Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 22 қыркүйектегі N 903 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасының Кеден-тариф саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысуы мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 1 қарашадағы N 1388 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 38, 489-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Кеден-тариф саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысуы мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Iзмұхамбетов - Қазақстан Республикасының Энергетика
Бақтықожа Салахатдинұлы және минералдық ресурстар бiрiншi
вице-министрi
Рябченко - Қазақстан Республикасының Ақпарат
Олег Григорьевич бiрiншi вице-министрi
Өзбеков - Қазақстан Республикасының Қаржы
Ғани Нұрмаханбетұлы вице-министрi
Ашитов - Қазақстан Республикасының Еңбек
Батыржан Зайырқанұлы және халықты әлеуметтiк қорғау
вице-министрi
Әбдiқадырова - Қазақстан Республикасының Бiлiм
Айман Нұрқасымқызы және ғылым вице-министрi
Ысқақов - Қазақстан Республикасының Қоршаған
Нұрлан Әбдiлдаұлы ортаны қорғау вице-министрi
Стамқұлов - Қазақстан Республикасының Әдiлет
Ұбайдолла Мырзағалиұлы вице-министрi
Досмұқаметов - Қазақстан Республикасының Қаржы
Қанат Мұхаметкәрiмұлы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу
және қадағалау жөнiндегi агенттiгi
төрағасының орынбасары
(келiсiм бойынша)
Тортаев - Қазақстан Республикасының Статистика
Бауыржан Қадырұлы жөнiндегi агенттiгi төрағасының
орынбасары
Айманбетова - Қазақстан Республикасының Ұлттық
Гүлбану Зарлыққызы Банкi төрағасының орынбасары
(келiсiм бойынша);
мынадай:
"Айтжанова - Қазақстан Республикасының Индустрия
Жанар Сейдахметқызы және сауда вице-министрi"
"Белоног - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Анатолий Александрович сақтау бiрiншi вице-министрi -
Қазақстан Республикасының Бас
мемлекеттiк санитарлық дәрiгерi";
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"Айтжанова - Қазақстан Республикасының Индустрия
Жанар Сейдахметқызы және сауда вице-министрi, хатшы"
"Белоног - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Анатолий Александрович сақтау вице-министрi - Қазақстан
Республикасының Бас мемлекеттiк
санитарлық дәрiгерi";
аталған комиссияның құрамынан: Асанов Жақып Қажыманұлы, Марченко Григорий Александрович, Әшiмов Нұрғали Сәдуақасұлы, Рахметов Нұрлан Құсайынұлы, Жолдасбаев Сансызбай Елеусiзұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi