бағыттарын анықтау, жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында мамандарды даярлау жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлейдi;
      21) жол-көлiк оқиғалары туындауының себептерi мен жағдайларын, сондай-ақ жол қозғалысы қауiпсiздiгiне қауiп төндiретiн құқық бұзушылықтар мен құқыққа қайшы әрекеттердi анықтайды және талдайды, оларды жою жөнiнде шаралар қабылдайды, жол қозғалысы қауiпсiздiгiн арттыру жөнiндегi шараларды әзiрлейдi;
      22) жол қозғалысын қадағалауды жүзеге асырады, жол қозғалысы саласындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды анықтайды және олардың жолын кеседi, жол қозғалысына қатысушылардың тәртiбi мен қауiпсiздiгiн арттыру жөнiнде шаралар қабылдайды;
      23) жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласына қатысты мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарайды;
      24) сақтанушы (сақтанған), жәбiрленушi немесе олардың мұрагерлері сақтандыру жағдайы басталғаны туралы хабарлай алмайтын кезде, осы жол-көлiк оқиғасы туралы тиiстi сақтандырушыны хабардар етедi.
      14. Жол полициясы өзiне жүктелген мiндеттердi орындау үшiн:
      1) меншік нысанына қарамастан, кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың, сондай-ақ қоғамдық бiрлестiктердің лауазымды адамдарынан және жеке тұлғалардан жол қозғалысы қауіпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық кесiмдердiң сақталуы туралы мәліметтер, оларды бұзу фактiлерi бойынша түсiнiктемелер сұрайды;
      2) жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бөлiгiнде заңды тұлғалардың қызметiн бақылайды және орындау үшiн мiндеттi нұсқамалар бередi, ал нұсқамалар бойынша қажет шаралар қабылданбаған жағдайда кiнәлi адамдарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жауапкершiлiкке тартады;
      3) азаматтардың қоғамдық тәртiп пен қоғамдық қауiпсiздiк талаптарын сақтауын, құқыққа қайшы iс-әрекеттердi тоқтатуын талап етедi, бұл талаптарды орындамаған жағдайда заңнамада белгiленген мәжбүрлеу шараларын қолданады;
      4) жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын әзiрлеуге қатысады, оларды жетiлдiру жөніндегi ұсыныстарды белгiленген тәртiппен енгiзедi;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және жағдайларда көшелерде және жолдарда көлiк және жаяу жүргіншілер қозғалысын, сондай-ақ оларда жүргiзiлiп жатқан жұмыстардың барлық түрлерiн уақытша шектейдi немесе тыйым салады;
      6) көлiк құралдарының пайдалануына тыйым салады, нұсқама орындалғанға дейiн ұйымдардың көлiк құралдарын пайдалануды жалғастыру жол қозғалысы қауiпсiздiгiне қауiп төндiретiн жағдайда олардың жолға шығуын тоқтатады;
      7) жол қозғалысы қауіпсiздiгiнің белгiленген талаптарына сәйкестiгiн куәландыратын құжаттары жоқ, сондай-ақ тораптар мен агрегаттардың нөмiрлерi немесе мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi жасырылған, қолдан жасалған, өзгертілген автомотокөлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн тiркеу мен тиiстi құжаттарды беруден бас тарту жолымен жол қозғалысына қатыстырмайды;
      8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және жағдайларда, көлiк құралдарын тоқтатады және жүргiзушiлердiң оларды пайдалануға және жүргiзуге құқық беретiн құжаттарын, жүктiң құжатын және оны тасымалдауға құқық беретiн құжатты, көлiк құралдары иелерiнің азаматтық-құқықтық жауапкершілігiн мiндеттi сақтандырудың сақтандыру полисінің болуын тексередi;
      9) мас күйiндегi, көлiк құралдарын жүргізуге және пайдалануға құқық беретiн құжаттары жоқ адамдарды, сондай-ақ заңнамада көзделген басқа да жағдайларда көлiк құралдарын жүргiзуден шеттетедi;
      10) адамдарды ішімдiк, есiрткi және психотроптық заттарды қолданғандығы мәнiне белгiленген тәртiппен куәландыруды өткiзедi не оны жүргiзу үшiн оларды медициналық мекемелерге жiбередi немесе жеткiзедi;
      11) көлiк құралдарын мәжбүрлеп тоқтату үшiн арнайы құралдарды белгiленген тәртіппен пайдаланады;
      12) құқық бұзушылықтарды, жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы нормативтердің, ережелер мен стандарттардың бұзылуын анықтау және тiркеу үшiн техникалық және көлiк құралдарын белгiленген тәртiппен пайдаланады;
      13) Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi белгiлейтiн тәртiппен, жол органдарымен келiсiм бойынша жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарында жол қозғалысын қадағалауды және бақылауды ұйымдастыру үшiн тұрақты бақылау бекеттерiн орнатады;
      14) әкiмшiлiк iс жүргiзудi жүзеге асырады, хаттамалар жасайды, әкiмшiлiк жаза қолданады, тәртіп бұзушыларды жеткiзедi, әкiмшiлiк ұстауды, жеке тексерудi, заттар мен құжаттарды тексерудi және алуды, сондай-ақ көлiк құралдарын тексерудi жүргiзедi;
      15) көлiк құралдарын заңнамада көзделген негiздемелер бойынша ұстайды және белгiленген тәртiппен уақытша ұстау үшiн арнайы алаңдарға немесе тұрақтарға апарады, сондай-ақ көлiк құралдарының жүрiс бөлiгіне тосқауыл қояды;
      16) өндiрiстегi iстер мен материалдар бойынша азаматтар мен лауазымды адамдарды жол полициясына шақырады, олардан қажеттi түсiнiктемелер, анықтамалар, құжаттар (олардың көшiрмелерiн) алады;
      17) өзге мүмкiндiктер болмағанда меншiк нысанына қарамастан, (дипломатиялық иммунитетi бар шет мемлекеттер өкiлдiктерi мен халықаралық ұйымдардан басқа) оқиғалар, дүлей апаттар болған жерлерге бару және жедел медициналық көмекке мұқтаж азаматтарды емдеу мекемелерiне жеткiзу үшiн, сондай-ақ кiдiртуге болмайтын өзге де жағдайларда, иелерiне залал келтiрiлген жағдайда оны өтей отырып, көлiк құралдарын пайдаланады;
      18) кезек күттiрмейтiн жағдайларда, қызметтiк мақсатта оларды пайдалану бойынша шығыстарды өтеу арқылы олардың орналасқан орнына және тиесiлілiгiне қарамастан, байланыс құралдарын пайдаланады;
      19) жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында мүдделi заңды тұлғалар мен қоғамдық бiрлестіктермен бiрлесе отырып, ғылыми зерттеулердiң басым тақырыптары мен бағыттарын анықтауға қатысады, белгiленген тәртiппен оларды iске асыруды, сондай-ақ ғылыми әзiрлемелердi жол полициясының практикалық қызметiне енгiзуге қатысады;
      20) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен субъектiнің (өтiнiш берушiнің және (немесе) лицензиаттың) жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы лицензияланатын қызмет түрлерiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн анықтау жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асырады;
      21) жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бөлiгiнде ережелердің, нормативтердiң және стандарттардың талаптарын сақтамаған жағдайда автомобиль жолдарын, жол құрылыстарын, салуды темiр жол өткелдерін, электр көлiгi желiлерiн жобалауды, қайта жаңартуды, жөндеудi және қалпына келтiрудi не пайдалануды тоқтату немесе уақытша тоқтата тұру туралы ұсыныстарды енгiзедi;
      22) жүктелген мiндеттердiң шешiлуiн қамтамасыз ететiн арнайы есепке алуды, ақпараттық жүйелердi құру және пайдалану жөнiндегi ұсыныстарды жоғары тұрған органдарға енгiзедi;
      23) жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында, оның iшiнде автомобиль жолдарын, жол құрылыстарын, темiр жол өткелдерiн, электр көлiгi желiлерiн салуға, қайта жаңартуға, жөндеуге және қалпына келтiруге, көлiк құралдарының конструкциясы мен техникалық жағдайына және оларды тексеру әдiсiне қатысты нормативтiк құқықтық кесiмдердiң, нормативтердің, ережелердiң және стандарттардың жобаларын келiседi;
      24) белгiленген тәртiппен:
      қалаларда және автомобиль жолдарында жол қозғалысын ұйымдастыру жобаларын, қозғалысты ұйымдастырудың техникалық құралдарымен жолдарды жабдықтауды;
      жолдарды, жол құрылыстарын салу, қайта жаңарту жобаларын;
      автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде қызмет көрсету және жарнама объектілерінің орналасуын;
      бағытты көлiк құралдарының қозғалыс бағыттарын ашуды және аялдама пункттерінің орналасуын;
      жолдарда бұқаралық, спорттық және өзге де iс-шараларды өткiзудi;
      көлiк құралдарын қайта жабдықтауды, оларға арнайы жарық және дыбыс дабылдарын орнатуды, көлiк құралдары шанақтарының бүйiр бетiне ақ түстi көлбеу жолақтар салуды;
      ауыр салмақты, қауiптi және iрi көлемдi жүктер тасымалдауды;
      жалпы ұзындығы 20 м көлiк құралдарының (бip тiркеменi қоса алғанда) немесе екi және одан да көп тiркемелерi бар автопоездардың қозғалысын;
      жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мамандарды, жүргiзу жөнiндегi нұсқаушыларды және жүргiзушiлердi даярлау бағдарламасын;
      оқу-жаттығу жүргiзулерiне тыйым салынған жолдардың тiзбесiн;
      автомобиль жолдарының арналармен, байланыс және электр беру желiлерiмен, мұнай құбырларымен, газ құбырларымен, су құбырларымен және темiр жол және басқа да инженерлiк тораптармен және коммуникациялармен қиылысуын;
      автомобиль жолдарымен бiр деңгейде қиылысқан кезде темiр жол деңгейiн жоғарылатуды және төмендетудi немесе қосымша жол төсеудi;
      темiр жол өткелдерiн салуды, қайта жаңартуды, жөндеудi және жоюды;
      автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде және бақылауға алынған аймақта сырттан жарық түсiру тiреулерiн орналастыруды;
      жолда көлiк құралдарының немесе жаяу жүргiншiлердің қозғалысына бөгет жасайтын кез келген жұмыстардың жүргiзiлуiн келiседi;
      25) жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуде және құқық бұзушыларға қарсы күресте үздiк шыққан азаматтарды көтермелеу туралы ұсыныстар дайындайды;
      26) мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерiнің, автомотокөлiк құралдары мен олардың тiркемелерiн тiркеу туралы куәлiктердiң, жүргiзушi куәлiктерінің және автомотокөлiк құралдары мен олардың тiркемелерiне және жүргiзушiлерге жол қозғалысына қатысуға рұқсат беру үшiн қажеттi басқа да арнайы өнiмдердің үлгiлерiн әзiрлейдi;
      27) мемлекеттiк органдарға, сондай-ақ өзге де ұйымдарға жол қозғалысының қауiпсiздiгi деңгейiн арттыру, жеке, заңды тұлғаларды және мемлекеттi жол-көлік оқиғалары салдарынан қорғау, жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды ғылыми, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету мәселелерi жөнiнде ұсыныстар енгiзедi.

О некоторых вопросах обеспечения безопасности дорожного движения

Постановление Правительства Республики Казахстан от 19 апреля 2004 года N 431. Утратило силу постановлением Правительства РК от 21 апреля 2006 года N 313

Постановление Правительства Республики Казахстан от 19 апреля 2004 года N 431 утратило силу постановлением Правительства РК от 21 апреля 2006 года N  313 .
 
      В соответствии с  Законом  Республики Казахстан от 15 июля 1996 года "О безопасности дорожного движения" Правительство Республики Казахстан постановляет:

      1. Утвердить прилагаемое Положение о дорожной полиции органов внутренних дел Республики Казахстан.

      2. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.
  
       Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Утверждено                    
постановлением Правительства         
Республики Казахстан             
от 19 апреля 2004 года N 431         

  Положение
о дорожной полиции органов внутренних дел
Республики Казахстан

      1. Дорожная полиция органов внутренних дел Республики Казахстан (далее - дорожная полиция) осуществляет специальные контрольные, надзорные и разрешительные функции в области обеспечения безопасности дорожного движения, а также исполнительные и распорядительные функции на автомобильных дорогах по охране общественного порядка, предупреждению и пресечению преступных и иных противоправных посягательств на права и свободу человека и гражданина, интересы общества и государства.
      2. Дорожная полиция в своей деятельности руководствуется  Конституцией  и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, международными договорами Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      3. Дорожная полиция осуществляет свою деятельность во взаимодействии с министерствами и ведомствами, местными исполнительными органами, юридическими и физическими лицами с целью предупреждения дорожно-транспортных происшествий и снижения тяжести их последствий.
      4. Департамент дорожной полиции Министерства внутренних дел Республики Казахстан, управления дорожной полиции ГУВД городов Астаны, Алматы, ГУВД-УВД областей, строевые и иные подразделения дорожной полиции ГУВД городов Астаны, Алматы, ГУВД-УВД областей, не входящие в состав управлений, отделы (отделения) и группы дорожной полиции городских, районных и иных отделов внутренних дел, образуют единую систему службы дорожной полиции.
      5. Департамент дорожной полиции Министерства внутренних дел Республики Казахстан - структурное подразделение Министерства внутренних дел Республики Казахстан, возглавляющее службу дорожной полиции.
      6. Начальник Департамента дорожной полиции Министерства внутренних дел Республики Казахстан назначается и освобождается от должности Министром внутренних дел Республики Казахстан и является по должности Главным государственным автомобильным инспектором Республики Казахстан.
      7. Заместители начальника Департамента дорожной полиции Министерства внутренних дел Республики Казахстан назначаются и освобождаются от должности Министром внутренних дел Республики Казахстан и являются по должности заместителями Главного государственного автомобильного инспектора Республики Казахстан.
      8. Начальники управлений (отделов, отделений) дорожной полиции областей, городов, районов, районов в городах назначаются и освобождаются от должности в установленном порядке и являются по должности Главными государственными автомобильными инспекторами, а их заместители - заместителями Главных государственных автомобильных инспекторов областей, городов, районов, районов в городах.
      9. Структура и штатная численность дорожной полиции устанавливаются Министерством внутренних дел Республики Казахстан в пределах выделяемых на ее содержание ассигнований, не ниже нормативов численности, утвержденных Правительством Республики Казахстан для органов внутренних дел.
      10. Указания и распоряжения руководителей вышестоящих подразделений дорожной полиции обязательны для исполнения руководителями нижестоящих подразделений дорожной полиции.
      11. Положение о Департаменте дорожной полиции Министерства внутренних дел Республики Казахстан утверждается Министром внутренних дел Республики Казахстан.
      12. Положения об управлениях дорожной полиции ГУВД городов Астаны, Алматы, ГУВД-УВД областей, строевых и иных подразделениях дорожной полиции ГУВД городов Астаны, Алматы, ГУВД-УВД областей, не входящих в состав управлений, отделах (отделениях) и группах дорожной полиции городских, районных и иных отделов внутренних дел, утверждаются руководителями соответствующих органов внутренних дел на основе Типового положения, утвержденного Министерством внутренних дел Республики Казахстан.
      13. Дорожная полиция в соответствии с поставленными перед ней задачами и в пределах своей компетенции:
      1) осуществляет государственный надзор и контроль за соблюдением действующих в Республике Казахстан:
      нормативных правовых актов, нормативов и стандартов, устанавливающих порядок и условия дорожного движения, осуществление транспортной и иной деятельности на улично-дорожной сети и полосе отвода дорог, видов деятельности в сфере обеспечения безопасности дорожного движения;
      международных договоров в сфере обеспечения безопасности дорожного движения;
      правил перевозки пассажиров и грузов автомобильным транспортом в Республике Казахстан в части обеспечения безопасности дорожного движения;
      правил, нормативов и стандартов при проектировании и строительстве городов, иных населенных пунктов, жилых массивов и промышленных зон в части, касающейся обеспечения безопасности дорожного движения;
      правил, нормативов и стандартов при проектировании, строительстве, реконструкции, ремонте и реабилитации автомобильных дорог, дорожных сооружений, железнодорожных переездов, линий электрического транспорта в части обеспечения безопасности дорожного движения;
      правил содержания автомобильных дорог, дорожных сооружений и железнодорожных переездов в безопасном для дорожного движения состоянии;
      правил, нормативов и стандартов по производству, установке, монтажу, ремонту и содержанию технических средств регулирования дорожного движения;
      нормативов и стандартов, устанавливающих требования к конструкции и техническому состоянию транспортных средств, методам их проверки;
      2) осуществляет государственный контроль за выполнением владельцами транспортных средств и перевозчиками пассажиров обязанности по заключению договора обязательного страхования установленной законодательством гражданско-правовой ответственности владельцев транспортных средств и перевозчиков;
      3) проверяет выполнение юридическими и физическими лицами законодательства, нормативов, правил и стандартов в сфере обеспечения безопасности дорожного движения;
      4) рассматривает заявления и сообщения о любом совершенном или готовящемся противоправном посягательстве в сфере безопасности дорожного движения и автомобильных перевозок, своевременно принимает меры по их пресечению, раскрытию, задержанию лиц, их совершивших, недопущению общественно опасных последствий;
      5) принимает экзамены на получение права управления автомототранспортными средствами;
      6) регистрирует и ведет учет легковых, грузовых автомобилей и автобусов, включая изготовленные на их базе специальные автомобили, мотоциклов, мотороллеров, а также прицепов, предназначенных для движения в составе с автомобилями (далее - автомототранспортные средства и прицепы к ним), в том числе зарегистрированных в других государствах и ввезенных на территорию Республики Казахстан на срок свыше двух месяцев;
      7) регистрирует и ведет учет лиц, пользующихся автомототранспортными средствами и прицепами к ним, в том числе по доверенности и иным документам, предусмотренным законодательством Республики Казахстан;
      8) ведет учет бланков водительских удостоверений, регистрационных документов и государственных регистрационных номерных знаков на автомототранспортные средства и прицепы к ним и другой специальной продукции, необходимой для допуска автомототранспортных средств и прицепов к ним и их водителей к участию в дорожном движении;
      9) осуществляет организацию и проводит государственный технический осмотр автомототранспортных средств и прицепов к ним;
      10) изучает условия дорожного движения и принимает меры по совершенствованию организации дорожного движения, осуществляет регулирование дорожного движения;
      11) участвует в мероприятиях по охране общественного порядка и обеспечению общественной безопасности, предупреждению и пресечению преступлений, совершаемых на автомобильных дорогах;
      12) организует и проводит в порядке, определяемом Министерством внутренних дел Республики Казахстан, работы по розыску угнанных, похищенных и скрывшихся с мест дорожно-
транспортных происшествий автомототранспортных средств и прицепов к ним;
      13) осуществляет производство по делам об административных правонарушениях в сфере обеспечения безопасности дорожного движения;
      14) осуществляет неотложные действия на местах дорожно-транспортных происшествий, принимает меры по эвакуации людей и оказанию им доврачебной медицинской помощи, содействует транспортировке поврежденных транспортных средств;
      15) проводит в соответствии с законодательством Республики Казахстан дознание по делам о преступлениях, связанных с эксплуатацией транспортных средств;
      16) ведет государственный учет показателей состояния безопасности дорожного движения;
      17) осуществляет в установленном законодательством Республики Казахстан порядке сопровождения транспортных средств;
      18) участвует в работе комиссий по приемке в эксплуатацию автомобильных дорог, дорожных сооружений, железнодорожных переездов, линий городского электрического транспорта, а также образцов новых автомототранспортных средств и прицепов к ним;
      19) организует и проводит мероприятия по профилактике правонарушений в сфере обеспечения безопасности дорожного движения, пропаганде безопасности дорожного движения, разъясняет законодательство Республики Казахстан в этой сфере, в том числе через средства массовой информации, включая собственные издания, проводит в этих целях смотры, конкурсы, соревнования и другие мероприятия, содействует местным исполнительным органам и учебным заведениям в организации обучения населения правилам безопасного поведения на дорогах;
      20) разрабатывает, в том числе совместно с местными исполнительными органами, а также с привлечением в установленном порядке юридических лиц и общественных объединений, предложения по повышению безопасности дорожного движения, определению приоритетных тем и направлений научных исследований, подготовке специалистов в сфере обеспечения безопасности дорожного движения;
      21) выявляет и анализирует причины и условия возникновения дорожно-транспортных происшествий, а также правонарушений и противоправных действий, влекущих угрозу безопасности дорожного движения, принимает меры по их устранению, разрабатывает мероприятия по повышению безопасности дорожного движения;
      22) осуществляет надзор за дорожным движением, выявляет и пресекает правонарушения и преступления в сфере дорожного движения, принимает меры по повышению дисциплины и безопасности участников дорожного движения;
      23) рассматривает обращения физических и юридических лиц по вопросам, касающимся сферы обеспечения безопасности дорожного движения;
      24) при невозможности сообщения страхователем (застрахованным), потерпевшим или их наследниками о наступлении страхового случая, информирует соответствующего страховщика о данном дорожно-транспортном происшествии.
      14. Дорожная полиция для выполнения возложенных на нее обязанностей:
      1) запрашивает от должностных лиц предприятий, учреждений организаций, независимо от форм собственности, а также общественных объединений и физических лиц сведения о соблюдении ими нормативных правовых актов в сфере обеспечения безопасности дорожного движения, объяснения по фактам их нарушений;
      2) контролирует деятельность юридических лиц в части обеспечения безопасности дорожного движения и выдает обязательные для исполнения предписания, а в случае непринятия по таким предписаниям необходимых мер привлекает виновных лиц к ответственности в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан;
      3) требует от граждан соблюдения общественного порядка и требований общественной безопасности, прекращения противоправных действий, применяет в случае невыполнения этих требований установленные законодательством меры принуждения;
      4) участвует в разработке проектов законодательных и иных нормативных правовых актов в сфере обеспечения безопасности дорожного движения, вносит в установленном порядке предложения по их совершенствованию;
      5) в порядке и случаях, установленных законодательством Республики Казахстан, временно ограничивает или запрещает движение транспорта и пешеходов на улицах и дорогах, а также все виды производимых на них работ;
      6) запрещает эксплуатацию транспортных средств, приостанавливает выпуск на линию транспортных средств организаций до исполнения предписаний, когда продолжение их эксплуатации угрожает безопасности дорожного движения;
      7) не допускает к участию в дорожном движении, путем отказа в регистрации и выдаче соответствующих документов, автомототранспортные средства и прицепы к ним без документов, удостоверяющих их соответствие установленным требованиям безопасности дорожного движения, а также имеющие скрытые, поддельные, измененные номера узлов и агрегатов или государственные регистрационные номерные знаки;
      8) в порядке и случаях, установленных законодательством Республики Казахстан, останавливает транспортные средства и проверяет у водителей документы на право пользования и управления ими, документы на груз и право его перевозки, наличие страхового полиса обязательного страхования гражданско-правовой ответственности владельцев транспортных средств;
      9) отстраняет от управления транспортными средствами лиц, находящихся в состоянии опьянения, не имеющих документов на право управления или пользования транспортными средствами, а также в других предусмотренных законодательством случаях;
      10) проводит в установленном порядке освидетельствование лиц на предмет употребления алкоголя, наркотических и психотропных средств либо направляет, или доставляет их для его проведения в медицинские учреждения;
      11) использует в установленном порядке специальные средства для принудительной остановки транспортных средств;
      12) использует в установленном порядке технические и транспортные средства для выявления и фиксации правонарушений, нарушений нормативов, правил и стандартов в сфере обеспечения безопасности дорожного движения;
      13) устанавливает в порядке, определяемом Министерством внутренних дел Республики Казахстан, по согласованию с дорожными органами, на автомобильных дорогах общего пользования стационарные контрольные посты для организации надзора и контроля за дорожным движением;
      14) осуществляет административное производство, составляет протоколы, накладывает административные взыскания, доставляет нарушителей, производит административное задержание, личный досмотр, досмотр и изъятие предметов и документов, а также досмотр транспортных средств;
      15) задерживает по основаниям, предусмотренным законодательством, транспортные средства и в установленном порядке доставляет для временного хранения на специальные площадки или стоянки, а также производит блокировку ходовой части транспортных средств;
      16) вызывает в дорожную полицию граждан и должностных лиц по находящимся в производстве делам и материалам, получает от них необходимые объяснения, справки, документы (их копии);
      17) при отсутствии иных возможностей использует транспортные средства, независимо от форм их собственности (кроме представительств иностранных государств и международных организаций, обладающих дипломатическим иммунитетом), для проезда к местам происшествий, стихийных бедствий и доставления в лечебные учреждения граждан, нуждающихся в экстренной медицинской помощи, а также в иных случаях, не терпящих отлагательства, с возмещением ущерба владельцам в случае его причинения;
      18) в безотлагательных случаях в служебных целях пользуется средствами связи, независимо от места их нахождения и принадлежности, с возмещением расходов по их использованию;
      19) участвует совместно с заинтересованными юридическими лицами и общественными объединениями в определении приоритетных тем и направлений научных исследований в сфере обеспечения безопасности дорожного движения, осуществляет в установленном порядке их реализацию, a также участвует во внедрении в практическую деятельность дорожной полиции научных разработок;
      20) осуществляет мероприятия в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, по определению соответствия субъекта (заявителя и (или) лицензиата) квалификационным требованиям к лицензируемым видам деятельности в сфере обеспечения безопасности дорожного движения;
      21) вносит предложения о прекращении или временном приостановлении проектирования, строительства, реконструкции, ремонта и реабилитации, либо эксплуатации автомобильных дорог, дорожных сооружений, железнодорожных переездов, линий электрического транспорта в случае несоблюдения требований правил, нормативов и стандартов в части обеспечения безопасности дорожного движения;
      22) вносит в вышестоящие органы предложения по созданию и использованию специальных учетов, информационных систем, обеспечивающих решение возложенных обязанностей;
      23) согласовывает проекты нормативных правовых актов, нормативов, правил и стандартов в сфере обеспечения безопасности дорожного движения, в том числе касающихся строительства, реконструкции, ремонта и реабилитации автомобильных дорог, дорожных сооружений, железнодорожных переездов, линий электрического транспорта, конструкции и технического состояния транспортных средств, методов их проверки;
      24) согласовывает в установленном порядке:
      проекты организации дорожного движения в городах и на автомобильных дорогах, оборудование дорог техническими средствами организации движения;
      проекты строительства, реконструкции дорог, дорожных сооружений;
      установку в полосе отвода автомобильных дорог объектов сервиса и рекламы;
      открытие маршрутов движения и расположение остановочных пунктов маршрутных транспортных средств;
      проведение на дорогах массовых, спортивных и иных мероприятий;
      переоборудование транспортных средств, установку на них специальных световых и звуковых сигналов, нанесение наклонных белых полос на боковые поверхности кузовов транспортных средств;
      перевозку тяжеловесных, опасных и крупногабаритных грузов;
      движение транспортных средств (включая один прицеп) общей длиной более 20 м или автопоездов с двумя и более прицепами;
      программы подготовки специалистов по безопасности дорожного движения, инструкторов по вождению и водителей;
      перечень дорог, на которых запрещается учебная езда;
      пересечение автомобильных дорог каналами, линиями связи и электропередачи, нефтепроводами, газопроводами, водопроводами и железными дорогами и другими инженерными сетями и коммуникациями;
      подъем и понижение железнодорожных путей или укладку дополнительного пути при пересечении с автомобильными дорогами в одном уровне;
      устройство, реконструкцию, ремонт и ликвидацию железнодорожных переездов;
      устройство опор наружного освещения в полосе отвода и контролируемой зоне автомобильных дорог;
      производство любых работ на дороге, создающих помехи движению транспортных средств или пешеходов;
      25) готовит предложения о поощрении граждан, отличившихся в обеспечении безопасности дорожного движения и борьбе с правонарушениями;
      26) разрабатывает образцы государственных регистрационных номерных знаков, свидетельств о регистрации автомототранспортных средств и прицепов к ним, водительских удостоверений и другой специальной продукции, необходимой для допуска автомототранспортных средств и прицепов к ним и водителей к участию в дорожном движении;
      27) вносит в государственные органы, а также иные организации предложения по вопросам повышения уровня безопасности дорожного движения, защиты физических, юридических лиц и государства от последствий дорожно-транспортных происшествий, научного, материально-технического и финансового обеспечения мероприятий по обеспечению безопасности дорожного движения.