Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. 2004 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Yкiметiнің резервiнен Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына сайлау учаскелерi үшiн арнайы жабдықтар сатып алуға 98000000 (тоқсан сегiз миллион) теңге бөлiнсiн.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Pecпубликасының
Премьер-Министрі