Маңызды стратегиялық мәнi бар қызметтi мемлекеттiк сатып алу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 желтоқсандағы N 1271 қаулысы

      "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңы 21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "CCL Oil Ltd" (Америка Құрама Штаттары) компаниясы бастамашылық жасаған және Стокгольм қаласы (Швеция Корольдiгi) Сауда өнеркәсiп палатасының Төрелiк институтында қаралатын халықаралық төрелiк процесте Қазақстан Республикасының мүддесiн қорғау үшiн маңызды стратегиялық мәнi бар заң қызметiн көрсетушi болып "McGuire Woods Kazakhstan" компаниясы белгiленсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi заңнамада белгіленген тәртiппен:
      осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген компаниямен заң қызметiн мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасассын;
      заң қызметiн мемлекеттiк сатып алу үшiн осы қаулыға сәйкес пайдаланылатын ақшаның оңтайлы әрi тиiмдi жұмсалуы қағидатының сақталуын қамтамасыз етсiн;
      ай сайын Қазақстан Республикасының Үкiметiн халықаралық төрелiк процестiң барысы туралы хабардар етсiн;
      осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне 2003 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Yкiметiнің резервiнен "McGuire Woods Kazakhstan" компаниясының заң қызметiн көрсетуiне ақы төлеу үшiн 29 000 000 (жиырма тоғыз миллион) теңге бөлінсін.

      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады