Қазақстан Республикасының Кеден-тариф саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысуы мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясын құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 1 қарашадағы N 1388 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 22 қыркүйектегі N 903 Қаулысымен

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 22 қыркүйектегі N 903 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысуы шеңберiнде кеден-тариф саясатын жетiлдiру және ықпалдастық процестердi дамыту мақсаттарында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Кеден-тариф саясаты және
халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысуы мәселелерi жөнiндегі ведомствоаралық комиссиясы (бұдан әрi - Ведомствоаралық комиссия) құрылсын.
     2. Қоса берiлiп отырған:
     1) Ведомствоаралық комиссияның құрамы;
     2) Ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекiтiлсiн.
     3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
     4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің       
2001 жылғы 1 қарашадағы           
N 1388 қаулысымен              
бекітілген                  

Қазақстан Республикасының Кеден-тариф саясаты және
Халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысуы
мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясының
ҚҰРАМЫ

Мыңбаев                    - Қазақстан Республикасы
Сауат Мұхаметбайұлы          Премьер-Министрiнiң орынбасары -
                             Қазақстан Республикасының Индустрия
                             және сауда министрі, төраға

Әйтекенов                  - Қазақстан Республикасының
Қайрат Медiбайұлы            Экономика және бюджеттік
                             жоспарлау вице-министрi,
                             төрағаның орынбасары

                Комиссия мүшелері:

Мусина                     - Қазақстан Республикасының
Лилия Сәкенқызы              Ауыл шаруашылығы вице-министрi

Сахипова                   - Қазақстан Республикасының Әдiлет
Нұрғайша                     министрлiгі Санаткерлiк меншiк
                             құқықтары жөнiндегі комитетiнiң
                             төрайымы

Өтебаев                    - Қазақстан Республикасы
Мүсiрәлi Смайылұлы           Парламентiнiң Сенаты Экономика,
                             қаржы және бюджет жөнiндегi
                             комитетiнiң төрағасы (келiсiм бойынша)

Айтжанова                  - Қазақстан Республикасының Индустрия
Жанар Сейдахметқызы          және сауда вице-министрi, хатшы

Белоног                    - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Анатолий Александрович       сақтау вице-министрi - Қазақстан
                             Республикасының Бас мемлекеттiк
                             санитарлық дәрiгерi

Лавриненко                 - Қазақстан Республикасының
Юрий Иванович                Көлiк және коммуникациялар бiрiншi
                             вице-министрi

Оразалинов                 - Қазақстан Республикасының
Дулат Сұлтанұлы              Ақпараттандыру және байланыс
                             жөнiндегi агенттiгi төрағасының
                             орынбасары

Iзмұхамбетов                - Қазақстан Республикасының Энергетика
Бақтықожа Салахатдинұлы       және минералдық ресурстар бiрiншi
                              вице-министрi

Өзбеков                     - Қазақстан Республикасының Қаржы
Ғани Нұрмаханбетұлы           вице-министрi

Ашитов                      - Қазақстан Республикасының Еңбек
Батыржан Зайырқанұлы          және халықты әлеуметтiк қорғау
                              вице-министрi

Досмұқаметов                - Қазақстан Республикасының Қаржы
Қанат Мұхаметкәрiмұлы         рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу
                              және қадағалау жөнiндегi агенттiгi
                              төрағасының орынбасары
                              (келiсiм бойынша)

Тортаев                     - Қазақстан Республикасының Статистика
Бауыржан Қадырұлы             жөнiндегi агенттiгi төрағасының
                              орынбасары

Айманбетова                 - Қазақстан Республикасының Ұлттық
Гүлбану Зарлыққызы            Банкi төрағасының орынбасары
                              (келiсiм бойынша)

Сағадиев                    - Қазақстан Республикасы
Кенжеғали Әбенұлы             Парламентiнiң Мәжiлiсi Қаржы
                              және бюджет комитетiнiң
                              төрағасы (келiсiм бойынша)

Жоламан                     - Қазақстан Республикасының
Рүстем Қабидоллаұлы           Мәдениет, ақпарат және спорт
                              бiрiншi вице-министрi

Гамарник                    - Қазақстан Республикасының
Геннадий Николаевич           Бiлiм және ғылым бiрiншi вице-
                              министрi

Шпекбаев                    - Қазақстан Республикасының Iшкi
Алик Жатқамбайұлы             iстер вице-министрi

Абайдiлдін                  - Қазақстан Республикасының
Талғатбек Жәмшитұлы           Қоршаған ортаны қорғау вице-
                              министрi

Бекбосынов                  - Қазақстан Республикасының
Сабыржан Мәдиұлы              Әдiлет вице-министрi

Жошыбаев                    - Қазақстан Республикасы Сыртқы
Рәпiл Сейiтханұлы             iстер министрiнің орынбасары

Алдабергенов                - Қазақстан Республикасы
Нұрлан Шәдiбекұлы             Табиғи монополияларды реттеу
                              агенттігі төрағасының бiрiншi
                              орынбасары

Мәмбетәлин                  - Қазақстан Республикасы Қаржы
Әлихан Есенғосұлы             министрлігінің Кедендiк бақылау
                              комитетi төрағасының орынбасары                 
       Ескерту. Құрамға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.04.23. N 462 , 2002.10.11. N 1115 , 2003.06.02. N 506 , 2003.11.10. N 1120 , 2004.07.02. N 733 , 2005.06.13. N 585 қаулыларымен .

Қазақстан Республикасы        
Yкiметiнiң               
2001 жылғы 1 қарашадағы        
N 1388 қаулысымен           
бекiтiлген               

Қазақстан Республикасының Кеден-тариф саясаты және
халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысуы
мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясы туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Кеден-тариф саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысуы мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясы (бұдан әрi - Комиссия) Қазақстан Республикасының Yкiметi жанындағы консультативтiк-кеңесші орган болып табылады.
      2. Комиссияның мақсаты кеден баждарының қолданыстағы ставкаларының мөлшерiн белгiлеу, күшiн жою немесе өзгерту жөнiндегi
ұсыныстарды қоса алғанда, кеден-тариф саясаты және Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық ұйымдар алдындағы мiндеттемелерiн орындау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу, сондай-ақ олардың халықаралық экономикалық ұйымдардың қағидаттары мен ережелерiне сәйкестiгін қамтамасыз ету мақсатымен Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық байланыстар тетiгіне және Қазақстан Республикасының заңнамасына қажетті өзгерiстер мен нақтылаулар енгiзу туралы iс-шаралар әзiрлеу және ұсыныстар дайындау болып табылады.
      3. Комиссияның негiзгi мiндеттерi:
      республиканың экономикалық мүдделерiн негізге ала отырып және Еркiн сауда аймағын құру туралы 1994 жылғы 15 сәуiрдегі келiсiм, Кеден одағы және Бiртұтас экономикалық кеңiстiк туралы 1999 жылғы 26 ақпандағы шарт , Еуразия экономикалық қоғамдастығын (бұдан әрi - ЕурАзЭҚ) құру туралы 2000 жылғы 10 қазандағы шарт , Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң 2002 жылғы 31 желтоқсанға дейiнгi кезеңге арналған Экономикалық саясат меморандумы шеңберiнде Қазақстанның қабылдаған халықаралық мiндеттемелерi ескерiле отырып, Қазақстан Республикасының кеден-тариф саясатының негiзгi бағыттарын қалыптастыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
      Қазақстан Республикасының кеден тарифтерi жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiнде iс-шаралар әзiрлеу және ұсыныстар дайындау;
      ЕурАзЭҚ шеңберiнде екi жақты және көп жақты келiссөздерде кеден-тариф мәселелерi жөнiнде Қазақстанның келiсiлген ұстанымын дайындау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
      Қазақстанның Дүниежүзiлiк сауда ұйымына (бұдан әрi - ДСҰ), сондай-ақ оның екi жақты және көп жақты сауда келiссөздерi барысында жасалатын жекелеген келiсiмдерге қосылуының шарттары мен кезеңдерiн қоса алғанда, экономикалық саясаттың нақты мәселелерi бойынша ДСҰ-ға кiру процесiнде Қазақстанның келiссөз ұстанымы жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
      кеден-тариф саясаты мәселелерi бойынша мүдделi мемлекеттiк органдарды халықаралық экономикалық ұйымдар қызметiнiң негiзгі бағыттары, симпозиумдар, конференциялар ұйымдастыру және өткiзу, жарияланымдар дайындау және ықпалдастық процестерiн дамыту бойынша ақпаратпен қамтамасыз ету жөнiнде ұсыныстар дайындау;
      ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттермен өзара сауда шарттарын реттеу, ЕурАзЭҚ шеңберiндегі ұлттық заңнаманы үйлесiмдi ету мәселелерi бойынша ЕурАзЭҚ органдарының шарттары мен шешiмдерiнiң жобаларын келiсу жөнiнде ұсыныстар енгізу болып табылады.
      4. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Yкiметiнiң актілерiн және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiн, халықаралық шарттарын, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.

2. Құқықтары

     5. Комиссия өзiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру кезiнде өз құзыретi шеңберінде:
      белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне республиканың кеден-тариф саясаты және оның халықаралық ұйымдарға қатысуы жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
      заңнамамен белгiленген тәртiппен министрлiктерден, ведомстволардан, кәсiпорындардан және ұйымдардан Комиссияның құзыретiне кiретiн ақпаратты сұратуға және алуға;
      Қазақстанның халықаралық ұйымдар қызметiне қатысуымен байланысты мәселелердi шешу жөнiндегi проблемаларды талдауға және ұсыныстар әзiрлеуге ғылыми мекемелердi, сондай-ақ отандық және шетелдiк сарапшыларды тартуға құқылы.

3. Қызметiн ұйымдастыру

      6. Комиссияның органдары: Комиссияның жұмыс органы, Комиссия төрағасы, Комиссия төрағасының орынбасары, Комиссия хатшысы болып табылады.
      7. Комиссияға төраға басшылық жасайды, ол Комиссия жұмысына жетекшiлiк етедi, мәжiлiстерiнде төрағалық етедi, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешiмдерiнiң iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және Комиссия жүзеге асыратын қызметке жауапкершілік алады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын Комиссия төрағасының орынбасары атқарады.
      8. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады. Комиссия құрамы Қазақстан Республикасы Yкiметінің қаулысымен бекiтiледi.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.10.11. N 1115 қаулысымен.
        9. Комиссия хатшысы Комиссия отырыстарының күн тәртiбi бойынша ұсыныстар, қажеттi құжаттар, материалдар дайындайды және отырыстар өткiзiлгеннен кейiн хаттамаларды ресiмдейдi.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2005.06.13. N 585 қаулысымен .
       10. Комиссия мәжілістерi қажеттiлігіне қарай, бiрақ кемiнде тоқсанына бiр рет өткiзiледi.
      11. Комиссия төрағасы Комиссияның қарауына ұсынылған материалдардың негiзiнде Комиссияның жоспардан тыс мәжiлiстерiн шақырады.
      12. Егер Комиссия мәжiлiсiне оның мүшелерінің жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысса, ол заңды болып саналады. Комиссия мүшелерi мәжiлiстерге алмастыру құқығынсыз қатысады.
      13. Комиссия мәжiлiстерi ашық болып табылады. Төрағаның шешiмi бойынша жабық мәжiлiстер өткiзiлуi мүмкiн.
      14. Комиссия шешiмдерi ашық дауыспен қабылданады және оған Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшілiк дауысы берiлсе, қабылданған болып саналады және хаттамамен ресiмделедi. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасы дауыс берген шешiм қабылданған болып саналады.
      Комиссия мүшелерінің ерекше пікір білдіру құқығы бар, ол білдірген жағдайда, жазбаша түрде берілуі және хаттамаға тіркелуі тиіс.
      15. Комиссия төрағасы Комиссия мүшелерімен келісім бойынша мәжілістердің күн тәртібін, сондай-ақ олардың өткізілетін орнын және уақытын айқындайды және нақтылайды.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң      
2001 жылғы 1 қарашадағы            
N 1388 қаулысына               
қосымша                    

Қазақстан Республикасы Yкiметінiң
күшiн жойған кейбiр шешiмдерiнiң
ТIЗБЕСI

      1. "Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кiруi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 19 ақпандағы N 211 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., N 8, 58-құжат).
      2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 19 ақпандағы N 211 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 16 қыркүйектегi N 910 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 33, 296-құжат).
      3. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 19 ақпандағы N 211 қаулысына толықтыру мен өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 22 сәуiрдегi N 453 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 14, 138-құжат).
      4. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 19 ақпандағы N 211 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 29 желтоқсандағы N 2015 қаулысы .
      5. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 19 ақпандағы N 211 қаулысына өзгерiстер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 13 қаңтардағы N 35 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 1-2, 10-құжат).
      6. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 19 ақпандағы N 211 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 сәуiрдегi N 520 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., N 14, 183-құжат).
     7. "Кеден одағы негiзiнде Халықаралық экономикалық ұйым қалыптастыру жөнiндегi жарғылық құжаттардың жобаларына ұсыныстар дайындау үшiн жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2000 жылғы 26 шiлдедегi N 106 өкiмi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады