Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарын жасақтау үшiн мамандар даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгінiң Шет ел тiлдерi әскери институты" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - Мекеме) құрылсын.
2. Мыналар Мекеме қызметiнiң негiзгi түрлерi болып белгiленсiн:
1) арнайы әскери жоғары бiлiмi бар офицер кадрларын даярлау;
2) офицерлер құрамын қайта даярлау және жетiлдiру.
3. Мекеменi қаржыландыру 2005 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiн ұстауға республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүргiзiлсiн.
4. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) үш ай мерзiмде Мекеме туралы ереженi әзiрлесiн және Қазақстан Республикасының Yкiметiне бекiтуге енгiзсiн;
2) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 10 наурыздағы N 298-11 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң әскери оқу орындары мен әскери-ғылыми мекемелерiне арналған штаттық саны лимитiнiң шегiнде Мекеменiң тұрақты және ауыспалы құрамының құрылымы мен штат санының лимитiн бекiтсiн;
3) офицер кадрларды даярлау үшiн қажеттi оқу, материалдық және техникалық база құрсын;
4) Мекеменi оқу қару-жарақпен, техникамен және өзге де әскери-техникалық мүлiкпен қамтамасыз етсiн;
5) Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiмен бiрлесiп, оқу жоспарларын және оқыту бағдарламаларын әзiрлесiн және бекiтсiн;
6) Мекемедегi оқу процесiн 2005/2006 оқу жылынан бастап ұйымдастырсын;
7) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.06.2014 № 707 қаулысымен.
6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі