Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi мен Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Азия және Тынық мұхиты елдерiне арналған Экономикалық және Әлеуметтiк Комиссиясының арасындағы N 2003-0144 келiсiм-хатқа қол қоюға келiсiм берiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Mинистрі
Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi мен БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхиты елдеріне арналған Экономикалық және Әлеуметтік Комиссиясының арасындағы
N 2003-0144 келісiм-хат
БҰҰ-ның Экономикалық және Әлеуметтік Кеңесi құрған және Бангкокте, Таиландта штаб-пәтерi бар БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхиты елдерiне арналған Экономикалық және Әлеуметтiк комиссиясы (бұдан әрi - ESCAP) Азия және Тынық мұхиты өңiрiнің экономикалық және әлеуметтiк дамуына жәрдемдесуге жауап беретiндіктен,
Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi (бұдан әрi - құрылтайшы-әрiптес) Келiсiм-Хатқа айтылған iс-шараларды нәсiлдiк, этникалық, дiни, ұлттық немесе саяси, жыныстық немесе кез келген басқа негiзде тiкелей немесе жанама кемсiтушiлiксiз орындауға қажетті қабiлеттiлiгiн көрсеткендiктен,
донарлар бiрлескен бағдарламалар мен жобалар үшiн бөлуге болатын белгілі бiр ресурстарын ЕSСАР-қа сенетiндiктен, ал өз донарларына және осы қорларды басқару жөнiндегі Комиссияға есеп беретiн ESCAP БҰҰ-ның Қаржылық тәртiптерi мен ережелерiне сәйкес жоба нысанындағы ынтымақтастық үшiн тиiстi қаражат бөле алатындықтан,
сондықтан да өзара сенiмдiлiк негiзiнде және ынтымақтастық рухында Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi мен ESCAP осы Келiсiм-Хатқа (бұдан әрi - Келiсiм-Хат) енедi.
1-бап
Келiсiм-Хаттың мақсаты мен саласы
а) Осы Келiсiм-Хаттан, b) Жобаның/Жұмыс жоспарының және бюджеттiң Техникалық Тапсырмаларынан (1-қосымша), с) құрылтайшы-әрiптестер үшiн стандарттық шарттардан (2-қосымша) және тараптар арасында келiсiлген барлық басқа да құжаттардан тұратын осы Келiсiм жобаның (бұдан әрi - Жоба) мақсаттарына қол жеткiзудiң барлық аспектiлерi бойынша тараптар арасындағы ынтымақтастықтың барлық шарттарын қозғайды.
2-бап
Келiсiм-Хаттың мерзiмдерi
1. Осы Келiсiм-Хат қол қойылған сәтiнен бастап күшiне енедi және 2004 жылғы 21 шiлдеден кешiктiрмей аяқталады. Жобаның жұмысы Жобаның/Жұмыс жоспары мен бюджеттiң Техникалық Тапсырмаларында келтiрiлген кестеге сәйкес басталады және аяқталады (1-қосымша).
2. Егер жобаны iске асыру барысында құрылтайшы-әрiптес және/немесе ESCAP мақсаттарға қол жеткiзу үшiн Жобаны ұзарту қажет деп сенiм бiлдiрсе, онда олар Жоба мерзiмiнiң аяқталуының жаңа күнiн талқылауды жүргізу ниетiмен бір-біріне дереу хабарлауы тиіс. Аяқталу күнiн келіскен соң осы түзету күшiне енеді.
3-бап
Қаржылық және операциялық Келiсiм-Хаттар
1. Тараптар үшiн ерекше техникалық тапсырмалар Жобаның Техникалық Тапсырмасында/Жұмыс жоспарында және бюджетте егжей-тегжейлі жазылған (1-қосымша).
2. Жоба бюджетiне сәйкес ESCAP құрылтайшы-әрiптеске 3000 (үш мың) AҚШ долларынан аспайтын сомада АҚШ долларымен ақшалай қаражат (қорларын) бөледі.
3. Қорлар Жоба Бюджетiне сәйкес бөлiктер бойынша төленедi. ESCAP Стандарттық шарттардың 7-бабына сәйкес төлемдi орындайтын болады. Кез-келген пайдаланылмаған немесе бос қорлар Келiсiм-Хаттың шеңберiндегі іс-шаралар аяқталғаннан кейiн бастапқыда олар берілген валютада ЕSСАР-қа қайтарылатын болады.
4. Қорлар төменде келтiрiлген нұсқаулық бойынша төленетiн болады: төлем БҰҰ Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) елдегi өкілдігі арқылы жасалатын болады.
Байланыстық ақпарат:
Фикрет Акчура мырза
Тұрақты өкiл
БҰҰ-ның Даму бағдарламасы
Бөкей хан даңғылы, 38
Астана 473000
Қазақстан
Тел.: (7-3172) 326 360, 327 578
Факс: (7-3172) 327 847
Электрондық почта: un-astana@kaznet.kz
4-бап
Ескертпелер
Келiсiм-Хат бойынша Тараптардан жазбаша түрде қабылданған кез келген ескертпелер мен ескертулер басқа тарап оны алған сәттен бастап қаралатынды және пошталық алым төленген бiрiншi дәрежедегі пошталық қызмет көрсету арқылы, жеке курьер, факсимилдiк немесе электрондық пошта арқылы жiберiлетiн болады.
Егер де Біріккен Ұлттар Ұйымының мекен-жайына болса:
Бағдарламаны басқару бөлiмiнiң басшысына
ESCAP
United Nations Building
Rajadamnem Nok Avenue
Bangkok 10200 Thailand
Факс: (662) 288 1032
Көшiрмесi: Рави Ратнаяке (Ravi Ratnayake) мырзаға
Chief, Trade and investment Division
Факс: (662) 288 1027
Егер де құрылтайшы-әрiптестiң мекен-жайына болса:
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң
Сауда комитетi төрағасының орынбасары
Маржан Күзембаева ханымға
Қазақстан Республикасы
Астана қаласы
Транспорт Тауэр ғимараты
Тел.: 7 3172 240636
Факс: 7 3172 240916
Электрондық почта: rt@minfin.kz.
Kom.torg@mail.ru
Comtrade@List.ru
Осыларды куәландыру үшін құрылтайшы-әрiптестiктiң уәкiлеттi өкiлдерi мен ЕSСАР ағылшын және орыс тiлдерiндегi төрт данадағы (түпнұсқалар) белгiленген уақытта және күнi осы Келiсiмге қол қойды.
Құрылтайшы-әрiптес тарапынан ESCAP тарапынан
Қолы _______________________ Қолы _______________
Аты-жөні Болат Смағұлов Аты-жөнi: Нанда Крахрикш
Лауазымы: Қазақстан Лауазымы: Бағдарламаны басқару
Республикасының Индустрия және бөлiмiнiң басшысы
сауда вице-министрi
Орны: Астана, Қазақстан Орны: Бангкок, Таиланд
Келiсiм-Хатқа 1-қосымша
Техникалық тапсырмалар/Жұмыс жоспары және бюджет
А. Жалпы құрылымы және негiздеме
ESCAP Орталық Азия/Кавказ елдерi мен Монголия үшiн осы елдерге жаһандандыру процесiнiң салдарынан пайда болатын міндеттер мен мүмкiндiктерге тиімді жауап беруге көмектесу үшiн "Жаһандандыруды басқару үшін ЕSСАР-қа қатысушы елдердiң мүмкiндiктерiн өсiру" жобасын қабылдайды. Осы құрылымның шеңберiнде сауда, инвестиция және қаржы саласындағы ұлттық саясаткерлерге, жеке сектор мен қатысушы елдердегі шетелдік инвестициялау орталарының өкiлдерiне арналған екі апталық он ұлттық бiлiм беру семинарларын өткiзу жоспарланып отыр. Сауданы iлгерiлету жөнiндегi консультативтiк миссиялар ақпараттық пен коммуникативтiк технологияларды пайдалану және қолдану арқылы 9 елде орналасатын болады. Қатысушы елдер: 1) Армения, 2) Әзiрбайжан, 3) Грузия, 4) Қазақстан, 5) Қырғызстан, 6) Монғолия, 7) Тәжiкстан, 8) Түрiкменстан, 9) Өзбекстан, 10) Ресей Федерациясы (тек қана семинар).
Қазақстан Республикасының Таиландтағы Дипломатиялық миссиясы ESCAP-тың өкiлдерiне Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Сауда комитетi Қазақстанда жүргізiлген жобаның iс-шаралары үшiн анағұрлым сәйкес келетiн құрылтайшы-әрiптес болып табылатындығын хабарлады.
В. Жалпы мақсат
Жоғарыда айтылған жобаның шеңберiнде сауданы iлгерiлету және сауда-қаржылық инфрақұрылымды дамыту жөнiндегi бiр оқыту семинарын өткізу үшін ESCAP пен Қазақстан Республикасының Үкiметi арасындағы ынтымақтастыққа бiр консультативтiк миссия бойынша ықпал ету Келiсiмнiң мақсаты болып табылады, ESCAP консультативтiк миссия және Астанадағы ұлттық оқыту семинары үшiн техникалық көмек пен шектелген қаржылық қолдауды қамтамасыз еткенше, құрылтайшы-серiктес барлық қажетті жергілiктi әзiрлiктердi дайындайды және жергiлiктi қабылдаушы тарап ретінде әрекет ететін болады.
С. Нәтижелер мен қызмет түрлерi
1-нәтиже: сауданы және e-сауданы iлгерiлету жөнiндегi екi апталық консультативтiк миссияны сәттi аяқтау.
Құрылтайшы-әрiптестiң қызметi:
1. Сауданы және e-сауданы iлгерiлету үшiн қажеттi консультативтiк қызмет көрсетулердi ESCAP-пен және халықаралық сарапшылармен бiрiгiп айқындау/түсiндiру;
2. ESCAP-пен және халықаралық сарапшылармен ынтымақтастықтағы, бiлiм беретiн сессияларды, миссияға дейiн және миссия кезiнде тиiстi құжаттарды, деректер мен ақпараттар жинауды, тиiстi министрлiктердiң, агенттiктер мен жеке сектор ұйымдарының үкiметтiк кездесулерi мен сапарларын қоса алғандағы консультативтiк миссияның қызметiн дайындау мен жәрдемдесу.
3. Жергiлiктi көлiк беру және 2 апталық консультативтiк миссия iшiнде халықаралық сарапшылармен бiрге жүретiн аз дегенде сауда мен e-сауданың iлгерiлеуi мәселелерiн бiлетiн, сондай-ақ ағылшын және орыс тiлдерiн игерген бiр үкiметтiк шенеунiк (немесе жергiлiктi сарапшы) тағайындау.
4. Халықаралық сарапшыларға визалар алуға және тұратын жерлерiн сақтауға көмек.
ESCAP-тың қызметi
1. Қазақстандағы сауда мен e-сауданың iлгерiлеуi жөнiнде консультативтiк миссияларды жүргізу үшiн аз дегенде, екi халықаралық сарапшыны айқындау және қамтамасыз ету.
2. Миссияларды халықаралық сарапшылармен және құрылтайшы-серiктеспен үйлестiру.
2-нәтиже: Сауда-қаржылық инфрақұрылымды дамыту жөнiндегi екi апталық семинарды сәттi өткiзу.
Құрылтайшы-әрiптестiң қызметi
1. Сауда-қаржылық инфрақұрылымды дамыту жөнiндегi ұлттық оқыту семинарын әзiрлеу, өткiзу және бағалау кезiнде аз дегенде, бiр байланыс жасаушы адамды тағайындау.
2. Дәрiстер оқу үшiн жергілiктi мамандардың қызмет көрсетулерiн тарту және ұлттық бiлiм беру семинарының барысында сауда-қаржылық инфрақұрылымды дамыту жөнiндегi пiкiр сайысқа қатысу.
3. Ұлттық оқыту семинарына қатысу үшiн тиiстi үкiметтiк мекемелерден және жеке сектордың ұйымдарынан 25-30 қатысушыларды шақыру және орналастыру.
4. Тиiстi семинар өткiзетiн орынды және жабдықтарды, кемiнде 30 адам сиятын, дыбыс жүйесiнiң талаптарына жауап беретiн мәжiлiс залын, диаскопиялық проекторды, LCD-проекторды, ақ тақтаны және көмекшi қызметшiлерді қоса алғанда қамтамасыз ету. Мынадай жабдықтарды ұсыну:
фотокөшiргіш машина, принтер, телефондық және факсимильдiк қызмет көрсетулер, сондай-ақ семинардың барлық қатысушылары үшiн таңертеңгі және түскi астан кейiнгі үзiлiстерде шәй ұйымдастыру.
5. Семинарға қатысушылар үшiн ағылшын тiлiнен жергілiктi тілге және керiсiнше iлеспе аударманы қамтамасыз ету.
6. Семинарды өткiзу уақытында қатысушылар үшiн ланч ұйымдастыру.
7. Халықаралық қатысушылар үшiн қонақ үй нөмiрлерiн сақтап қоюға, жол жүрумен және визалар алумен байланысты ұйымдастырушылық мәселелерге көмек.
ESCAP-тың қызметі
1. Бастапқы бағдарламаның және семинар үшін ұсыныстардың жалпы жоспарын беру.
2. Сауда-қаржылық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі ұлттық білім беру семинарын өткiзуге көмектесу үшiн аз дегенде, екi адамды тағайындау.
3. Ресурстық адамдармен және құрылтайшы-серіктестерді семинарды ұйымдастыру мәселелері жөнiнде үйлестіру.
D. Мониторинг
Құрылтайшы-әріптес 4 аптаның ішінде қызметтің барлық түрін аяқтайтын қорытынды материалдық және қаржылық есеп береді.
E. Уақытша шеңберлер
Жоба екі тарап Келісімге қол қойған сәттен жұмысын бастайды және 2004 жылғы 21 шілдеден кешіктірмей аяқталады.
Сауданы ілгерілету жөнiндегі консультативтік миссиялар үшiн ұсынылатын күндер: 2004 жылғы 10-21 маусым.
Семинарды өткізуге ұсынылатын күндер: 2004 жылғы 19-20 маусым.
F. Егжей-тегжейлi бюджет
(АҚШ доллары)
__________________________________________________________________
Консультативтiк миссиямен байланысты шығыстар | 800
Семинар шығыстары | 2000
Әртүрлi | 200
Барлығы | 3000
__________________________________________________________________
G. Төлем кестесi
Сомасы (АҚШ доллары)
1. Консультативтiк миссияның кестесiн қабылдау бойынша 2 500
2. Қызметтің аяқталуы және қорытынды есептi алу бойынша 500
Барлығы 3 000
2 қосымша
Әрiптес мекемелерге арналған стандартты шарттар 1-бап
Келiсiм-Хаттың мақсаты мен шеңберi
Келiсiм-Хатта аталған құжаттарда және тараптар арасында келiсiлген басқа да барлық құжаттарда Жобаның Техникалық тапсырмасында/Iс-шаралар мен Бюджет жоспарында (1-қосымша) сипатталғандай жобаның (бұдан әрi - Жоба) мақсаттарына қол жеткiзудiң барлық аспектiлерiнде тараптар арасында ынтымақтастықтың жалпы шарттары мазмұндалады.
2-бап
Келiсiм-Хаттың қолданылу мерзiмi
1. Келiсiм-Хаттың қолданылу мерзiмi Келiсiм-Хатта көзделген мерзiммен шектелген. Жоба оның Техникалық тапсырмасында/Iс-шаралар мен Бюджет жоспарында (1-қосымша) қамтылған кестелерге сәйкес басталуы және аяқталуы тиiс.
2. Егер Жобаны iске асыру кезiнде әрiптес мекемеге және/немесе ESCAP-қа жобаның мақсаттарына қол жеткiзу үшiн мерзiмiн одан әрi ұзарту қажет болса, онда олар Келiсiмнiң қолданылу мерзiмiн аяқтаудың жаңа мерзiмiн келiсу жөнiнде консультациялар бастау мақсатында бiр-бiрiн дереу хабардар етуi тиiс. Келiсiмнiң қолданылу мерзiмi аяқталатын күн келiсiлген соң тараптар төмендегі 15-бапқа сәйкес қорытынды түзету енгiзуi тиiс.
3-бап
Тараптардың жалпы мiндеттерi
1. Келiсiм-Хаттың ережелерiне сәйкес тараптар өздерiне тиiстi мiндеттер алуға келiседi. Тараптар Жобаның мақсаттарына қол жеткiзу үшiн өз күштерiн бiрiктiруге және тығыз қызметтiк қатынаста болуға келiседi.
2. Әрiптес мекеме ESCAP-пен тығыз ынтымақтастықта Жобаны iске асыру үшiн жауап беруi тиiс. Әрiптес мекеме барынша өкiлеттiкке ие және серiктес мекеменiң атынан Жобаға жауап беретiн адамның атын (немесе бiрлiктi) белгілеуi және ЕSСАР-қа хабарлауы тиiс. Әрiптес мекеме ешбiр жағдайда БҰҰ-мен немесе ESCAP-пен байланысты немесе оған тәуелдi құқықтық мәртебеге ие ретiнде қаралмауы тиiс.
3. ESCAP Жобаны iске асыруда әрiптес мекемеге қолдау көрсету үшiн Жобаның 7-бабында және Бюджетiнде жазылған қорларды қамтамасыз етуi тиiс.
4. Әрiптес мекеме Жобаға қатысты қызметтiң барлық түрлерi туралы ЕSСАР-қа хабарлауы және елдегі Жобаның әрiптес институты мәртебесiне ықпал ете алатын немесе Жобаның Техникалық тапсырмасындағы/Iс-шаралар мен Бюджет жоспарындағы (1-қосымша) шолуға сәйкес Жобаның мақсаттарына қол жеткiзуге және Жобаны iске асыруға әсер ететiн жағдайлар туындаған кезде кеңесуi тиiс.
5. Әрiптес мекеме өзiнiң, БҰҰ-ның және ESCAP-тың мүддесiне келеңсiз әсер ететiн кез келген iс-қимылға бармауы және БҰҰ мен ESCAP мүдделерiне қатысты өз мiндеттерiн орындауы тиiс. Осы мақсатта әрiптес мекеме ESCAP-тың жазбаша мақұлдауынсыз ESCAP-тың немесе БҰҰ-ның эмблемасы мен атауын немесе осы атаулардың кез келген қысқарған атын пайдаланбауы тиiс.
6. Егер тараптар мен билiк орындары арасында өзгесi келiсiлмесе, ESCAP қажет кезiнде Келiсiмнiң шеңберiнде қызметтiң түрлерiне қатысты бар тиiстi ұлттық және жергілiктi үйлестiру билiгiне байланысты негiзгi арна ретiнде iс-әрекет ететiн болады. ESCAP-тың ұсынымдарын ескере отырып, серiктес мекеме сайлайтын Жобаның үйлестiрушiсi операциялық мәселелер жөнiндегi тиiстi ұлттық және жергілiктi үйлестiру билiк органдарымен байланыс үшiн жауап беретiн болады.
7. ESCAP техникалық және кәсiби қолдауы бар ақпаратқа, консультациялық қызмет көрсетулерге қол жеткiзуге жәрдемдесетiн және қажет кезiнде БҰҰ-ның басқа да ұйымдарының консультациялық қызмет көрсетулерiн пайдаланатын әрiптес мекемеге жәрдем көрсететiн болады.
8. Әрiптес мекеме ESCAP-тың жазбаша келiсiмiн алған жағдайлардан басқа тағайындамауы, мiндеттемесiн бiреуге табыстамауы, бермеуi, қосалқы шарт жасаспауы немесе Келiсiм-Хаттың шеңберiнде басқа да өкiмдер жасамауы тиiс.
4-бап
Персоналға қойылатын талаптар
1. Әріптес мекеме Жобаны iске асыру үшiн оның персоналы, агенттерi, қызметкерлерi немесе қосалқы мердiгерлерi (бұдан әрi - персонал) орындаған барлық жұмысқа және қызмет көрсетулерге толық жауап беруi тиiс.
2. Әрiптес мекеменiң персоналы ешбiр жағдайда БҰҰ-ның немесе ESCAP-тың лауазымды тұлғаларынан тұратын персонал, қызметтiк персоналының мүшелерi немесе агенттерi ретiнде қаралмауы тиiс. Әрiптес мекеме еңбек туралы барлық тиiстi ұлттық заңдардың сақталуына кепiлдiк беруi тиiс. Әрiптес мекеме өзiнiң барлық қызметкерлерiн жалақымен қамтамасыз етуi және сақтап қалуы тиiс.
3. Әрiптес мекеме оның персоналы бiлiктiлiктiң жоғары стандарттарына, сондай-ақ Жобаның мақсаттарына қол жеткiзу үшiн қажеттi техникалық және кәсiби құзырлыққа жауап беретiндiгiне және Жобаны iске асыру бойынша жұмысқа қабылдау туралы шешiм нәсiлдiк, этникалық, дiни, жыныстық немесе кемсiтушілiктiң өзге де нысандарының қағидаттарына негiзделмейтiнiне кепiлдiк беруi тиiс. Әрiптес мекеме Жобаның жұмысына қатысты мүдделердiң кез келген қақтығыстарынан барлық персоналдың босатылатындығына кепiлдiк беруi тиiс.
4. Әрiптес мекеменiң персоналы ESCAP-қа қатысы жоқ, Келiсiм-Хатта белгiленген өз мiндеттерiнiң шеңберiндегі жұмыстарға қатысты нұсқаулықтарды кез келген басқару органынан iздеуге, не қабылдауға тиiс емес.
5-бап
Жеткiзулер мен сатып алулар
1. Әрбiр тарап Жобаның Техникалық тапсырмасында/Iс-шаралар мен Бюджет жоспарында (1-қосымша) көрсетiлген Жобаға ресурстар салуы тиiс.
2. Техникалық құрал-жабдық пен логистика, жұмсалмайтын жабдықтау заттары мен материалдары, көлiк құралдары және ESCAP берген немесе қаржыландырған басқа да меншiк ESCAP-тың меншігінде қалуы және Жоба аяқталған соң немесе Келiсiм-Хаттың қолданылуы тоқтатылғаннан кейiн, егер тараптар арасында өзгесi келiсiлмесе, ЕSСАР-қа қайтарылуы тиiс. Мұндай қайтаруға дейiн әрiптес мекеме барлық құрал-жабдықты тиiстi түрде сақтауға, жөндеуге және күтiп ұстауға жауап беруi тиiс және осындай құрал-жабдықты, жабдықтау заттарын және материалдарды Жобаны iске асыру кезiнде сақтап қалу мақсатында тараптар арасында келiсуге болатындай сомаға қажеттi сақтандырманы алуы және Жобаның Бюджетiнде қабылдауы тиiс.
3. ESCAP өзi ұсынатын немесе қаржыландыратын жабдықтау заттарында, құрал-жабдықтарда және басқа да материалдарда ESCAP-қa тиiстілігін куәландыратын таңбалау белгісiн қоя алады.
4. Әрiптес мекемеге берiлген мүлiктiң шығыны, ұрлануы немесе басқа да жойылуы жағдайда соңғысы ЕSСАР-қа полицияның есебi мен мүлiктiң жойылуына әкелген оқиғаның егжей-тегжейлi сипатын беретiн кез келген басқа да дәлелдеменi (айғақты) қамтитын толық есеп беруi тиiс.
5. Тауарларды, қызмет көрсетулердi немесе ESCAP ұсынған және Жобаның Бюджетiнде көзделген қаржы қаражатының басқа да қажеттiлiктерiн төлей отырып, серiктес мекеме өтiнiмдер беру немесе келiсiм-шарттар ұсыну кезiнде ол ең жоғары сапаның, үнемдеу мен тиiмдiлiктiң қағидаттарын қорғайтын болады және осындай өтiнiмдер, егер өзгесi ESCAP-пен келiсiлмесе, бәсеке бағаларды, ұсыныстарды немесе өтiнiмдердi бағалауға негізделетiн болады.
6. Әрiптес мекеме ESCAP-тың қаржы қаражатына сатып алынған жабдықтау заттарын, құрал-жабдықтар мен басқа да мүлiктердi толық және дәл жазып отыруы тиiс және қолда бар барлық материалдық құндылықтарға (құрал-жабдық, мүлiк пен жабдықтаудың жұмсалмайтын заттары және материалдар) мерзiм сайын түгендеу жүргізуi тиiс. Әрiптес мекеме ESCAP-тың сұрауы бойынша және ол талап ететін нысанда құрал-жабдық және жабдықтау заттары жөнiнде ЕSСАР-қа есеп беруi тиiс.
6-бап
Меншiк құқығы
ESCAP берген немесе қаржыландырған кез келген жабдықтау заттарына, құрал-жабдықтарға және басқа да меншiк құқығы жоғарыда аталған 5-бапқа, 2-параграфқа сәйкес ЕSСАР-қа тиiстi болуы керек.
7-бап
Қаржылық және пайдаланымдық рәсiмдер
1. ESCAP әрiптес мекемеге Жобаның Техникалық тапсырмасына/Жұмыс жоспарына және Бюджетiне (1-қосымша) сәйкес қаржы бөлуi және ұсынуы тиiс. Алғашқы жарна серiктес мекемеге Келiсiм-Хатқа қол қойылғаннан соң аванс түрiнде берiлуi мүмкiн. Кейiнгі төлемдер дұрыс басқаруын және ESCAP ұсынатын қаражаттарды пайдалануын дәлелдейтiн құжаттаманы ұсынғаннан және мақұлдағаннан соң берiлетiн болады.
2. Әрiптес мекеме ESCAP ұсынатын қорларды Жобаның Техникалық тапсырмасына/Жұмыс жоспарына және Бюджетiне (1-қосымша) сәйкес қатаң түрде пайдалануға келiседi. Әрiптес мекеменiң ESCAP бөлген толық бюджет рұқсат етiлген мөлшерiнен аспайтын жағдайда, Жоба Бюджетiнiң кез келген тармағы бойынша 10 (он) с/о-дан аспайтын өзгерiстер енгiзуге құқығы бар. Әрiптес мекеме жоғарыда 4-параграф, 3-бапта айтылған кезең сайын консультациялар өткiзу жағдайында күтiлетiн кез келген өзгерiстер туралы ESCAP-ты хабардар етуi тиiс. Кез келген тармақ бойынша 10 (он) с/о-дан асатын, жобаны дұрыс және тиiмдi iске асыру үшiн қажеттi кез келген өзгерiстер ESCAP-тың алдын ала талқылауына және мақұлдауына жатуы тиiс.
3. Әрiптес мекеме Жобаның Техникалық тапсырмасында/Жұмыс жоспарында және Бюджетiнде (1-қосымша) көзделгендей, персоналды, құрал-жабдық және басқа да қызмет көрсетулер ұсынады.
4. Әрiптес мекеме Келiсiм-Хат бұзылғаннан кейiн немесе Жоба аяқталғаннан соң ESCAP-тың ұсынған кез келген жұмсалмаған қаражатын бiр айдың iшiнде қайтаруға келiседi. Қызмет аяқталғаннан соң кез келген жұмсалмаған немесе салынбаған қорлар Келiсiм-Хатқа сәйкес не Келiсiм-Хатты бұзудың салдарынан Қорытынды есептi ұсынғаннан кейiн бiр ай өткеннен соң берiлген сол валюта бағамымен ЕSСАР-қа қайтарылатын болады.
5. ESCAP Жобаның Техникалық тапсырмасында/Жұмыс жоспарында және Бюджетiнде (1-қосымша) көзделмеген, алдын ала жазбаша келiсiмi толық сипатталмаған қызмет көрсетулер үшiн шығындарды, ақшалай жарналарды, қосымша төлемдердi немесе кез келген басқа да қаржылық шығыстарды төлеуге жауап бередi.
8-бап
Құжаттарды жүргізу
1. Әрiптес мекеме шығыстармен байланысты өзiне жүктелген кез келген мiндеттеменiң Жобаның Техникалық тапсырмасындағы/Жұмыс жоспарындағы және Бюджеттегі (1-қосымша) талаптарға сәйкес жүргізiлгендiгiне кепiлдiк бере отырып, ESCAP бөлген қаражаттан жұмсалған барлық шығыстарға қатысты есептiк құжаттаманы дұрыс жүргiзуi тиiс. Әрбiр төленген сома iс жүргiзуге қатысы бар ақшалай түсiмдердiң фактура-шотының түпнұсқасын қамтитын тиiстi құжатпен бiрге берiлуi тиiс. Келiсiмге сәйкес ESCAP ұсынған қордан түскен кез келген кiрiстi, ESCAP бөлген немесе жобаны iске асырудың нәтижесiнен түскен қаражатқа сатып алынған құрал-жабдықтарды немесе кез келген басқа да заттарды пайдалану, сату салдарын ESCAP тез арада айқындайтын болады. Мұндай кiрiс Жобаның Техникалық тапсырмасындай/Жұмыс жоспарында және Бюджетте (1-қосымша) қайта қаралғандығы көрсетiлуi және егер тараптар арасында басқа уағдаластыққа қол жеткiзiлмесе, ESCAP-тың жинақталған кiрiсi ретiнде тiркелуi тиiс.
2. Жоба аяқталғаннан немесе Келiсiм-Хат күшiн жойғаннан соң әрiптес мекеме, егер тараптар арасында басқа уағдаластыққа қол жеткiзiлмесе, ең кемiнде үш жыл бойы есептiк құжаттаманы жүргiзуi тиiс.
9-бап
Есептiлiк және аудитке қойылатын талаптар
1. Әрiптес мекеме тараптар арасындағы уағдаластықтың негiзiнде жұмыстардың орындалуы туралы ЕSСАР-қа есеп беруi тиiс.
2. Жобаның аяқталуы немесе осы Келiсiм күшiн жояр алдындағы бiр айдың iшiнде әрiптес мекеме жобаның нәтижелерi туралы қорытынды есептi және Келiсiмге сәйкес берiлген қаржыландыруды, қызмет көрсетулер мен құрал-жабдықты пайдалану жөнiндегі тиiстi түрде ресми расталған қорытынды қаржылық есептi ЕSСАР-қа ұсынуы тиiс. Жасалған шығыстар Жобаның Бюджетiне сәйкес сипатталуы тиiс.
3. ЕSСАР-тың өз есебiнен жобаны iске асыруға қатысты БҰҰ-ның есептiлiктi бақылау жөнiндегi мекемесi немесе тексеру жөнiндегі комиссиясы қараған және көбейтiлген құжаттарды алуға құқығы бар.
10-бап
Талап-қуынымға жауапкершілiк
1. Әрiптес мекеме оған қарсы оның Персоналы қозғаған қуыным туралы мәселеге жауап беруi және оны қарауы тиiс.
2. Жоғарыда аталған 1 және 2-параграфтарға сәйкес әрiптес мекеме азаматтық құқық бұзушылықтан туындайтын кез келген қуынымға немесе жобаның келiсiмi бойынша әрiптес мекеменiң iс-әрекеттерi салдарынан немесе қателiктерiнен туындайтын деликттық қуыным келген материалдық зиян үшiн белгiлi бiр жауапқа тартылуы тиiс. Әрiптес мекеме қажет болған жағдайда сақтандырудың осындай түрiмен қамтамасыз етуi тиiс.
11-бап
Келiсiм-Хаттың күшiн жою
1. Кез келген тараптың кедергiлердi жою мақсатында жүргiзiлген консультациялардың сәтсiз жүргiзiлуi жағдайында жобаның мақсаттарына қол жеткiзуге қауiп төндiруi мүмкiн осы шарттың мiндеттемелерiн орындауға жағдайы келмейтiндiгi, ниет бiлдiрмейтiндiгi немесе қиынсынатындығы туралы екiншi тарапқа жазбаша хабарлағаннан соң 30 (отыз) күн iшiнде осы Келiсiм-Хаттың күшiн жоюға құқығы болуы тиiс.
2. Хабарламаны алғаннан соң 1-параграфқа сәйкес тараптар шығынды және кейiннен шеккен залалды барынша азайту мақсатында келiсiмде көзделген және Жобаның Техникалық тапсырмасында/Жұмыс жоспарында және Бюджетте (1-қосымша) айтылған қызметтi тоқтату жөнiнде дереу және дұрыс түрде шаралар қабылдауы тиiс. Сол сәттен бастап ESCAP серiктес мекеменi қаржыландырмайтын болады. Әрiптес мекеме бұдан былай өзiне мiндеттеме алмауы тиiс және егер басқа уағдаластыққа қол жеткiзiлмесе, бiр айдың iшiнде ESCAP берген барлық жұмсалмаған қаражатты, құрал-жабдық пен басқа да мүлiктi ЕSСАР-қа қайтаруы тиiс.
12-бап
Форс-мажор
1. Осы шарттың мақсаты "форс-мажор" табиғаттың, соғыстың (жарияланған немесе жарияланбаған), шапқыншылық, революция, көтерiлiстер, не басқа да сондай күштер мен әрекеттердiң құбылыстарын бiлдiредi.
2. Форс-мажор жағдайлар пайда болған кезде және туындағаннан соң дереу жоғарыда 1-параграфта көрсетiлгендей, сол тарап (тараптар) болған оқиға туралы және егер мүмкiн болса, жазбаша нысанда сол оқиғаны толығымен, егер зардап шеккен тарап (тараптар) келiсiмге сәйкес өз мiндеттемелерiн немесе талаптарын толығымен немесе iшiнара орындай алмайды деп танылса, екiншi тарапты (бip-бiрiн) хабардар етедi. Тараптар, бiр тарап екiншi тарапқа (бip-бiрiне) ең кемiнде 7 күн мерзiммен хабарлама бере отырып, жоғарыда көрсетiлген 11-бапқа сәйкес жобаны уақытша тоқтатуға немесе келiсiмнiң күшiн жоюға әкелетiн тиiстi iс-қимыл қабылдау жөнiнде кеңесуi тиiс.
3. Егер осы Келiсiм-Хат форс-мажор жағдайларының негiзiнде күшiн жоятын болса 2-параграф 11-бабының талаптарына жүгіну қажет.
13-бап
Төрелiк сот
Осы Келiсiм-Хат туындайтын, келiсiмдi бұзу және күшiн жоюды қамтитын, достық рәуiште тiкелей келiссөздер жүргізу жолымен жойылмаған кез келген даулар, келiспеушiлiктер мен қуынымдар Халықаралық сауда құқығы жөнiндегі БҰҰ комиссиясының (UNCITRAL) төрелiк ережелерiне сәйкес төрелiкке жатады. Тараптар кез келген даулар, келiспеушiлiктер мен қуынымдар бойынша төрелiктiң шешiмiне сәйкес iс-әрекет етуге мiндеттi болады.
14-бап
Артықшылықтар және босатулар
Осы Келiсiм-Хатта ешбiр нәрсе БҰҰ мен ESCAP-тың артықшылықтары мен жеңiлдiктерiнен бас тарту, қарсылық бiлдiру немесе болжау ретiнде қаралмауы тиiс.
15-бап
Түзетулер мен тапсырмалар
Егер жобаны iске асыру барысында құрылтайшы-әрiптес және/немесе ESCAP мақсаттарға қол жеткiзу үшiн Жобаны ұзарту қажет деп сенiм бiлдiрсе, онда олар Жоба мерзiмiнiң аяқталуының жаңа күнiн талқылауды жүргiзу ниетiмен бiр-бiрiне дереу хабарлауы тиiс. Аяқталу күнiн келiскен соң осы түзету күшiне енедi.
16-бап
Ескертулер
Кез келген тараптың Келiсiм-Хат бойынша шығарған кез келген ескертуi жазбаша түрде ресiмделген болуы тиiс, оны екiншi тарап алғаннан соң күшi бар деп есептеледi және жеке курьер арқылы салып жiберудiң құны алдын ала төленген бiрiншi сыныпты почта, факсимильдi байланыс арқылы немесе Келiсiм-Хаттың талаптарына сәйкес электрондық почта арқылы жiберiлуi тиiс.