Қазақстан Республикасы Yкiметінің резервiнен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 22 маусымдағы N 689 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. 2004 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Yкiметiнің резервiнен Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына сайлау учаскелерi үшiн арнайы жабдықтар сатып алуға 98000000 (тоқсан сегiз миллион) теңге бөлiнсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Pecпубликасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады