"Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңы 21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. J.E. Austin Associates Inc. компаниясы оларды сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар қазақстан экономикасының қолданыстағы әрi ықтимал перспективалы секторларының бәсекеге қабiлеттiлiгiн бағалау және оларды дамыту бойынша ұсынымдарды әзiрлеу жөнiндегi зерттеулердi жүргiзу бойынша қызметтер көрсетудi берушi болып белгiленсiн.
2. "Маркетингтiк-талдамалық зерттеулер орталығы" акционерлiк қоғамына осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген заңды тұлғамен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу ұсынылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі