Маңызды стратегиялық мәнi бар қызметтер көрсетудi мемлекеттік сатып алу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 мамырдағы N 585 қаулысы

      "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңы  21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. J.E. Austin Associates Inc. компаниясы оларды сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар қазақстан экономикасының қолданыстағы әрi ықтимал перспективалы секторларының бәсекеге қабiлеттiлiгiн бағалау және оларды дамыту бойынша ұсынымдарды әзiрлеу жөнiндегi зерттеулердi жүргiзу бойынша қызметтер көрсетудi берушi болып белгiленсiн.

      2. "Маркетингтiк-талдамалық зерттеулер орталығы" акционерлiк қоғамына осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген заңды тұлғамен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу ұсынылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

О государственных закупках услуг, имеющих важное стратегическое значение

Постановление Правительства Республики Казахстан от 26 мая 2004 года N 585

      В соответствии с подпунктом 5) пункта 1 статьи 21 Закона Республики Казахстан от 16 мая 2002 года "О государственных закупках" Правительство Республики Казахстан постановляет:

      1. Определить компанию J.E. Austin Associates, Inc. поставщиком услуг по проведению исследования по оценке конкурентоспособности действующих и потенциально перспективных секторов казахстанской экономики и выработке рекомендаций по их развитию, закупка которых имеет важное стратегическое значение.

      2. Рекомендовать акционерному обществу "Центр маркетингово-аналитических исследований" заключить договор о государственных закупках с юридическим лицом, указанным в пункте 1 настоящего постановления.

      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан