Жауынгерлiк қол атыс қаруы мен оның патрондарын жасау, өндiру, жөндеу, сату, сатып алу, экспонатқа қою жөнiндегi қызметті лицензиялаудың кейбiр мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 маусымдағы N 635 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 маусымдағы № 753 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.07 № 753 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi  Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметi қаулы етеді:

      1.  Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2008.02.01.  N 84 (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлсiн:
      1) "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат):
      көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
      реттiк нөмiрi 1-жолдың 3-бағанында:
      төртінші абзацтағы "коллекция жасау" деген сөздер алынып тасталсын;
      көрсетiлген қаулыға 4-қосымшада:
      "I. Санитарлық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызметтер түрлерінің тiзiмi" деген бөлiмде:
      мынадай мазмұндағы 33-тармақпен толықтырылсын:
      "33. Жауынгерлiк қол атыс қаруы мен оның патрондарын жасау, өндiру, жөндеу, сату, сатып алу, экспонатқа қою.";
      "II. Экологиялық қадағалау органының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызмет түрлерінің тiзiмi" деген бөлiмде:
      мынадай мазмұндағы 27-тармақпен толықтырылсын:
      "27. Жауынгерлiк қол атыс қаруы мен оның патрондарын жасау, өндiру, жөндеу, сату, сатып алу, экспонатқа қою.";
      "III. Тау-кен техникалық қадағалау қорытындысы қажет, лицензияланатын жұмыстар мен қызмет түрлерiнiң тiзiмi" деген бөлiмде:
      мынадай мазмұндағы 13-тармақпен толықтырылсын:
      "13 Жауынгерлiк қол атыс қаруы мен оның патрондарын жасау, өндiру, жөндеу, сату, сатып алу, экспонатқа қою.";
      2) "Жауынгерлiк қол атыс қаруының және оған оқ-дәрiнiң, сондай-ақ суық қарудың айналымы ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 18 қыркүйектегi N 1032  қаулысына :
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жауынгерлiк қол атыс қаруының және оған оқ-дәрiнiң, сондай-ақ суық қарудың айналымы ережесiнде:
      4-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "Қару мен оның патрондарын өндiрудi қаруды өндіруге (зерттеуге, жасауға, сынауға, дайындауға, сондай-ақ көркем өңдеуге, жөндеуге, жинауға, қайта жасауға), патрондар мен олардың құрамдас бөлiктерiн дайындауға лицензиясы бар заңды тұлғалар жүзеге асырады.
      Заңды тұлғалар қару мен оның патрондарын өндiруге тұтастай (бiрыңғай технологиялық кешендi ескере отырып) да, оның жекелеген түрлерiне де лицензия ала алады.".

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2004 жылғы 8 маусымдағы 
N 635 қаулысымен   
бекiтiлген      

  Жауынгерлiк қол атыс қаруы мен оның патрондарын жасау, өндiру, жөндеу, сату, сатып алу, экспонатқа қою жөнiндегi лицензияланатын қызмет түрiне қойылатын
бiлiктiлiк талаптары

      Ескерту. Біліктілік талаптарының күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2008.02.01.  N 84 (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

О некоторых вопросах лицензирования деятельности по разработке, производству, ремонту, торговле, приобретению, экспонированию боевого ручного стрелкового оружия и патронов к нему

Постановление Правительства Республики Казахстан от 8 июня 2004 года N 635. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 29 ноября 2019 года № 896 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 29.11.2019 № 896 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования).

      В целях реализации Закона Республики Казахстан от 17 апреля 1995 года "О лицензировании" Правительство Республики Казахстан постановляет:

      1. Утратил силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 февраля 2008 года N 84 (вводится в действие по истечении 21 календарного дня после официального опубликования).

      2. Внести в некоторые решения Правительства Республики Казахстан следующие изменения и дополнения:

      1) утратил силу постановлением Правительства РК от 07.06.2012 № 753 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после первого официального опубликования);

      2) в постановлении Правительства Республики Казахстан от 18 сентября 2002 года N 1032 "Об утверждении Правил оборота боевого ручного стрелкового оружия и боеприпасов к нему, а также холодного оружия":

      в Правилах оборота боевого ручного стрелкового оружия и боеприпасов к нему, а также холодного оружия, утвержденных указанным постановлением:

      пункт 4 дополнить абзацами следующего содержания:

      "Производство оружия и патронов к нему осуществляется юридическими лицами, имеющими лицензии на производство (исследование, разработку, испытание, изготовление, а также художественную отделку, ремонт, сборку, переделку) оружия, изготовление патронов и их составных частей.

      Юридические лица могут получить лицензию как в целом на производство оружия и патронов к нему (с учетом единого технологического комплекса), так и на отдельные его виды.".

      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания и подлежит опубликованию.

Премьер-Министр


Республики Казахстан



  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 8 июня 2004 года N 635

Квалификационные требования к лицензируемому виду
деятельности по разработке, производству, ремонту,
торговле, приобретению, экспонированию боевого ручного
стрелкового оружия и патронов к нему <*>

      Сноска. Квалификационные требования утратили силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 февраля 2008 года N 84 (вводится в действие по истечении 21 календарного дня после официального опубликования).