Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 130-бабына , Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі Қарағанды шаруашылығы" мемлекеттік мекемесінің орман қорының жерлерінен ауданы 3,74 га жер учаскесі (соның ішінде 0,9 га - орман алаптары, 2,84 га - жайылымдық жер) өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жерлер санатына ауыстырылсын.
2. Қарағанды облысының әкімі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскесінің "Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитетінің Қарағанды облыстық автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне М-36 "РФ шекарасы (Екатеринбургке) - Қостанай, Астана, Қарағанды қалалары арқылы Алматы" республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолының 1458 км (Пришахтинск көлік айырымын қайта жаңарту) қалпына келтіруге тұрақты жер пайдалануға берілуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі