"Маңызды стратегиялық мәнi бар қызметтi мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметiнің 2003 жылғы 19 желтоқсандағы N 1271 қаулысының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне 2004 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнің резервiнен "McGuire Woods Kazakhstan" компаниясының заң қызметтерiне ақы төлеу үшін 78640523 (жетпіс сегiз миллион алты жүз қырық мың бес жүз жиырма үш) теңге және Стокгольм қаласының (Швеция Корольдiгi) Сауда-өнеркәсіп Палатасы Төрелiк Институтының төрелiк шығыстарына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi беретiн күнге белгiлеген бағам бойынша 30569 (отыз мың бес жүз алпыс тоғыз мың) еуроға баламалы сомада қаражат бөлiнсiн.
2. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігi заңнамада белгiленген тәртiппен "McGuire Woods Kazakhstan" компаниясымен заң қызметтерiн мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi