1. "Астана қаласында орталық мемлекеттік органдардың қызметкерлері үшін тұрғын үй салуға үлестік қатысуға және сатып алуға бөлінген қаражатты пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 сәуірдегі N 372
қаулысына
мынадай толықтыру енгізілсін:
2-тармақтың 3) тармақшасындағы "деп белгіленсін" деген сөздердің алдынан ";" белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) Қызметкерлерге берілген тұрғын үйді сатып алу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 22 сәуірдегі N 377-26 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады".