Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.03.25 № 272 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Кедендiк баждар мен салықтар төлеуден толық босатыла отырып, уақытша әкелiнетін және кедендік баждар төлеуден толық босатыла отырып, уақытша әкетiлетiн тауарлардың тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 8 шiлдедегi N 668 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 28, 276-құжат) мынадай толықтыру енгiзілсiн:
көрсетілген қаулымен бекiтiлген Кедендiк баждар мен салықтар төлеуден толық босатыла отырып, уақытша әкелiнетiн және кедендік баждар төлеуден толық босатыла отырып, уақытша әкетілетiн тауарлардың тiзбесi:
мынадай мазмұндағы 21-тармақпен толықтырылсын:
"21. Азаматтық авиацияны мемлекеттiк реттеу саласындағы уәкiлеттi орган пайдалануға құқық берген авиабағыттар бойынша ұшуға арналған азаматтық әуе кемелері".
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi