Қазақстан Республикасының " Мемлекеттiк сатып алу туралы " 2002 жылғы 16 мамырдағы және " 2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңдарына сәйкес, Астана қаласында орталық мемлекеттік органдардың қызметкерлерi үшін тұрғын үй салуға үлестiк қатысуға және сатып алуға бөлiнген қаражатты тиiмдi пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Астана қаласының әкiмi 2003 жылға арналған республикалық бюджетте 449 "Орталық мемлекеттiк органдардың қызметкерлерiне үй салуға және сатып алуға үлестiк қатысуы Астана қалалық бюджетiне берiлетiн мақсатты трансферттер" бюджеттiк бағдарламасы бойынша 750 000 000 (жетi жүз елу миллион) теңге сомасында көзделген қаражаттың есебiнен Астана қаласында орталық мемлекеттік органдардың тұрғын үймен қамтамасыз етiлмеген қызметкерлерiне (бұдан әрi - Қызметкерлер) оны кейiннен беруге тұрғын үй салуға және сатып алуға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртіппен мемлекеттiк сатып aлу өткiзсiн.
2. Мыналар:
1) тұрғын үймен қамтамасыз етілмеген Қызметкерлердiң тiзiмдерiн мемлекеттiк органдар бір апта мерзiмде Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi жөніндегi агенттiгiнің (бұдан әрi - Агенттік) сұратуы бойынша ұсынады;
2) Агенттік (келiсiм бойынша) Қызметкерлердiң бекiтiлген тiзiмдерiн екі апта мерзiмде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне тапсырады;
3) кейiннен оларды Қызметкерлерге беру үшiн қызметтікке теңестiрiлген пәтерлердi мемлекеттiк органдарға бөлудi Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің Кеңсесi жүзеге асырады;
4) Қызметкерлерге берілген тұрғын үйді сатып алу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 22 сәуірдегі N 377-26 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады деп белгiленсiн. <*>
Ескерту. 4)-тармақшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2004.05.18. N 553 қаулысымен .
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы А.А.Тiлеубердинге жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі