Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 8 шiлдедегi N 668 қаулысына толықтыру енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 7 шілдедегі N 742 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 наурыздағы № 272 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.03.25 № 272 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Кедендiк баждар мен салықтар төлеуден толық босатыла отырып, уақытша әкелiнетін және кедендік баждар төлеуден толық босатыла отырып, уақытша әкетiлетiн тауарлардың тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 8 шiлдедегi N 668  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 28, 276-құжат) мынадай толықтыру енгiзілсiн:
      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Кедендiк баждар мен салықтар төлеуден толық босатыла отырып, уақытша әкелiнетiн және кедендік баждар төлеуден толық босатыла отырып, уақытша әкетілетiн тауарлардың тiзбесi:
      мынадай мазмұндағы 21-тармақпен толықтырылсын:
      "21. Азаматтық авиацияны мемлекеттiк реттеу саласындағы уәкiлеттi орган пайдалануға құқық берген авиабағыттар бойынша ұшуға арналған азаматтық әуе кемелері".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады