Жауынгерлік қол атыс қаруының және оған оқ-дәрінiң, сондай-ақ суық қарудың айналымы epeжесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 18 қыркүйек N 1032. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 29 қарашадағы № 896 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 29.11.2019 № 896 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қарудың жекелеген түрлерінің айналымын мемлекеттік бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған Жауынгерлiк қол атыс қаруының және оған оқ-дәрінің, сондай-ақ суық қарудың айналымы ережесi бекiтiлсiн.

      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.07 № 753 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі



  Қазақстан Республикасы Yкiметiнің
2002 жылғы 18 қыркүйектегi
N 1032 қаулысымен
бекiтiлген

Жауынгерлік қол атыс қаруының және оған оқ-дәрінің, сондай-ақ суық қарудың айналымы ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже жауынгерлік қаруды өндiрудi, жинауды, қайта жасауды, сатуды (саудалауды), тапсыруды, марапаттауды, сатып алуды, экспонаттауды, есепке алуды, сақтауды, сақтау мен алып жүрудi, тасымалдауды және пайдалануды қоса алғанда, жауынгерлiк қол атыс қаруының және оған оқ-дәрiнің, сондай-ақ суық қарудың (бұдан әрi - жауынгерлiк қару) айналымын ретке келтiредi.

      2. Жауынгерлiк қаруға жауынгерлiк және жедел-қызметтік мiндеттердi шешуге арналған, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалану құқығы бар субъектілер) (бұдан әрi - жауынгерлік қаруды пайдалану құқығы бар субъектiлер) Қазақстан Республикасы Yкiметiнің нормативтiк құқықтық есiмдерiне сәйкес қару-жараққа қабылдаған қару жатады.

      3. Жауынгерлік қол атыс қаруын және оған оқ-дәріні әзiрлеу, өндiру, жөндеу, сату (саудалау), сатып алу және экспонаттау заңнамада белгіленген тәртіппен лицензиялауға жатады.

2. Жауынгерлік қаруды өндiру

      4. Жауынгерлiк қаруды өндiруге жауынгерлiк қаруды зерттеу, әзiрлеу, сынап көру, дайындау, көркемдеп жасау, жөндеу, жинау, қайта жасау және жою жатады.

      Жауынгерлiк қаруды өндiру мемлекеттік қорғаныс тапсырысы шеңберiнде жүзеге асырылады.

      Қару мен оның патрондарын өндiрудi қаруды өндіруге (зерттеуге, жасауға, сынауға, дайындауға, сондай-ақ көркем өңдеуге, жөндеуге, жинауға, қайта жасауға), патрондар мен олардың құрамдас бөлiктерiн дайындауға лицензиясы бар заңды тұлғалар жүзеге асырады.

      Заңды тұлғалар қару мен оның патрондарын өндiруге тұтастай (бiрыңғай технологиялық кешендi ескере отырып) да, оның жекелеген түрлерiне де лицензия ала алады. <*>

      Ескерту. 4-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 8 маусымдағы N 635 қаулысымен.

      5. Жауынгерлік қаруды өндiрудi жүзеге асыратын заңды тұлғалар мыналарға мiндеттi:

      1) тәжірибелiк үлгiлердi қоспағанда, жауынгерлiк қаруды пайдалану құқығы бар субъектiлерге жеткiзу үшін, сондай-ақ басқа мемлекеттерге жеткiзу үшiн ғана жауынгерлік қаруды өндiруге. Жауынгерлік қаруды басқа мемлекеттерге жеткiзiп беру экспорттық бақылау туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады;

      2) шығарылатын өнiмдi өндiрудiң қауiпсiздiгiн, есепке алуды, сақталуын қамтамасыз етуге және сапасын бақылауды жүзеге асыруға.

      6. Дайындалған жауынгерлiк қарудың әрбiр бiрлiгінің жеке нөмiрi болуы тиiс.

      7. Жауынгерлік қаруды пайдалану құқығы бар субъектiлердің қару-жарағынан (жабдығынан) алынған, сондай-ақ жарамсыз болып қалған жауынгерлік қару тиiстi актінi ресiмдей отырып есептен шығаруға жатады.

      8. Жауынгерлiк қаруды есептен шығару туралы актiнi құрамы жауынгерлік қаруды пайдалану құқығы бар субъектiлердiң нормативтік құқық кесiмдерiне сәйкес айқындалатын ведомствоiшілік комиссия жасайды, содан кейiн жауынгерлiк қаруды сату немесе пайдаға асыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу үшiн Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi жанындағы Әскери-техникалық комиссияның қарауына енгiзедi.

      9. Есептен шығарылған жауынгерлiк қаруды жою (пайдаға асыру) жөнiндегi жұмыстарды жүргiзудi шарттық негiзде, жауынгерлік қаруды пайдалану құқығы бар субъектiлердiң келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасының Yкiметi уәкiлеттiлік берген заңды тұлғалар жүзеге асырады.

3. Жауынгерлiк қаруды сату, тапсыру

      10. Жауынгерлiк қаруды пайдалану құқығы бар субъектiлер қаруды сатып алуға, сондай-ақ бұл туралы қаруды есепке алу орны бойынша iшкi iстер органдарын алдын ала хабардар ете отырып азаматтық және қызметтiк қаруды сатуға (саудалауға) лицензиясы бар тұлғаларға өздерiнің қару-жарағында тұрған жауынгерлік қаруды сатуына болады. Бұл ретте сатылатын жауынгерлiк қару өзінің негiзгi параметрлерi, сипаттамалары бойынша азаматтық немесе қызметтік қару параметрлерiне сәйкес келуi тиiс.

      11. Жауынгерлiк қаруды сату және оны қызметтiк немесе азаматтық қару санатына ауыстыру туралы ұсыныстарды жауынгерлік қаруды пайдалану құқығы бар субъектiлер шешiмдер қабылдау үшін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жанындағы Әскери-техникалық комиссияның қарауына ұсынады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 11.11.2013 № 1203 қаулысымен.

      12. Жеке, мемлекеттік емес заңды тұлғаларға және шетелдік заңды тұлғаларға жауынгерлік қаруды сату Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 11.11.2013 № 1203 қаулысымен.

      13. Жауынгерлік қаруды пайдалану құқығы бар субъектiлер өздерiнде заңды негiздерде тұрған азаматтық және қызметтік қару мен оларға патрондарды бұл туралы қаруды есепке алу орны бойынша ішкi iстер органдарын алдын ала хабардар ете отырып, азаматтық және қызметтiк қаруды сатуға (саудалауға) лицензиясы бар заңды тұлғаларға сата алады.

      14. Жауынгерлiк қаруды пайдалану құқығы бар субъектiлер Қазақстан Республикасы Yкiметiнің шешiмi негiзінде жауынгерлiк қаруды пайдалану құқығы бар басқа субъектiлерге өздерiнің қару-жарағында тұрған жауынгерлік қаруды берудi жүргiзедi.

      Жауынгерлік қаруды беру кезiнде жауынгерлiк қаруды пайдалану құқығы бар субъектілер жауынгерлік қару берiлетiн, жауынгерлік қаруды пайдалану құқығы бар субъектiлердiң нормативтік құқықтық кесiмдерiн басшылыққа алады.

4. Жауынгерлiк қарумен марапаттау тәртiбі

      15. Түйдектете оқ ататын және 10 патроннан астам оқсалғышы (барабаны) барларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында айналымына тыйым салынғандарды қоспағанда, жауынгерлік қарумен марапаттау Қазақстан Республикасы Президентi Жарлығының, Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулысының, шет мемлекеттер басшыларының, шет мемлекеттер Үкiметтерi басшылары мен мүшелерiнің марапаттау құжаттарының негiзiнде жүзеге асырылады.

      16. Марапаттау қаруының иесi қайтыс болған жағдайда көрсетiлген қару ішкі iстер органдарына тапсырылады.

      17. Марапаттау қаруы жауынгерлiк қаруды ішкі iстер органдары тиiсiнше қайта тіркегеннен және қайта жасағаннан кейiн сақтау үшін мұражайларға берілуi мүмкiн.

5. Жауынгерлiк қаруды сатып алу тәртiбi

      18. Жауынгерлік қаруды пайдалану құқығы бар субъектілердiң жауынгерлік қаруды өндiруге және сатуға лицензиясы бар заңды тұлғалардан жауынгерлік қаруды сатып алуға құқығы бар.

      19. Жауынгерлiк қаруды пайдалану құқығы бар субъектілердің жауынгерлік қаруды сатып алуы мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамада белгiленген тәртіппен жүзеге асырылады.

6. Жауынгерлік қаруды экспонаттау тәртiбi

      20. Жауынгерлiк қаруды экспонаттау азаматтық, қызметтік қарулар мен оларға патрондардың айналымы үшiн белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

7. Жауынгерлік қаруды есепке алу, сақтау, сақтау
және алып жүру

      21. Жауынгерлік қаруды пайдалану құқығы бар субъектілер жауынгерлік қарудың есебін жүргізуге мiндеттi.

      22. Жауынгерлiк қаруды есепке алу жауынгерлік қаруды пайдалану құқығы бар субъектiлердің бiрiншi басшылары белгiлейтiн тәртіппен жүзеге асырылады.

      23. Жауынгерлік қаруды сақтау тек осы мақсаттар үшiн арнайы жабдықталған, күзет және өрт қауiпсiздiгi техникалық құралдарымен жарақтандырылған және қызметтiк қару мен оларға патрондардың айналымы үшін көзделген сақтау талаптарына жауап беретін үй-жайларда (қоймаларда) жүзеге асырылады.

      24. Жауынгерлік қаруды сақтау, алу, сақтау және алып жүру тәртiбiн жауынгерлiк қаруды пайдалану құқығы бар субъектiлер айқындайды.

      25. Сақтау мен алып жүруге рұқсатты жауынгерлік қаруды пайдалану құқығы бар субъектiлердiң бiрiншi басшылары бередi.

      Жауынгерлiк қаруды сақтау мен алып жүруге, сондай-ақ пайдалануға тек жауынгерлiк немесе жедел-қызметтiк міндеттердi шешу үшін рұқсат етiледi. Жауынгерлiк қаруды өзге мақсаттар үшiн сақтау мен алып жүруге, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынады.

8. Жауынгерлiк қаруды тасымалдау

      26. Жауынгерлік қаруды тасымалдау тәртiбін жауынгерлік қаруды пайдалану құқығы бар субъектiлер белгілейдi.

      27. Жауынгерлiк қаруды барлық көлiк түрлерiмен тасымалдаудың міндетті шарттары мыналар болып табылады:

      тиеу сәтінен бастап тағайындалған пунктке жеткiзгенге дейiн қарулы күзет;

      тиеу-түсiру жұмыстары пунктін және тасымалдау құралдарын өрт сөндiру құралдарымен қамтамасыз ету және өрт сөндiру есептемесін уақытылы тағайындау.

      28. Жауынгерлiк қару тасымалдау кезінде оқталмаған жағдайда және оқ-дәрілерден бөлек болуы тиiс.

      29. Жауынгерлік қару арнайы ыдысқа оралып салынуы қажет, оған мөр соғылады немесе пломбы салынады.

9. Жауынгерлік қаруды экспорттау мен импорттау

      30. Жауынгерлік қарудың экспорты мен импорты Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2008 жылғы 12 маусымдағы № 578 қаулысымен бекітілген Тауарлардың, оның ішінде экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импортын, сондай-ақ жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау кезіндегі қызметті лицензиялау ережесіне және Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2008 жылғы 12 наурыздағы № 244 қаулысымен бекітілген Импорттаушылардың (түпкі пайдаланушылардың) кепілдік міндеттемелерін ресімдеу және олардың орындалуын тексеру ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 11.11.2013 № 1203 қаулысымен.

10. Жауынгерлік қарудың айналымын бақылау

      31. Жауынгерлік қарудың айналымын мемлекеттік бақылауды өздерінің құзыреті шегінде жауынгерлік қаруды пайдалану құқығы бар субъектілер жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады