Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күші бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Энергетика және көмір өнеркәсібі министрлігінің Энергетикадағы сыртқы экономикалық қызметтің республикалық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны таратылсын.
2. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі